| Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер: қол, аяқ, адамның дене мүшелері Пәнге тән лексика мен терминология: қол, аяқ, саусақтар, бармақ, бас, шаш, көз және т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Иық, саусақтар, білезік, білек, шынтақ, сан, тізе, жіліншік, башпайлар, табан. Қол – иық белдеуі, аяқ – жамбас белдеуі. Талқылауға арналған сұрақтар: Біздің ұқсастығымыз неде? Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай?   Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыңдар? Неліктен? | 
  | Сабақтың басы: 
 
 | Ширату жаттығулары «Мұқият тыңда және орында!» Оқушылар ортаға шығып, мұғалімнің тапсырмаларын қимылмен орындайды. Сұрақ: Осы іс-әрекеттерді орындауға саған денеңнің қай мүшелері көмектесті? Жауап: бас, қол, аяқ, дене, мойын   «Допты қағып ал» әдісі. - Тірі табиғатқа мысал келтіріңдер? - Жануарларлардың қандай түрлері болады? - Адамдар жануарлардан не алады? - Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылығы неде? -Жануарлар не себепті тірі ағзаларға жатады? - Бүгінгі сабағымыз не жайында болады деп ойлайсыңдар? - Адамдар туралы не айта аласыңдар? - Адамның өсіп-жетілуі үшін не қажет? Топқа бөлу:   Спорттық суреттерге байланысты топтастыру.  Футбол;  Баскетбол;Теннис. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады.   | 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Доп 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Футбол¸ баскетбол¸ тенниске байланысты суреттер | 
  | Сабақтың ортасы: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 |  «Көркем еңбек» сабағында өткен «сұлба» терминін еске түсіру. Сұлба – ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Ұжымдық жұмыс.  «Іс-әрекетті анықта!» ойыны. 
 
 Дұрыс жауабы: Негеш – доп ойнап жүр, бокспен шұғылданады. Эврика – билейді, саңырауқұлақ теріп жүр. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындауда бас, дене, қол, аяқ дене мүшелерінің қатысы бар. 
 Қалыптастырушы бағалау: ауызша жүргізіледі. Негеш пен Эвриканың іс-әрекеттерін қайталату. 
 1-тапсырма.   Слайд арқылы қол және аяқ бөліктері көрсетіледі.  
          
 иық шынтақ саусақтар жіліншік сан білек табан тізе 
 Жұптық жұмыс.  «Сәйкестендіру» әдісі. Қол және аяқ бөліктерін сәйкестендіру. Дескриптор:  Қол бөліктерін атайды, сәйкестендіреді.Аяқ бөліктерін атайды, сәйкестендіреді.Қол және аяқ мүшелерінің қызметін анықтайды. 
 Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» 1 рет шапалақ ұрса: қол және аяқ бөліктерін білдім. 2 рет шапалақ ұрса: қол және аяқ бөліктерін, қызметін білдім, түсіндім. 3 рет шапалақ ұрса: түсінбедім. 2-тапсырма.   Топтық тапсырма. «Зерттейік» «Зерттеу» әдісі.   (саралау тапсырмалары) Адамның қандай дене мүшелері бар? Қабілетті оқушыға саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы тапсырманы күрделендіремін. Дескриптор:  Қуыршақтың дене кескінін параққа сызады.Дайын болған сұлбаның жанына дене мүшелері жазылған сөздерді жабыстырады.Сұлбаларды тақтаға іліп, оларды салыстырады.Дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін анықтайды.  Зерттеу арқылы дене мүшелерінің маңыздылығын түсінеді, дәлелдейді.   Қалыптастырушы бағалау: «Баспалдақ» әдісі. Оқушылар өздерінің есімдерін стикерге жазып, баспалдақтарға орналастырады. 1-ші баспалдақ – «Білдім» 2-ші баспалдақ – «Білдім және түсіндім» 3-ші баспалдақ – «Білдім, түсіндім және дәлелдей аламын» 
 3-тапсырма. Ұжымдық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі. Бейнежазба көрсету. Дескриптор:  Бейнежазбадан көргендерін әңгімелейді.Әрбір дене мүшесінің мағыздылығын түсіндіреді.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың да қоғамдағы өз орны бар екенін түсінеді.Өз ойын ашық айтады. 
 Сұрақ:  Біздің ұқсастығымыз неде?Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай?  Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыңдар? Неліктен? (оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі) Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Қорытынды: дене мүшелерінің барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келеді.   Кей-кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Қалыптастырушы бағалау: «Серпілген доп» Дене мүшелеріне байланысты іс-әрекеттерді атайды. Мысалы: бас- бұрылады, иіледі. Аяқ – секіреді, жүгіреді; Қол – ұстайды, жасайды; Мойын – бұрылады; Дене – иіледі, бұрылады.   
 Жеке жұмыс. «Ойлан, тап!» Дәптермен жұмыс. Дескриптор:  Адамның дене мүшелерін олардың атауымен біріктіреді.Суретке қарап, адамның неше дене мүшесі бар екендігін санмен жазады.Суретке қарап, кімнің сұлбасы екендігін анықтайды, бояйды. Қалыптастырушы бағалау: «Өзіңді тексер!» (тақтадағы дұрыс жауаптармен өзін-өзі тексереді) | 
 
 
 
 
 
 
 
 Оқулық (32 бет) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Слайд: қол және аяқ бөліктері туралы 
 
 
 
 
 
 Қол және аяқ бөліктерін сәйкестендіруге арналған үлестірмелі қағаздар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қуыршақ, парақ, маркер, желім, дене мүшелері жазылған сөздер, саралау тапсырмалары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Баспалдақтың суреті, стикерлер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Бейнежазба. (https://www.youtube.com/channel/UC1vGae2Q3oT5MkhhfW8lwjg) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Доп 
 
 
 
 
 
 
 
 Жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар 
 
 
 Дұрыс жауаптар парағы | 
  | 1-тапсырма.   Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі. 2-тапсырма.   Топтық жұмыс. «Зерттейік» «Зерттеу» әдісі. (саралау тапсырмалары) 3-тапсырма. Ұжымдық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі. 
 | Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» әдісі. 
 
 
 
 Қалыптастырушы бағалау: «Баспалдақ» әдісі. 
 
 
 
 
 Қалыптастырушы бағалау: «Серпілген доп» 
 
 
 Кері байланыс: «Алақан, жұдырық, үш саусақ» 
 | Сынып санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарының пайдалану ережесі. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.   
 |