kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамгершілік - асыл қасиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай Құнанбаев)

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік - асыл қасиет»

Баяндама: Адамгершілік – асыл қасиет

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай Құнанбаев)

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт - дәстүрін әдет - ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан жанұя тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Қай заманда, қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Рухани - адамгершілік тәрбие екі жақты процесс.

Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т. б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім - тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан - жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады.
Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай - ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің, мінез - құлық пен өзара қарым - қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық - экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан - жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды.
Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани - адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс - әрекетін анықтайды.

Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым - қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, қарым - қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Оқушы бойына кішіпейілдік, сыпайылық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де, түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткіздім.
Соның бірі «Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбындағы тәрбие сағатын ұсынғым келіп отыр.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген, отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі, оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Өзін ғана ойлаған - жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.

- Адамгершілік дегеніміз не?
1 оқушы: Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын.
2 оқушы: Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес, заманда, бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек. Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.
3 оқушы: Адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс - әрекеті, еңбек, татулық осының бәрі адамгершілікке жатады. Ар ұят жоқ жерде қылмыста, алдау, арбау, тонауда болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамгершілік - асыл қасиет

Автор: Туралиева Риза Маратовна

Дата: 06.10.2019

Номер свидетельства: 521789

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Адамгершілік – асыл  ?асиет "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "207076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430327668"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Адамгершілік асыл қасиет""
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik_asyl_k_asiiet_7"
    ["file_id"] => string(6) "432565"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508129674"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Адамгершілік асыл ?асиет" та?ырыбында?ы сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(59) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-tak-yrybyndag-y-synyp-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "329743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464011858"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Адамгершілік - асыл ?асиет" "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-3"
    ["file_id"] => string(6) "199018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428503406"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Адамгершілік асыл ?асиет 5"?" сыныбы"
    ["seo_title"] => string(33) "adamghiershilikasylkasiiet5synyby"
    ["file_id"] => string(6) "292429"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455277332"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства