kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамдар жануарлардан не алады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып, топтайды. Үй жануарларының қажеттілігін тәжірибе жүзінде түсіндіре алады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамдар жануарлардан не алады?»

Пән: Жаратылыстану Мектеп: Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы, № 5 гимназия

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Қонысбаева Валя

2- бөлім «Тірі табиғат»

О.б. Жануарлар

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы

Адамдар жануарлардан не алады?

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.2.2. жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.1.1.1. қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата алады.

Көптеген оқушылар: Үй жануарларынан қандай өнімдер алынатынын,олардың немен қоректенетінін және төлдерін айта алады.

Кейбір оқушылар: Үй жануарларының қажеттілігін тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

1 .Үй жануарлары және жабайы жануарларды ажыратып, топтайды.

2. Үй жануарларынан қандай өнімдер алынатынын сызба бойынша сәйкестендіреді.

3. Үй жануарларының қажеттілігін тәжірибе жүзінде түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Тері, жүн, сүт, жұмыртқа, ет, өнім, азық-түлік

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс орындауда ынтымақтастық, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру.

Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлуде көркем еңбекпен, дүниетану пәнімен ауылдағы үй жануарлары мен үйде ұстайтын жануарларды ажырату барысында байланысады.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жануарлардың түрлерін біледі.Үй жануарларын күту туралы біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

















«Иә-жоқ» ойыны

Алдыңғы білім бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бұл ойын арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, дұрыс шешім жасай білу дағдылары қалыптасады.

1.Үй жануарына баспана жасаймыз.

2.Жабайы жануарлар өз бетінше тіршілік ете алады.

3.Үй жануарлары өз азығын өзі табады.

4.Үй жануарларының төлдеріне адам қамқор болады.

Топқа бөлу:

«Мозаика» әдісі арқылы

ашық хатқа салынған қиылған суреттерді құрастырып топка бөлінеді.Құрастырған суреттердің атын атайды. Және сол топтың атына сай сыни ойлана тұрып, топқа бөлінеді.

І топ:«Үй жануарлары»


ІІтоп:«Жабайы жануарлар»

ІІІ топ: «Құстар»








Үй жануарларының,

жабайы жануарлардың,

құстардың суреттері

Сабақтың ортасы




















І. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту

Оқу мақсатына жету үшін «6 Неліктен» стратегиясын ұйымдастырамын.

1.Адамдар үй жануарларын неліктен асырайды? 2.Жануарлар неліктен өз өнімдерін адамға береді?

3.Мал өнімдері неліктен пайдалы?

4.Неліктен мал өнімдері деп аталады?

5.Неліктен «төрт түлік мал» деп атайды?

6.Жануарлардың терісін неліктен пайдаланады?

(Оқушы пікірі )

Оқушы «неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, өз пікірін жүйелі, жылдам айтуға дағдыланады .

Дескрипторлар:

1.Үй жануарларынан алынатын сүт өнімдерін біледі.

2.Төрт түліктен алынатын өнімді біледі.

3.Терісі мен жүнінен киім-кешек тігіледі деген қорытындыға келеді, «Есте сақта!» айдарын оқиды.

ҚБ. «Көңіл - күй» рефлексиясы

Оқушылардан алған әсерін смайликтің бейнесі арқылы көрсетуін сұраймын.




















Оқу мақсатына жету үшін зерттеушілік жұмыс ұйымдастырамын.

Зерттеуге қажетті заттар: жұмыртқа, тәрелке қалбыр пышақ алады.

Піскен жұмыртқаны тәрелкеге жарып, бақылайды.

-Қабықтың ішінде ақ үлбіршегі бар;

-Негізгі құрамы: ақуыз және сарыуыз;

-Сарыуыз-жұмыртқаның тағамдық құндылығы жағынан маңызды бөлігі;

-Балалар, сендер білесіңдер ме, балапан қайдан шығады? /Жұмыртқадан/

-Жұмыртқадан қандай тағамдар жасалады?

-Жұмыртқа дастарқанымызға қайдан келеді?

-Үй құсынан жұмыртқадан басқа не алынады? /Оқушылардың жауабын тыңдау/

Тапсырма арқылы оқушылар жұмыртқаның пайдалы өнім екенін пайымдайды.

Дескриптор:

1.Жұмыртқаның сыртқы қабықшасы ақ түсті және қатты екенін анықтайды.

2.Қабықтың ішінде ақ үлбіршегі бар;

Негізгі құрамы: ақуыз және сарыуыз;

3.Жұмыртқаны тағамға пайдаланатынын талдайды.

ҚБ. «Бас бармақ»




Жұмыртқа, тәрелке, қалбыр пышақ.














Сергіту сәті







Жай музыка ырғағымен қолдарын жоғары көтеріп «үйде», «орманда», «далада» қолдарын шапалақтап айтады.

Көлбең көлбең көлеңкем

Көлбең деген көлеңкем

Кім көрсетіп береді

Сүт беретін жануар

Қайда өмір сүреді?

Терісі мен мүйізі

Пайдасы бізге тиетін

Жануар қайда жүреді?


Жай әуен












Ж/Ж Интербелсенді тақтадан сәйкестендіреді

Жұмыс дәптері 15-жұмыс парағы. Жануардың тұратын мекенін, одан алынатын өнім түрін сәйкестендіреді.

Дескриптор:

1.Жануардың мекенін анықтайды

2 Одан алынатын өнімді сәйкестендіреді.

ҚБ Бағдаршам түстері арқылы өз-өздерін бағалау





Сабақтың соңы












Кері байланыс

Сабақты бекіту үшін «Галереяға саяхат» стратегиясын ұйымдастырамын.

Әр топ өздерінің атауларына тиісті атаулар мен өнімдердің суретін қабырғалардан іздеп, түртіп алуларын сұраймын.

Дескриптор:

  • Галереяға саяхат жүргізеді.

  • Топ өздеріне сәйкес атаулар мен өнім суреттерін таңдап алады.

  • Жануарлардан не алатындығын біледі.

ҚБ. «Қол шапалақ» әдісі.


Сүт, жүн, тері, жұмыртқа т.б сөздер.

Жануарлар мен құстар суреттері




«Мадақтау сэндвичі»

  1. Сіз бүгін қандай жаңа нәрсе білдіңіз?

  2. Сіз үшін не қызықты, пайдалы болды?

  3. Сіз басқаша қалай істер едіңіз?


Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдауды қажет ететін оқушылар:

  • Жануарлардан алынатын өнімдердің суретін бояйды.

  • Жабайы, үй жануарларын ажыратады

Орташа деңгейдегі оқушылар:.

  • Жануарларды өнімімен сәйкестендіреді.

  • Үй құстарынан алынатын өнімді анықтайды

Қабілеті жоғары оқушыларға:

  • Жануарларды зерттейді, бақылайды, салыстырады, шешім қабылдайды

  • Адам жануардан қандай өнім алатынын біледі.

  • сәйкес атаулар мен өнім суреттерін таңдап алады.



  1. «Көңіл - күй» рефлексиясы

  2. «Бас бармақ»

  3. Бағдаршам түстері арқылы өз-өздерін бағалау

  4. «Қол шапалақ» әдісі.

  5. «Мадақтау сэндвичі»


Жаз айларында сүт және сүт өнімдерін және жұмыртқаны сақтықпен қолдануға кеңес алады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Адамдар жануарлардан не алады?

Автор: Конисбаева Валя Ишановна

Дата: 17.11.2018

Номер свидетельства: 486131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Адамдар жануарлардан не алады?"
    ["seo_title"] => string(31) "adamdar_zhanuarlardan_nie_alady"
    ["file_id"] => string(6) "363895"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480431753"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Конспек урока на тему "Адамдар жануарлардан не алады?""
    ["seo_title"] => string(55) "konspiek_uroka_na_tiemu_adamdar_zhanuarlardan_nie_alady"
    ["file_id"] => string(6) "452039"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516731065"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Жаратылыстану пәнінен презентация "Адамдар жануарлардан не алады?"( 1-сынып)"
    ["seo_title"] => string(79) "zharatylystanu_p_ninien_priezientatsiia_adamdar_zhanuarlardan_nie_alady_1_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "350657"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1476929247"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Адамдар жануарлардан не алады" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(42) "adamdar_zhanuarlardan_ne_alady_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "483877"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1541519341"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Aдамдар жануарлардан не алады?"
    ["seo_title"] => string(33) "adamdar_zhanuarlardan_nie_alady_1"
    ["file_id"] => string(6) "432727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508174863"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства