Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру Қонақтармен сәлемдесу Үлкенге де біз, Кішіге де біз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Балалар , Адам деген қандай болуы керек? Оқушылар жауабы: 1) Жақсы адам 2) Ақылды адам 3) Еңбекқор адам 4) Адам әртүрлі болады. Ал, балалар жақсы адам деген қандай болуы керек? -Жаман адам деп кімді айтамыз? Осы тараудағы кімдерді жақсы адам деп , кімдерді жаман адам деп айта аламыз?
Тақтадағы түрлі-түсті қағазға жазылған әдепті сөздер арқылы топқа бөлінеміз. -Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін ашық сұрақтар қойылады.
Ғылым таппай мақтанба кімнің өлеңі? (А.Құнанбаевтың) Абай Құнанбаев кім? (Ұлы ақын, компазитор) Кәне ,бір шумағын қай топ жылдам айтып береді екен маған Постер құру (Олақ, салақ, жалқау, өтірікші) сөзеріне (Абайдың көзімнің қарсы өлеңіне) Тараудағы мақал-мәтелдерді еске түсіру үшін кәне бәріміз тақтаға қарайық. Осы жерде екі шындық, бір өтірік бар ма? -Неге ол өтірік деп ойлайсың? -Неге олай ойлайсың? -Неге бұл шындыққа жатады деп ойлайсыз?
Балалар , кәне бәріміз әдебиеттік оқу хрестаматиясын 92-бетін ашып«Әжемнің ақылы» мәнерлеп оқып өлеңдегі баланың арманын сендердің армандарыңмен салыстырып көрейік. Ө леңінің авторы кім? Балалар, бізде алда қандай мереке келе жатыр? (22-наурыз) Осы Ұлыстың ұлы күнінің басты тағамы қандай ? (Наурыз көже) Кәне, бәріміз наурыз көже дайындайық. Тақтаға қазан ілініп оқушылар тақтада жазылып тұрған наурыз көжеге керек заттарды қазанға салады
1 -Топ Өлең шығару «Көктем» 2-топ Сурет салу 3-топ Шығарма жазу 4-топ Өлең шығару Топтар бір-бірін бағалайды. Өз әсерлерін пікірлерін тарауды қалай түсінгендерін сипаттайды, өз сезімдерін білдіреді, түсініктері бойынша оны стикерлерге жазады |