Просмотр содержимого документа
«"Адам болам десе?із " »
Тақырыбы: Адам болам десеңіз. Абай
Мақсаты: Абай Құнанбаев жайлы білетіндерін толықтыра отырып, тілін, ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға , түсінгенін әңгімелеуге,ойын жеткізе білуге үйрету. Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әр оқушының мәтінді бөлімге бөліп, оны дәлелдеуін тыңдау.
2.Абайдың арманы не? Әбіштің алдына қойған мақсаты қандай еді?
ІІІ. Өткенді қорыту: Абайдың арманы саған қалай әсер береді?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:
1. Жаңа сабаққа даярлық
Кітаптағы №1 тапсырмамен жұмыс: Суретте нелер бейнеленген? Осы заттарды пайдаланып ребус құру. (аспан, ай, барыс - Абай сөзін құрастыру.)
Суреттер топтамасын пайдаланып, Абай туралы әңгімелеу.
2. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту.