Музыкалық әуен ойнап тұрады. | 1-слайд |
Мұғалім | Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыз Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына байланысты болмақ. | 2-слайд |
| Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Абай атамызға арналған Ертеңгілікті бастайық | 3-слайд |
Мұғалім | Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? | 4-слайд |
Хормен | Қуан! Шаттан! Алақай! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Бәріміз тату болайық. | |
Мұғалім | Балалар, сендер қазір үш топқа бөлінесіңдер. Абай атамыздың қара сөздері, өлеңдері, әндері болып бөлінеміз. | 5-слайд |
«Қара сөздер» тобы | Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкрегінде болсын көз. | 6-слайд |
«Әндер» тобы | Кұлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. | |
«Өлеңдер» тобы | Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. | |
Бекарыс 1-топ | Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік. | 7-слайд |
Оқушылар | Абай өлеңдерінің аттарын атаңдар? «Ғылым таппай, мақтанба!», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем», «Әсемпаз болма, әрнеге», «Сап, сап, көңілім, сап көңілім» | 8-слайд |
Дінмұхаммед 2-топ | Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. | 9-слайд |
Аяулым 3-топ | Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады. | 10-слайд |
Елдос 1-топ | Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған. | 11-слайд |
Мұғалім | Ақынның айтпақ өсиеті Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді. | 12-слайд |
Темірлан 2-топ | Абайдың әр өлеңі бізді жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді. | 13-слайд |
Жанерке 3-топ | Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, | 14-слайд |
Абзал 1-топ | Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. | 15- слайд |
Қайырым 2-топ | Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. | 16- слайд |
Динара 3-топ | Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік … | 17- слайд |
Абайдың 17-ші, 19-ыншы, 31-ші қара сөздерін гиперссылка арқылы тыңдатамын |
Гүлнара | Көзімнің қарасы. Желсіз түнде жарық ай. Айттым, сәлем Қаламқас деген әндері бар | 19-слайд |
«Жұлдызды сағат» ойыны |
Мұғалім | 1. Абай қай жылы туды? 1855, 1963, 1845; 2. Қай жерде туды? Семей, Алматы, Торғай 3. Әкесінің аты кім? Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай; 4. Абай қай рудан? Жігітек, Бөкенші, Тобықты; 5. Анасының, әжесінің аттары кім? Әйгерім, Зере, Ұлжан; | 20-слайд |
Оқушылар | Абайдың өлеңдерінің, әндерінің аттарын атап, қара сөзінің мағынасын кластер арқылы түсіндіреді. | 21-слайд |
|
Мұғалім | Бүгінгі тәрбие сағатымызға белсене қатысып, топта жақсы жұмыс жасадыңдар. | слайд |