kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай әлеміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  мақсаты:   Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай әлеміне саяхат»

Әдебиеттік оқу

Күні:

Тақырыбы:

Абай әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат,ақын портреті,кітаптар


Оқу нәтижелері:


Топта бірлесіп өзіндік ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келе алады.

Сабақ әдісі:

Сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау

Сабақтың басы

Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.Ол үшін «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексерейік.

«Ыстық орындық әдісі»

  1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
    2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
    3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
    4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
    5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?
    6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады ?

Қызығушылығын ояту:


Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату 
- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні?

Топ аттарын табу

-Балалар ілініп тұрған дөңгелекшенің біреуін таңдап,онда жасырылған сөзді тауып көрелік. Сызық бағытымен 2 әріп тастап отырып оқысақ, бір сөз шығады,сол сөз тобымыздың атын құруға негіз болады.
-Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған?
- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?


Сабақтың ортасы

1. Абай әлеміне саяхат
- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды кітапханаға құлақ түрейік.
Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.
- Өткен сабақта Сабира Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын. Қане, назар аударайық(Сабира слайдпен айтып шығады.)
2. Жаңа тақырыпты хабарлау, мақсатын қою.
- Жарайсың,Сабира! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.
3. Мәтінді таныстыру «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін.
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?
Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын:
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.
4. Сөздік жұмысы
Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан.
Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын.
Күндейді – қызғанады.
Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді.
Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады.
Мертігеді - бір жері шығады, сынады
Мысалы: Өзі оңбай мертікті.
Міндейді - мін тағады, жамандайды
Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді.
5. Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту
6. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?

- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.
7. Топтық жұмыс
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер(ватманға орындайды):
АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫ
Жағымды
Жағымсыз
ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды):
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
ІІІ - топ: Абай кім? деген сұрақ аясында Абай атамызды топтастырайық.

IV-топ:Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.

Сергіту сәтін өткізу. (Желсіз түнде жарық ай әнін орындайды)
2 - тапсырма 
- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын пікірталас жасап көрейік:
Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу. Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы мүмкін.
Пікірталастың тәртібі:
Кезектесіп сөйлеу.
Бірін - бірі тыңдай білу.
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
Бірін - бірі сыйлау.(арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау).
Пікірталас сұрақтары:
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?
- Адамгершіліктің өлшемі бола ма?

- Қандай адамды адамгершілігі мол адам дей аламыз?
- Адамгершілік қайдан «пайда болады»?
- Өз достарыңның бойынан адамгершілікке тән қандай белгілерді байқап жүрсің? Әлде керісінше қылықтар байқағандарың бар ма? 

Сабақтың соңы

- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе «Мен бүгінгі сабақта нені үйрендім?» "Не қызық болды?»»сұрақтарына жауап берейік.(стикерлерге жазып,алма ағашына жапсырады)

Үйге тапсырма

-3-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын тауып жазу.

-Өлеңді жаттау

Бағалау,мадақтаау

Сабаққа белсене араласқан балаларды мадақтау.

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық









































Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сөйтіп құдай атады.
Бұл нең десе біреуге
Жоқ нәрсені шатады.
Құтылам деп ісінен,
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады.
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы
Үйде жаурап қатады.
Еңбегі жоқ, еркесіп,
Бір шолақпен серкесіп,
Пысық деген ант шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
Пысық кім деп сұрасаң –
Қалаға шапса дем алмай,
Өтірік арыз көп берсе,
Көргендерден ұялмай.
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ,
Өтірік, өсек, мақтанға
Ағып тұрса бейне су.
Ат-шапаннан кем көрмес,

Біреу атын қойса «қу».
Қу нәпсісін тыя алмай,
Атым шығып жүрсін деп,

Берекеге қас болса,
Желіктірген айтаққа
Арақ ішпей мас болса.
Ел тыныш болса азады,
Ерігіп өле жазады.
Үйде отырса салбырап,
Түзге шықса албырап,
Кісіні көрсе қылжаңдап,
Қалжыңшылсып ыржаңдап,
Өз үйінде қипаңдап,
Кісі үйінде күй таңдап.
Ақылы бар кісіні
Ғайбаттайды, даттайды.
Ауқаты бар туғанды
Қайырсыз ит деп жаттайды.
Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді,
Күшік иттей үріп жүр,
Кісіден кеммін демейді.
Қу тілменен құтыртып,
Кетер бір күн отыртып,
Қызмет қылған кісісін
Құрытуға таяйды.
Қылып жүрген өнері:
Харекеті – әрекет.
Өзі оңбаған антұрған
Кімге ойлайды берекет?
Кімді ұялып аяйды?
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің,
Өңкей жалған мақтанмен
Шынның бетін бояйды.
Бұл сөзімде жалған жоқ,
Айтылмай сөзім қалған жоқ,
Абайлаңыз, байқаңыз –
Елдің жайы солай-ды.











Т

А

У

Ғ

А

Ж

Л

А

У

О

Қ

О

Н

Т

А

ҒҢ

Л

А

Ж

Р

А

А

Р

М

Д

С

Ы

О

І

Қ

А

Ы

Р

Е

Б

А

Ж

У

Ж

Д

Ю

Ң

Б

К

Е

Е

Ы

Ң

Е

К

Е

Б

І

М

Ә

Қ

К

У

Ө

Ы

И

П

Л

А

А

Т





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Абай әлеміне саяхат

Автор: Шарымбаева Динара Исланкуловна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399169

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""Абай әлеміне саяхат" клубының ашылу жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "abai_lemine_saiakhat_klubynyn_ashylu_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "490044"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1544459569"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "?арышта?ы тілдер ?леміне саяхат (?ш тілде ?ткізу)."
    ["seo_title"] => string(48) "garyshtagytildierlieminiesaiakhatushtildieotkizu"
    ["file_id"] => string(6) "307483"
    ["category_seo"] => string(11) "astronomiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458357772"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?арыш   ?леміне  саяхат. Т?рбие ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(51) "g-arysh-lieminie-saiakhat-t-rbiie-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "164172"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422603471"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған"
    ["seo_title"] => string(66) "psikhologiia_lemine_saiakhat_trening_sabak_8_9_cynyptarga_arnalgan"
    ["file_id"] => string(6) "506826"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555003633"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства