Клуб мақсаты – ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін, оларды Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс». Н.Ә.Назарбаев.
1) Басталуы: Абайдың әні «өзгеге көңілім тоярсың»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Абай әлеміне саяхат" клубының ашылу жоспары»
«Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанаты
Клуб мақсаты – ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін, оларды Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс». Н.Ә.Назарбаев.
1) Басталуы: Абайдың әні «өзгеге көңілім тоярсың»
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр Қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?
Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, әдебиет сүйер қауым, білім нәріне құмар оқушылар, ұстаздар! Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға, әлемге қазақ атын танытқан, сол алып ақынның топырағында туған қайратты жастар! Бүгін біздің мектебімізде ерекше күн, тарихта қалар айтулы күн. Олай дейтін себебіміз бүгін біздің мектебімізде Абайдай алып теңізге жолаушылар өз кемесіне мініп Абай дейтін әлемге саяхат жасамақшы. Олай болса бүгінгі «Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Клубымыздың мақсаты: Ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін, оларды Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру! Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді. Жас буынды Абай шығармашылығымен нәрлендіру үшін осы бастаманы Елбасына хат жазып, барлық мектептерде осы клубтың жұмыс жасауына еңбектеніп, тер төккен «Абай әлеміне саяхат» клубының Президенті - жазушы, ақын, сәулетші, драматург, этнограф Назарбек Сайын Назарбекұлына алғысымызды білдіреміз!
2) Олай болса құттықтау сөз кезегі қонағымыз ________________________________________________ беріледі.
Жүргізуші:
3) ________________________________Мафруза_________________________ ән
Жүргізуші:
4) Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Театрдан сөз сөйлеу
Жүргізуші:
5) Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.
Ақындығы жөнінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген ойы ақындыққа берілгенең ең жоғарғы баға десек болады. Олай болса «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелерінің орындауында өлеңдері мен қара сөздеріне және Елбасымыздың маржан ойларынан үзінділерді тыңдасақ!
Жүргізуші:
6) Ол қалдырған күй даланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді!
Абай мұрасы бүгінгі жас буын барда өлмейді, өшпейді. Келесі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу бүгінгі клуб мүшелерінің де өміріндегі мызғымас серт пен бұлжымас қағидаға айналуы тиіс. Олай болса осы мүшелікке қабылданғалы отырған Абайды сүйер жас өнерпаздарға «төс белгілерін» тағу салтанатын, мектебімізге арнайы келген құрметті қонақтар мен ұлағатты ұстаздарымызға тапсырсақ.
Жүргізуші: Олай болса «Абай әлеміне саяхат» клубына қабылданған оқушыларымызды құттықтау үшін «Әкелер» және «әжелер» кеңесінің төрайымы Сембаева Жанат апамыз бен ________________________________________________сөз кезегін берсек!
Жүргізуші:
7) Абайдай дананың кәусар бұлағынан сусындап мәңгі жасап, мәңгі жаңара беріңдер!
«Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы». Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» деп бүгінгі жас ұрпақтың қай ізбен жүру керек екенін айқын саралап тұрған сияқты.
Ән: «Абай әлеміне саяхат» клубының әнұраны.
8) «Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді». Келесі кезекте осы жиынға орай мектебіміздегі «Абай әлеміне саяхат» кабинетінің ашылу салтанатына шықырамыз!
Жүргізуші:
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!
«Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелеріне ақ жол, сәт-сапар тілейміз!
(Кабинет ашыларда әнұран авторы келіп лента қияды)