Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1. 9 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. 2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту. 3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Өткен сабақты қайталау. а) 1,5,6,7 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру. ә) «Орамал тастамақ» ойыны
1 топ 2 топ 3 топ
б) Тай жарысы. Сандарды салыстыру = 5 * 7 6 * 2 4 * 7 3 * 6 3 * 7 7 * 6 3. Сергіту сәті. 4. Жаңа сабақ — 8 кейін қандай сан келеді? 9 санының қалай шығатының, қалай жазылатынын айтып көрсету. 8 + 1 = 9 9 — 1= 8 Жұмбақ шешу. Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр білсендер.( 8 ) 5. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып,9 санының пайда болуы туралы түсіндіріріледі; 2 – тапсырма. Суреттегі кесіндіні сантиметрлік жолақшамен өлшеу нәтижесі қарастырылып, оның ұзындығы 9 см болатыны, 9см неше сантиметрден артық екені анықталады, тап-ғы әйнекшелердің орнына 1см,2см,3см,4см,5см,6см,7см,8см қойылатыны табылады. Шығармашылық тапсырма. Әрбір суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау. 6. Дәптермен жұмыс. Өз бетінше орындау. 7. Сабақты қорыту — Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді? 8. Ауызша бағалау. Сабақтың тақырыбы:9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты:1. 9 санының құрамын білуге үйрету. 2.9 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,тиісінше кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру. 3.Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету. Сабақтың көрнекілігі:9-ға дейінгі цифрлар,карточкалар,дидактикалық материалдар. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру ІІ.Өткен сабақты пысықтау:Үйге:9 цифрын жазып келу тапсырылған және 9-ға дейін тура және кері санату. Жаңа сабақпен таныстырмас бұрын 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау. ІІІ.Жаңа сабақ:9 санының құрамы. 9 алманы алып,оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып,(9=?+?)қосындылары құрастырылады. 9=0+9 9=9+0 9-0=9 9-9=0 9=1+8 9=8+1 9-1=8 9-8=1 9=2+7 9=7+2 9-2=7 8-7=2 9=3+6 9=6+3 9-3=6 8-6=3 ІҮ.Сергіту жаттығуы. Ү.Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып,оның сюжетіне байланысты әңгіме құрып,9 цифрды пайдаланып,9 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау. 9=7 2 9=2 7 9=3 6 9=6 3 қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді. 2-тапсырма 8+1=9 7+2=9 5+4=9 9-7=2 9-7=2 9-5=4 VI.Алдында 3 балапан,Егеу-екеу,Артында,Үскек-екеу,3 балапан, Тағы екеуден,Ақ тауық пен балапан ,1 балапан,Айтшы санын,балақан.Қосса нешеу?(Тоғыз) 3-тапсырма:Қызыл түсті кесінді 9см,көк кесінді 8см,оларды салыстыр. 9см 8см 8см 9см Көк кесінді 1см қысқа,ал қызыл кесінді 1см ұзын. VII.Қорытынды:9 санының құрамын айт. VIII.Үйге тапсырма:Дәптер таратылып,оның ішінде «9 санының құрамын тап»деген тапсырма беріледі. ІХ.Бағалау. Оқушыларға баға қойылмайды.Мадақтау арқылы бағаланады.