Уақыты | Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1 мин. | Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті, қане, солармен амандасайық. | Орындарынан тұрып қонақтармен амандасады. |
5 мин. | -сабағымызды бастамау бұрын көңіл-күйімізді шаттық шеңберге тұрып көтерейік. Бүгінгі шаттық шеңберіміз «Жақсы тілек – жарым ырыс» деп аталады. - Данияр, тек қана 5 оқы! | -Апай, денсаулық жақсы болсын - т.б. Балалар шаттықшеңберін жақсы айтты. |
| | |
2 мин. | -Күз мезгілінің ерекшілігі қандай болады? | -Қазір жылдың күз мезгілі -Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша -Күз мезгілінде ағаштардың жапы-рақтары түсіп, күн суы-тып, жаңбыр жауады, адамдар жылы ким киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. |
| | |
4 мин. | Өткен сабақты еске түсіру. Тура кері санау. 1,2,3,4,5,6 – 6,5,4,3,2,1 Логикалық есеп: 1.Екі сиырдың мүйізі қанша? 2.Бір мысықтың аяғы қанша? 3.Бес қойдың басы нешеу? 4.Үш адамның қолы нешеу? – өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер. Топтық жұмыс. 1-ші тапсырма «Кім жылдам?» ойыны Топтық жұмыс. Балаларға жар қағаз таратамын. Олар есеп шығарып, дайындығын шапалақтап білдіреді. І – топ – 6 саннын құрамын тап ІІ – топ – сандарды салыстыр ІІІ – топ – жасырын санды тап | Бейбіт тура және кері санайды 1- 6 ға дейін саманамақ айтады Балалар логикалық есептің шешуін таптты. Екі сиырдың мүйізі төртеу. Бір мысықта төрт аяқ бар. Бес қойдың басы бесеу. Үш адамның қолы алтау. Әр топ ұсынған жар қағаздармен жұмыс істейді. |
| | |
3 мин. | 2-ші тапсырма. Ой қозғау стратегия-сы. Ребус шешу. Жеті сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жұмбақ: Жарқылдан соң жаңағы, Суға бөктi бар алап. Көкте түрлi жолақты, Өрнек тұрды ғаламат! -Өте жақсы балалар қане кім маған айтады кемпір қосақтың неше түсі бар? -Кім құрастырып береді? | Балалар ребус шешеді. 2 – дауысты, 2 – дауыссыз дыбыстан құралғансөз. электронды тақтадан құрастырып береді, түстерін атап шығады |
| | |
15 мин | Өте жақсы балалар кемпірқосақты дұрыс құрастырғандарың үшін бізге сыйға 7 санын беріп отыр. 7 саны қазақта киелі сан болып аталады, оның құрамы 7 бірліктен тұрады. /балаларға жеті таяқшаны салып оны санатып түсіндіру/ Қараңыздар неше таяқша бар? 7 саны шықты. Балалар экранға назар аударайықшы, 7 санын қазақтар киелі сандар дейді, қане 7 санына байланысты көптеген қазақтың ырымдары бар екен. Жеті шелпек не үшін пісіріледі? Апта апайдың қанша балалары бар? Жеті атасын білген ер, Жеті елдің қойын жер Жеті атаңды айт. . Жеті қазынанға нелер жатады? 7 саны – киелі сан және тақ сан. Қасиетті сан 7 саны – қай саннан кейін тұрады?. Балалар, мына суретке наза аударайық. Шалғының суретін көрсетемін. Ал ен, осы жеті саны және цыфрын әуеде жазып көрейікші. Жеті саны толқындап барып, қиялап, төмен қарай түседі және белін түзу сызықпен сызамыз. | Бұл жеті шелпек. Бұны анамыз жасап пісіреді. Оны отбасымыздың амандығы үшін әр жұма сайын пісіріп таратады. Ең салмақты, ақылды ұлы Дүйсенбі. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі. Ақылды әрі көмекшіл үлкен қызы Сәрсенбі. Жауапты да ұқыпты ортаншы үлы Бейсенбі. Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті. Сауықшыл да көңілді ұлы Сенбі. Демалғанды сүйетін кіші ұлы Жексенбі. Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат. Ер жігіт. Сұлу әйел. Білім. Жүйрік ат. Алғыр тазы. Қыран бүркіт. Берен мылтық. 6 саннан соң – шалғыны Алдын әуеде, сосын дәптерде 7 цыфрыны жазады. |
| | |
2 мин | 3-ші тапсырма. Суретпен жұмыс. | Суреттегі есепті шығарады |
| | |
2 мин | Сергіту сәті | Музыка ырғағымен билейді |
| | |
5мин. | 4-ші тапсырма. №1 математика дәптері. 39 сабақ. 1 тапсырма | Дәптермен жұмыс жасайды. |
3 мин | 5 – тапсырма: Кел балалар, санайық Алтыға бірді қосайық. Жаңа шыққан санды біз, «Жеті» деп енді атайық! Оқылықпен жұмыс І – топ:№2 стр 58. ІІ – топ: №3 стр 58 ІІІ – топ: №4 стр 59 Бірінші бітіргенге: Кіші көршім оң жақта, Үлкен көршім сол жақта Тұрушы еді қасымда Қайда кеткен жан-жаққа? – дей отырып, сандардың көршісін тап. | |
| | |
2 мин | 7 – тапсырма: «Тез ойла!» ойыны. Математикалық жұмбақ есеп. Жаңа ғана шалғында, 7 бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма? Жатып қапты біреуі, Нешеуі енді жайылып, Жүргенін айт айырып. Қызыл алма айналып, Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін Алдым сонда нешеуін? | 7 – 1 ═ 6 5 + 2 ═ 7 |
2 мин | Қорытынды: Өткір болсаң ұтарсың, Тапқыр болсаң табарсың, Оқысаң өрге басарсың, Жауабын жылдам табарсың! – дей отырып, сабағымызды қорытынды-лау уақыт келді. Оқушыларды мақтап, мадақтау. сабаққа жақсы қатысқаны үшін әр топқа сиқырлы сандықша беріледі. | 1+6═7 2+5═7 3+4═7 4+3═ 7 |
| | |
Нені білуі керек: балалар 7 санымен цифрын білу керек.
Нені игереді : балалар 7 санына байланысты көптеген есептерді шығарып игерді.
Нені біледі: балалар қазақтың салт-дәстүрлерін, ырымдарын біледі.