Просмотр содержимого документа
«3 сынып Қазақтың ұлттық спорт ойындары»
Күні:
Сынып:3
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың спорттық ойындары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Cабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері,сандық,ноутбуктар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, кезекші арқылы түгендеу. Психологиялық ахуал.
Оқушыларды «молекулалар мен атомдар» ойыны арқылы топқа бөліп отырғызу.
Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.
І топ Топтың аты- «Көкпар ».Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.
ІІ топ Топтың аты- «Тұлпар ».Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын ,жүйрік ат.
Мұғалім :Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Асық санына байланысты оқушыларды бағалау
8 ‹ 5
7-6 ‹ 4
5 ‹3
III Жаңа сабақты қалыптастыру (бейнероликті көру)
Сабақтың тақырыбы қандай екен.
Ұлттық спорт түрлері Бүгінгі біздің мерекелік сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың спорттық ойындары» - деп аталады.
Сабағымызды бастамас бұрын балалар сендер қандай қазақтын ұлттық ойындарын білесіңдер?
Оқушылар: — Көкпар, сайыс, қазақша күрес, қыз куу, арқан тарту, тапқыш, т. б.
- Өте жақсы балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын жақсы біледі екенсіндер.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі.
Ал енді біз бәріміз білетін ойынды ойнайық, ойынның «Ұшты – Ұшты».
Ойынның ержесі:
Бастаушы ойынды былай жүргізеді:
- Ұшты Ұшты, торғай ұшты! ( Қол көтеріледі)
- Ұшты Ұшты, түлкі ұшты! ( Қол көтерілмейді)
Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар
орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
- Ұшты Ұшты, қарға ұшты! ( Қол көтеріледі)
- Ұшты Ұшты, қасқыр ұшты! ( Қол көтерілмейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылысқан ойынша қазақ тілінде ән немесе тақпақ айтып беруі қажет. Бұл ойынды сендермен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
- Жақсы балалар сендер қазақ тіліндегі құстар мен жанауарлады жақсы біледі екенсіңдер. Қане балалар айтыңдаршы қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Олар қандай дыбыстар? Мысал келтіріңдерші?
- Оқушылар: Қазақ тіліне тән 9 дабыс бар. Олар: ә,ө,ұ,ү,қ,ғ,і,һ,ң.
Мысалы: Әке, өшіргіш, ұя, үкі, қалам, ғарыш, іні, жиһаз, аң т .б.
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі, ойындары немен байланысты?
2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?
3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
-Біз бүгін қандай ұлттық ойын түрімен танысатынымызды,сөзжұмбақты шешейік , ,,, ,,
Жаңа сөздермен танысу
IV. сөздік жұмыс
а) жаңа сөздер
Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом
Серке – туща козла
Күш-жігер -сила
Төзімділік – терпеливость
Батылдық – мужество
Ептілік – ловкость
Қазандық – котел
Салым – очко
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
V. Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Көкпар
Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.
ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
1. Көкпар қандай ойын?
2.Бұл ойын қайда кең тараған?
3.Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма .Берілген диалог бойынша сөйлесіңдер.Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
-Қасен,сен ұлттық спорт ойын түрлерін ұнатасың ба?