kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. 4 сынып. Та?ырыбы: ?аза?ты? ?лтты? спортты? ойындары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып. ?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: ?аза?ты? ?лтты? спорт ойындары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. 4 сынып. Та?ырыбы: ?аза?ты? ?лтты? спортты? ойындары.»

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

4 сынып

Cабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Сабақтың мақсаты:

 1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

Өтілген тақырыптарды қайталау.
ІІІ . Жаңа сабақ.

Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: тоғызқұмалақ, асық ату, сақина тастау, көкпар, қыз қуу, қол күрестіру т.б.

 Сөздік жұмысы

Арқан тарту – перетягивание канатов                    ептілік – ловкость

Жылдамдық – скорость                                              күшті – сильный

Баулиды - прививает                                                  салтанат – торжество

Той – свадьба, праздник                                            өтіп жүр  -проводится

Мықты – сильный                                                      қатысады - учавствует

 Баға жетпес байлық –бесценное блгатство

Асыл қазына – ценный клад

Тәрбие құралы – средство воспитания

Ақыл –ойын толықтырады- расширяет кругозор

Қажет етеді – требует


1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аудар.

 

Қазақтың ұлттық спорт ойындарына арқан тарту, қол күрес, көкпар, сақина тастау,қыз қуу, т.б ойындар жатады. Бұл ойындар қазақ жігіттерін ептілікке, жылдамдыққа, күштілікке баулиды. Ұлттық спорт ойындарын көбінесе тойларда, салтанаттарда ойнайды. Қазір Қазақстанда «Көкпар» ойынынан жарыстар өтіп жүр. Оған Қазақстанның барлық облыстарының мықты деген жігіттері қатысады.

Қазақтың ұлттық ойындары – баға жетпес байлық, асыл қазына. Бұл ойындардың үлкен мәні бар. Халық ойындары – тәрбие құралы. Олар денені шынықтырады, ақыл- ойын толықтырады.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты қажет етеді.


2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

1.     Қазақтың ұлттық спорт ойындарына қандай ойындар жатады?

2.     Тағы қандай ойындарды білесің?

3.     Бұл ойындар қазақ жігіттерін неге баулиды?

4.     Ұлттық спорт ойындарын қайда ойнайды?

5.     Қазір Қазақстанда қандай ойыннан жарыстар болып жүр?

6.     Оған кімдер қатысады?

7.     Оған қандай жігіттер қатысады?

8. Ұлттық ойындар нені қажет етеді?


3-тапсырма.

Әр қатардан бір оқушыдан келіп қоржыннан асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санның сұрағы тақтадан шығады.

Сұрақтар: 
1. Көкпар, күрес сөздерін буынға бөліп, буынның түрін тап.
2. «Ойындары» сөзін талда.

3. «Батылдықты» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін тап.
4. «ойын, жігіт, қазына,асық» сөздеріне көптік жалғауын жалға.

5. «Асық» сөзін тәуелде
6. «ойыншы» сөзін жікте
7. «ойнау, қатысу, жүгіру» сөздерін ауыспалы осы шақта жаз.

8. «секіру, күресу, шынығу» сөздерін ауыспалы осы шақта жаз


Сергіту сәті.

Ұл балалар өзара қол күрестіреді.

Қыз балалар «сақина тастау» ойынын ойнайды


4-тапсырма. Тиісті әрптерді қойып, жазу.

Бізде аптасына дене т...рбиесі сабағы болады. Онда б...з футбол, баскетбол, волейбол ойн...ймыз. Тағы б...зге қаз...қтың ұлттық ойындары ұнайды. Ер балал...р асық ойынын ойнайды. Біз дене тәрби...сі саб...ғында шынығамыз.


5- тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып жазу..

Ойын, ойыншық, көп бала, аулада, далада, ерлік, батылдық, тапқырлық, дене шынықтырады.




Сабақты қорытындылау. Суреттерге қарап, ойын түрлерін ажыратып айту.

Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма. «Ұлттық ойындар» мәтінді әңгімелеу. Жаңа сөздерді жатқа білу.


Рефлексия сәтін өткізу.



 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. 4 сынып. Та?ырыбы: ?аза?ты? ?лтты? спортты? ойындары.

Автор: Мамырбаева Асем Мажитовна

Дата: 16.09.2016

Номер свидетельства: 344110


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства