Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қалдықпен бөлудің мән - мағынасымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру. Қалдықпен бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша берілген тапсырмалар арқылы балалардың танымдылық қабілеттерін, зейіндерін, логикалық ойын дамыту.
Тәрбиелік: Өзін - өзі бағалауға, өзіне деген сенімділікке, дербестікке тәрбиелеу, математиканы оқып үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Құрал жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, өзін - өзі бағалау парақшасы, үлестірмелі қағаздар, радио пульттер.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Нені білу керек: қалдықпен бөлудің ерекшеліктерін игеру.
Не істей білу керек: берілген тапсырмаларды орындау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру. Бағалау парақтарын үлестіріп беру.
ІІ. Ауызша есептеу.
1) Математикалық диктант (3слайд):
- 506 мен 200 - дің қосындысы;
- 2 мен 5 - тің көбейтіндісіне 5 - ті қос;
- Ойлаған санды 4 есе кеміткенде 5 шықты. Ойлаған санды тап.
- 0 мен 4 - тің көбейтіндісін тап;
- 24 - ті 4 - ке бөл;
- 20 - ны 20 - ға бөл.
- Қабырғасы 2 см тең шаршының периметрін тап
Тексеру: 706, 15, 20, 0, 6, 1, 8см. (4 слайд)
2) Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шеш: (5 слайд)
Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Жаңа тақырыпты түсіндіру (6 слайд)
Ой толғау. Мына 13 шарикті 4 - ке бөлуге бола ма? (Болмайды)
13: 4=3 (қалд. 1)
Тексеру: 4х3+1=13 (7 слайд)
1 ереже ( 8 слайд)
Қалдықпен бөлуде нәтижесіне екі санмен жазады. Бірінші санды - толымсыз бөліндінің мәні, екінші санды - қалдық дейміз.
31: 4=7 (қалд. 3)
2 ереже (9 слайд)
Қалдық бөлгіштен кем болуы тиіс.
13: 4=3 (қалд. 1)
1<4
3 ереже (10 слайд)
Қалдықпен бөлуде бөлгішке бөлінетін ең үлкен сан анықталады.
25: 4=6(қалд. 1)
24
4х6+1=25
2) Интерактивты тақтамен жұмыс (11 слайд)
Қызанақтарды тәрелкелерге тең бөліп сал
11: 3=3 (қалд. 2)