Бұл құралда бастауыш сыныпта таңдау курсын ұйымдастырудың жолдары көрсетілген.
Таңдау сабағына арналған көмекші құрал
Қарасу, 2016жыл
Түсінік хат
«Баланың тәрбиешісі көп салалардың
ішіндегі ең жақсы тәрбиеші-табиғат.
Табиғат-адам баласын азамат етіп
қалыптастыруда таптырмайтын тәрбие құралы»
К.Д. Ушинский
Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті қоршаған ортадағы табиғаттың сұлу да, әсем көрінісі – жас нәрестені еріксіз өзіне баулап, таңдандыра, қызықтыра білген. Қазақтың данышпаны, ұлы ақыны, Абай Құнанбаевтың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылап,жырға қосып, суреттеп отырған. Осы ұлы ақынымызға ұқсап, табиғат өзгерістерін бақылап өскен жас өспірімнің бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік оянып, Жер – ананы қорғауға деген жауапкершілік сезім оянады.
Еліміздің болашақ жас ұрпағын өскелең заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландыру, жан-жақты рухани байлық беру, адамгершілікке, еңбекшілдікке, табиғатты қорғауға, қамқорлыққа баулу әрбір ұстаздың негізгі мақсаты.
«Жыл мезгілі» тақырыбына арналып жазылған бағдарлама жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, табиғаттың тылсым құпияларын меңгеруде оқушыларға көмекші құрал ретінде дайындалды. Бұл жұмыстарды жинақтауда алдыға қойған мақсат; оқушыларда өздерінің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін дамытып, өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдеттерін бекітуге әсерін тигізеді .
Осы бағдарламамен сабақ бергенде мынадай міндеттерді ескерген жөн:
Баланың табиғат аясында табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Балаларды экологиялық тұрғыда тәрбиелеу.
Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Бұл қосымша материалды оқи отырып, балалар өздері ойлануға, бақылағыштыққа ойын кезінде қимыл-қозғалысы, іс-әрекеттегі амал тәсілдердері ой-сананың дамуына әсер етеді.
Мақсаты:
табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынас және оның тағдырына жауапкершілікпен, түсінушілікпен қарау, табиғатты қорғауға талпыну.
мен жеке тұлғамын деп есептеуге үйрету
өзіндік ой- қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
өзіндік ой- қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Міндеттері:
табиғат әдемілігін қабылдау қабілеттігін қалыптастыру ;
табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға баулу ;
ұлттық мәдениетке қызығушылық,өз халқының салт-дәстүрін сақтауға дайын тұлға қалыптастыру;
жеке тұлғаның денсаулықтарының ерекшеліктері мен зиянды әдеттерге деген көзқарасын қалыптастыру.;
шығармашылық қабілеттерін дамытып, жетілдіру.;
өзін табиғаттың тірі бөлшегі ретінде білімін қалыптастыру және өзін әлемнің тұтас бір суреті мен орны ретінде;
табиғаттың үздінсіз дамуын және артықшылығын сезу мен көруге көмектесу;
табиғатпен өарым-қатынас жасау қабілеттерінің негізінде экологиялық сұрақтарға қызығушылықтарын арттыру, кітаптар оқу, оның дамуындағы заңдылықты түсіну;
қарапайым экологиялық бақылаулар жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
Күтiлетiн нәтиже:
Тәрбиелі, елін, жерін сүйетін жас ұрпақты қалыптастыру процесінде баланың интелектуалдық қабілетін жетілдіру;
танымдық қабілеттерін дамыта отырып оқушының қызығушылығы мен бейімділігін дамыту;
жинақтау, армандау, ойлау сияқты жаңа нәтижелерге қол жеткізу;
жеке тұлғаның рухани –адамгершілігін арттыру –бұл ең алдымен, жеке тұлғаның өзіндік дамуын қамтамасыз ету.
Оқыту барысында проблемаларды шешу құзыреттілігі қарастырылады.
-түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға
-өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру
Өз іс-әрекетіне мақсат қоюға, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, жыл мезгіліне қатысты проблемаларды шешу жолдарын қарастыру.
Ақпараттық құзыреттілік :
Өз бетінше табуға, талдауға, таңдау жасауға, өзгертуге, сақтауға, түсіндіріп беруге, ақпараттарды ауыстыруға, олардың ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру
Ақпараттарды өзіндік іс-әрекетін жоспарлау мен жүзеге асыруға қолдануға мүмкіндік туғызу
Коммуникативті құзыреттілік:
өзіндік пікірін әдеп нормасына сәйкес жеткізу
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі ұстанымдағы адамдармен, топта қарым-қатынас орнатуға қолайлы мүмкіндік туғызу
Бағдарламаның мазмұны былай құрастырылған:
Күз тарауы:
Бұл тарауда күз мезгіліне қатысты айлардың аттарына түсініктеме берілді /қыркүйек , қазан, қараша/. Оқыту барысында күз мезгіліне байланысты өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар қарастырылады. Сонымен бірге күздің белгілерін анықтайтын болжамдармен жұмыс жүргізіледі.
Қыс тарауы:
Бұл тарауда қыс мезгіліне қатысты айлардың аттарына түсініктеме берілді /желтоқсан, қаңтар, ақпан/. Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне байланысты өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар берілген. Қыс болжамдары жайында мағлұмат береді. Қыс белгілерін білдіретін сөздердің мағынасын ашу / қар,қырау/
Көктем тарауы:
Бұл тарауда көктем мезгілінің айлары жайында түсініктеме беріледі /наурыз, сәуір, мамыр/. Жұмыс барысында көктем мезгіліне байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар ұсынылады. Көктем мезгілінің белгілерін анықтайтын болжамдармен жұмыс жүргізіледі.
Жаз тарауы:
Бұл тарауда жаз мезгіліне қатысты айлардың аттарына түсініктеме берілді /маусым, шілде, тамыз/. Жаз мезгіліне байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар берілген. Сонымен бірге жаз белгілерін анықтайтын болжамдармен жұмыс жүргізіледі.
3 сынып үшін «Жыл мезгілі» таңдау курсын оқытуда
тақырыптық күнтізбе жоспар үлгісі
Тақырыптық жоспарда оқу материалы тарау бойынша бөлінген.
Жылдық жоспар жасау үшін жыл мезгілін зерттеп, бақылау жүргізіп құрастырылды.
Оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін / 34 апта/ жалғасады.
Таңдау курсы аптасына 1 рет жүргізіледі. Ол әр тарауға былайша бөлінген:
1- тарау «Күз» 9 сағат
2- тарау «Қыс» 9 сағат
3- тарау «Көктем» 9 сағат
4- тарау «Жаз» 7 сағат
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мақсаты
I –тарау Күз
1
Бұл қай кезде болады? /күз/ , /сурет, фотобейне /
1
Күздің өзіндік ерекшеліктерін бақылай білуге көмек көрсету