Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: Жол жүру ережесі.
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Балалар,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
Ой қозғау.
-Ендеше,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
-Көшеде жүру тәртібі
-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?
жаяу жүргінші тротуар
жол белгілер
машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар
- Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп,сайысқа түсеміз.
- Балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.Өз орынды тап!
2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
4. МАИ емтиханы
5. Сен білесің бе?
6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)
Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік.
1-кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.
Қызыл топ
Сары топ
Жасыл топ
- Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.
Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы». Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай 2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай
3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай
4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 )
10 ұпай
5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)
15 ұпай
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
15ұпай
-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.
-Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.
Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.
Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт