kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көркем жазу 1 – ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып, келесі сыныптарда жалғасады, немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады. Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар»

ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР


п.ғ.м., аға оқытушы-Айтжанова Э.Н.,

Бекжанова Д.Б.

6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогоикасы мен әдістемесі»

мамандығының 1 курс 3 ж. студенттері

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Алматы қаласы, Қазақстан



Кілт сөздер: көркем жазу, орфография, каллиграфия, сауатты жазу, оқу процесі, диктант, альфавит

Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек.

Көркем жазу 1 – ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып, келесі сыныптарда жалғасады, немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады. Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор. Ұқыпты, таза, әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық, тиянақтылық, еңбекқорлық кез – келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді.

Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.

Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс – тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.

Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.

Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.

Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.

Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы – диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.

Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:

  1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді.

  2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.

  3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады.

  4. Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге болады.

Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.

  1. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады.

  2. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларына тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды.

Жазуға қойылатын талаптар: Бұл жұмыстардың мақсаты – балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:

  1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.

  2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.

  3. Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.

  4. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.

  5. Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.

  6. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат – балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.

Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін мәтін алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолдары көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі. Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі.

Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.

  2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады.

  3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді.

  4. Мұғалім партаны аралап жүріп жазу процесін бақылайды.

  5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателіктері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.

Жазуға үйрену тілдің ерекшелігіне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра білуді талап етеді; мофологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, шкаф т.б.) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығуға арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.

Бастауыш сыныпты бітіріп, бесінші сыныпқа келгенде жазу жұмысында оқушылар көптеген қателер жібереді. Олардың көбі мәтіндегі жаңа ой басталатын жерде азат жолдан бастап жазуды білмейді. «Бас әріп, кіші әріп» түрі мен тұлғаларын сақтап жаза алмауынан, әріптің баспа түрі мен жазба түрін айқын білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда, оны дұрыс айтып үйренбейді.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу.

Диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, графикалық, есту, бақылау диктанттары.Мақсатына қарай оларды өткізудің де тәсілдері түрлі-түрлі.

Оқушыны қатесіз жазуға үйрету үшін мұғалім олардың жіберген қателерін дер кезінде көріп, онымен нақты, тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Дұрыс сауатты жазуға төселдіру үлкен шеберлікті қажет етеді.
















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.Бозжанова. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Алматы, 1998.

  2. Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964.

  3. С.Рахметова.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1975.

  4. Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова. Сауат ашу оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2016.

  5. https://ust.kz/word/jazyga_bailanysty_jurgiziletin_jumystar-163991.html

  6. https://flatik.ru/aza-tilin-oitu-distemesini-pni-index-9


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар

Автор: Бекжанова Дана Бекжанқызы

Дата: 05.05.2022

Номер свидетельства: 606230

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, шебер-сынып"
    ["seo_title"] => string(63) "ok_ushylardy_shyg_armashylyk_zhu_mystarg_a_baulu_shiebier_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "417963"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495538494"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары"
    ["seo_title"] => string(53) "ok_ushylarmien_zhurghizilietin_til_damytu_zhu_mystary"
    ["file_id"] => string(6) "394932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487848270"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ТАРЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ Ж?МЫСТАРЫ"
    ["seo_title"] => string(48) "k-azak-tili-sabak-tarynda-til-damytu-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "250694"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447125509"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тестовые вопросы  по  железных дорог"
    ["seo_title"] => string(37) "tiestovyievoprosypozhielieznykhdorogh"
    ["file_id"] => string(6) "295045"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455776778"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?стаз парызы "
    ["seo_title"] => string(11) "staz-paryzy"
    ["file_id"] => string(6) "106206"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402980991"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства