kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың әдістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Қазақ тілің үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбиелеу мен оқутуды  бірыңғай жүйеге біріктіру. Қазіргі өмір талабы – оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады.  Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың әдістері»

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Бастауыш сыныпта қазақ тілі мұғалімі: Садыкова Улжан Жексенбиевна.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Қазақ тілің үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбиелеу мен оқутуды  бірыңғай жүйеге біріктіру. Қазіргі өмір талабы – оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады. Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушы білімін бағалау  жаңа білім беру мазмұнында  бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты  айқындалған,  бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға  негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара  байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.

Білім беру бағдарламасында мұғалімдердің жүргізетін жұмыс жүйесі: жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы,  үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Егер ұстаз өз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Жаңа бағдарлама негізінде мұғалімдер төмендегідей жұмыс түрлерін жандандыруы керек. Олар:

-          әдеби тілдік норма;

-          білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

-          сыни тұрғыдан ойлау;

-          критериалды бағалау түрлері;

-          жеке, жұппен, топпен жұмыс;

-          белсенді оқу – оушы, белсенді оқыту – мұғалім.


Пән бойынша басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.

   Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қоямын:

1.     Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру.

2.     Сөз балаларға таныс заттарға байланысты болу керек.

3.     Әрбір сөз үнемі пайдаланылып, қайталанып отыруы тиіс.

4.     Сөздік қорды молайтып отыру.

5.     Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

6. Мақал-мәтелдерді, жанылтпаштарды оқу, жаттау. Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезені әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан – жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткіземін:

1.Сабақта АКТ-ны тиімді  пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;

4.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Жаңартылған  білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білулерін, оларды оқуға жетелеу қабілеттерінің артуы үшін күнделікті сабақтарымда қолданылатын әдіс – тәсілдерім: АКТ – ны қолдану, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді оқыту әдіс – тәсілдері (бірлескен оқу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс – әрекеттерінен көрініс табады. Қазақ тілі пәнінен оқушылар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмасын орындау, өзара диалог құрастыра білуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар қазақ тілін оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, төл дыбыстарды қатесіз жазуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды, жаңа сөздерді, олардың мағынасын таба білуді, суретпен, мәтінмен жұмыс жасауды үйренеді. Сабақтарда көптеген әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып және оқушылардың ынтасын арттыру үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып жиынтық бағалаудан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасап отырамын. (МАН) Қазіргі оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделген. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсінік сияқты қасиеттер. Баланы өз сөзін қорықпай, сеніммен айта алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдлып мақталады да, қатесі де түзетіледі.  «Ойлан тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті  тақтаға жазып, тақпақтағы қазақ тіліне тән дыбыстарды алып тастап, дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып, сол дыбыстарды көп нүктенің орнына  дұрыс қойып шығу керек. «Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Айта кету  керек , ойын әдісінің өте тартымды  әрі тиімділігіне қарамастан,сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі  және эмоционалды әсерді жоғалтуы  мүмкін.Сонымен қатар сергіту ойындарын  пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту,бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың  қалай өткенін  де байқамай қалады. Ойын  оқушының  жеке  ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік  береді, мысалы, өзара көмек, бірін- бірі қолдау, жолдастық сезім,сондай- ақ бірқатар психикалық  үдерістердің:    есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т.б. дамуына әсер етеді.

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың әдістері

Автор: Садыкова Улжан Жексенбиевна

Дата: 24.01.2019

Номер свидетельства: 497064

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Жаңартылған білім беру мазмұны »"
    ["seo_title"] => string(35) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_ny"
    ["file_id"] => string(6) "472494"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1528347460"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе"
    ["seo_title"] => string(51) "zhanartylgan_oku_bagdarlamasy_izdenis_pen_t_zhiribe"
    ["file_id"] => string(6) "577795"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1617979365"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Жаңартылған білім мазмұны" баяндама"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_artylg_an_bilim_mazmu_ny_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "437319"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510032436"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства