kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған білім беру сабағының құрылымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақта тұрлаусыз детальдар жоқ және болуы мүмкін де емес, өйткені сабақ уақыты шектеулі.Тексеруші қатысудың мақсатына қарамастан сабақтың барлық барысын түгел дерлік қағазға түсіріп отырады. Яғни оқушы мен оқытушы қызметінің барлық түрін оларға жұмсалған уақыт мөлшерімен қоса. Тәжірибе көрсеткенде, тексерушілердің сабақ бойын қандай да бір сызба не кестелерге салып белгілеп отыруға тырысуы ешбір жетістікке жеткізбейді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім беру сабағының құрылымы»

Педагогикалық – әдістемелік ізденістер әлемі.

10


Кулимгалиева А.Б

Қызылорда қаласы, №173 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ САБАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Қазіргі сабақ

 Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері

1.      Ұйымдастыру кезең, оқушылардың сабаққа деген сыртқы және ішкі (психологиялық) дайындығы.

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

3.      Оқушыны жаңа тақырыпқа дайындау үшін білім, білік, дағдыларын тексеру.

4.      Оқушылардың алдына тапсырманың мақсатын қою.

5.      Жаңа ақпаратты қабылдауына және меңгеруіне жағдай туғызу, ұйымдастыру.

6.      Тақырыпты алғашқы қабылдауын тексеру.

7.      Ақпаратты айқындау, қайта айту арқылы, үлгі бойынша жаттығуларды (соның ішінде нұсқауларды ауыстыру) қолдану арқылы меңгерту іс – әрекеттерінің тәсілдерін ұйымдастыру.

8.      Ертеде меңгерілген білім, білік, дағдыларының негізінде проблемалық мәселелерді шешу арқылы іс – әрекеттер тәсілдерін меңгеру және білімді шығармашылық жолымен іздеу және қолдану.

9.      Сабақта өткенді қорытындылау және оны ертеде меңгерілген білім жүйесіне енгізу.

10.  Мұғалім және оқушы орындаған оқу іс – әрекеттерін бақылау, білімді бағалау.

11.  Келесі сабаққа үйге тапсырма беру.

12.  Сабақты қорыту.

 

Дамыта оқыту сабақтары құрылымының алуан түрлілігі

Жаңа білім беру сабағының құрылымы:

-         оқушылардың ойлау белсе,нділігі жоғары жағдайда таным заңдылықтарын ескере отырып алғашқы мәліметтер енгізу;

-         оқушыларға нені есте сақтау керектігіне нұсқау беру;

-         есте сақтауға және жадыда ұзақ сақтауға жағдай туғызу;

-         хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау (жадыға керек мәліметтермен жұмыс, мағыналық топтастыру т.б.);

-         мұғалім жетекшілігімен тікелей қайталау, жартылай қорыту арқылы алғашқы бекіту;

-         алғашқы есте сақтау нәтижелерін бақылау;

-         қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әртүрлі талаптарға негіздей отырып, соның ішінде саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау;

-         жаңа білім алу үшін ішкі қайталау және бұрын қалыптасқан білім, білік, дағдыларын үнемі қолдану;

-         есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауына жиі қосу, білімді есте сақтау және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау.

Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағының құрылымы:

-         оқушыларға істейтін жұмыстың мақсатын хабарлау;

-         ұсынылған тапсырманы орындау үшін оқушыларға білім, білік, дағдыларын ескетүсіру;

-         оқушылардың әртүрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы;

-         орындалған жұмыстарды тексеру;

-         жіберген қателерді талқылау және оны түзету;

-         үйге тапсырма (егер қажет болса).

Білік және дағдыны қалыптастыру сабағының құрылымы:

-         сабақ мақсатын қою;

-         тірек болатын қалыптасқан білік және дағдыларды қайталау;

-         тексеру жаттығуларын өткізу;

-         жаңа біліктермен танысу, оларды қалыптастыру үлгілерін көрсету;

-         меңгеруге берілген жаттығулар;

-         бекітуге берілген жаттығулар;

-         үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттықтыру жаттығулары;

-         ұқсас жағдайларға ауыстыру жаттығулары;

-         шығармашылық өзгешелігі бар жаттығулар;

-         сабақты қорыту;

-         үйге тапсырма.

Қайталау сабағының құрылымы

-         сабақтың басын ұйымдастыру;

-         білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою;

-         негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы сабақта, келер қайталауғак сәйкес үй тапсырмасын іріктеу;

-         қайталау жұмысының қорытындысын шығару, сабақта оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру;

-         үйге тапсырма.

Білімді тексеру сабағының құрылымы:

-         сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесі тапсырманы түсіну дайындығын тексереді;

-         сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді тексереді немесе бақылайтынын хабарлайды. Балалардан сәйкес ережелерді еске түсірулерін және жұмыста пайдануларын сұрайды. Оқушылар міндетті түрде өз жұмыстарын тексе,ріп отыруын ескертеді;

-         бақылау немесе тексеру жұмыстарының (мысал есеп, амалдарды орындау, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап т.б.) мағынасын айту. Тапсырманың мөлшері немесе қиындық дәрежесі әр оқушының шамасына қарай және бағдарламаға сәйкес болуы керек;

-         сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа жұмыстарында жіберген қателерді талдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі сабақ арналады);

-         білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар білім, дағдыларын дамыту жолдарын іздестіру.

Білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы:

-         сабақты ұйымдастыру (жақсы психологиялық ахуал туғызу);

-         сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

-         біліктерін қалыптастыру үшін керекті жаңа білімді зерттеу;

-         алғашқы білімдерін қалыптастыру, бекіту және оларды стандартты (күнделікті) жағдайда қолдана білу;

-         өзгертілген жағдайда білім және біліктерін қолдануға жаттығу;

-         білім және біліктерін шығармашылықпен қолдану;

-         дағдыларын шыңдау жаттығулары;

-         үйге тапсырма;

-         оқушылар істеген жұмысты бағалаумен сабақты қорыту.

Жинақтау – қорыту сабағының құрылымы:

-         ұйымдастыру кезең;

-         мұғалім кіріспе сөзінде сабақтың мақсатын және жоспарын хабарлайды, өтілген тақырып немесе тақырыптардың мағынасын анық көрсетеді;

-         оқушылардың біліктерін дағдыландыруға, құбылыс, дәлелдерді қорыту негізінде бар білімдерін қалыптастыруға бағытталған; жеке және ұжыммен әртүрлі жазбаша және ауызша тапсырмаларды қорыту және жүйелеу түрін орындау;

-         жұмыстардың орындалуын тексеру, түзету (керек болса);

-         өткен тақырып бойынша қорытындыларын тұжырымдау;

-         сабақ нәтижесін бағалау;

-         қорытынды жинақтау;

-         үйге тапсырма.

 

Аралас сабақтың құрылымы:

-         ұйымдастыру кезең;

-         үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою;

-         оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау;

-         жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;

-         осы және өткен сабақта өтілген тақырыпты бекіту;

-         білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және қалыптасқанды жаңамен байланыстыру;

-         сабақ нәтижесі және қорытынды;

-         үйге тапсырма;

-         оқушыларға жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық (алдын ала) жұмысы.

 

САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


1.Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

-         білімді мақсаттың толық және құрамды бөлігін анық тұжырымдау, оның дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарымен байланысы, жалпы сабақ жүйесінің орнын анықтау;

-         оқушыны дайындау және дайындық деңгейін ескере отырып, оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатына қойылатын талаптарға сәйкес сабақ мазмұнын анықтау;

-         сабақта және оның әрн кезеңінде оқушыларды білімді ғылыми тұрғыда меңгеруін және білік, дағдыларының қалыптасуын болжау;

-         әр сабақ кезеңінде ең ұтымды оқыту әдіс – тәсілін, оқыту құралдарын таңдау, үйлесімді әсерін белсендіру және бақылау; сабақта оқушылардың көбінесе өзіндік жұмысы мен әртүрлі ұжымдық және жеке жұмыстарының байланысын, танымдық белсенділігін арттыратын әдіс – тәсілдерді таңдау;

-         сабақта барлық дидактикалық ұстанымдарды іске асыру;

-         оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.

2.Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

Сабақтың психологиялық мақсаты:

1.      нақты оқу пәніжәне нақты сабақ шеңберінде оқушылар дамуын жобалау;

2.      сабақ мақсатында тақырыптың психологиялық міндеттерін және алдыңғы жұмыстың нәтижесін ескеру;

3.      педагогикңалық – психологиялық әсер етудің жеке амалдарымен, оқушы дамуын қамтитын әдістемелік тәсілдер қарастыру;

Сабақ әдісі:

1.      Сабақтың құрылымы мен мазмұнының дамыта оқыту ұстанымдарына сәйкестігін анықтау;

-        оқушы ойлауы мен есте сақтауына жүктеме көлемінің сәйкестігін анықтау;

-        оқушылардың шығармашылық іс – әрекеті мен қайталап айту мүмкіндігінің мөлшерін анықтау;

-        блімді дайын түрде меңгеруін және өз бетінше ізденуін жоспарлау (мұғалім сөзінен, оқулықтан, әдістемелік құралдардан т.б.);

-        мұғалім және оқушылардың проблемалық – эвристикалық оқытуды орындауы (кім мәселені қояды, шешеді, тұжырымдайды);

-        мұғалім жүргізетін оқушының іс – әрекетін бақылау, талдау және бағалау есебі; оқушылардың өзара сыни бағалауы, өзіндік талдау және өзіндік бақылау;

-        оқушыны іс – әрекетке талаптандыру (істелінген жұмыспен байланысты жағымды сезімін шақыратын түсініктеме, қызығушылығын ынталандыратын нұсқаулар, бар ықтиярымен қиындықтардан өтуге тырысу) және басқару байланысы (бағасын еске түсіру, қатал ескерту, ақыл айту т.б.);

2.      Мұғалімнің өзін ұымдастыру ерекшелігі:

-        сабақ басында және оның барысында көңіл – күйін көтеру (жинақылық, сабақтың психологиялық мақсатымен тақырыптың бір күйге келуі, жігерлілік, қойылған мақсатты орындауға қажет қайсарлық, педагогикалық тапқырлық т.б.);

-        педагогикалық әдеп пен өнеге (болған жағдайлар);

-        сабақтың педагогикалық ахуалы (көңілді, шынайы іскерлік қарым – қатынас, қалыпты қуаттау т.б.);

Оқушылардың танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру:

1.      Оқушылардың өнімді ойлау және елестету жұмысына жағдай жасау шараларын анықтау;

-        оқушылардың зерттелген зат және құбылыстарды қабылдауы, олардың мәнін түсіну жолдарын жоспарлауы;

-        сендіру, көндіру түріндегі нұсқауларды пайдалану;

-        оқушылардың тұрақты назарын және жинақылығын қалыптастыратын шаралар жоспарлау;

-        жаңаны қабылдау үшін, оқушылардың есіне алдыңғы қабылданған білім және білік маңыздылығын, әртүрлі жұмыс түрін пайдалану (әңгіме, жеке сұрау, қайталау жаттығулары);

2.      Жаңа білім және біліктерін қалыптастыру барысында оқушылардың ойлау және ескерту іс – әрекетін ұйымдастыру;

-         оқушылардың қалыптасқан білім және біліктерінің деңгейін анықтау (нақты – сенімді көзқарас, ұғымдар, қорытынды бейнелер, қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде);

-         оқушылардың ойлау іс – әрекетін және елестетуін ұйымдастыруда ұғымдар, жаңа бейнелер құру, түсіну деңгейі қалыптасуының психологиялық заңдылықтарына негіздеу;

-         оқушылардың өзіндік ойлауы мен белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыс түрлері мен әдіс – тәсілдерін жоспарлау (сауалдар жүйесі, проблемалық жағдаят туғызу, мәліметтерді жеткіліксіз және артық есептер пайдалану, оқушылардың сабақта іздену және зерттеу жұмысын ұйымдастыру, өзіндік жұмыстар барысында шешілетін интеллектуалдық қиындықтар құру, оқушылардың танымын дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделендіру);

-         түсіну деңгейін көтеруге (бейнелеу, салыстыру, түсіндіруден қорытуға, бағалау, келесі мәселе) және ой жүгірту, ойды бір түйінге келтіру біліктілігін қалыптастыруға басшылық;

-         оқушылардың әртүрлі шығармашылық жұмыстарын пайдалану (жұмыс мақсатын, оның орындалу шарттарын түсіндіру, мәліметтерді іріктеу және жүйелеуге оқыту, сонымен қатар нәтижені өңдеу және жұмысты реттеуге үйрету);

3.      Жұмыс нәтижесін бекіту:

-         жаттығу жолдарымен дағдыларын қалыптастыру;

-         ерте меңгерілген білік және дағдыларын жаңа жұмыс жағдайында қолдануға үйрету;

Оқушылардың ұйымшылдығы:

-         оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін – өзі ұйымдастыруы және ақыл – ойларының даму деңгейі;

-         оқушылардың оқыту деңгейіне қарай мүмкін топтар, оқушылардың сабақта жеке, топтық және фронтальды жұмыс үлгілерінің байланыстарын анықтау жағдайларының есебі.

Оқушылардың жас ерекшеліктерінің есебі:

-         оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ жоспарлау;

-         мықты және нашар оқушыларды ескере отырып сабақ өткізу;

-         мықты және нашар оқушыларды деңгейіне қарай саралау.

3. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

-         температуралық тәртіп;

-         ауаның физикалық – химиялық қасиеті;

-         жарық;

-         шаршау – шалдығу туралы ескерту;

-         іс – әрекет түрлерінің кезектесуі (есептік, графикалық және практикалық жұмыстардың орындалуы);

-         сергіту сәттерін сапалы және уақытылы өткізу;

-         оқушылардың жұмыс орнында дұрыс отыруын қадағалау;

-         сынып жиһазының оқушы бойына сай болуы.

-         Сабақта өткізу техникасына қойылатын талаптар:

-         сабақ әсерлі, оқуға қызығушылығын арттыратын және білімге қажеттілігін тәрбиелейтін болуы керек;

-         сабақтың ырғақтық қарқыны үйлесімді болуы керек, мұғалім мұғаліммен оқушының іс – әрекеті қорытындылануы тиіс;

-         оқушы мен мұғалімнің арасында толық іс – әрекеттік қарым – қатынас тудыруы қажет және педагогикалық әдеп пен өнеге, педагогикалық оптимизм сақталуы керек;

-         белсенді шығармашылық еңбек ахуалын тудыра білу;

-         оқушылардың іс – әрекет түрлерін мүмкіндікке қарай ауыстырып отыру, оқытудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін үйлесімді байланыстыру;

-         мектепте біркелкі орфаграфиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

-         мұғалім әрбір оқушының оқуға деген белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

Сабақты жоспарлау кезеңдері мен мұғалімнің оған дайындығы

-         бөлім және тақырып бойынша сабақ жүйесін жете дайындау;

-         бағдарлама негізінде сабақта әдістемелік құралдың, мектеп оқулығының және қосымша әдебиеттердің білімдік – дамытушылық, тәрбиелік мақсатын анықтау.

-         сабақ мазмұнын іріктеу, мағынасына қарай аяқталған блоктарға, бөлімдерге бөлу, бастапқы білімдерін анықтау, дидактикалық өңдеу;

-         сабақта оқушы түсініп және есінде сақтайтын негізгі мазмұнды тыңдау;

-         сабақ құрылымын, оның түрін және әдіс – тәсілдерін анықтау;

-         берілген материалдың басқа пәндермен байланысын табу; жаңа материалдарды оқытуда осы байланыстарды пайдалану және оқушылардың жаңа білім мен дағдыларын қалыптастыру;

-         жаңа білім мен біліктілікті меңгерту, сондай – ақ оны қалыптан тыс жағдайларда қолдану мақсатымен сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының барлық іс – әрекеттерін жоспарлау;

-         сабақтың дидактикалық құралдарын жинақтау (кинодиафильмдер, суреттер, плакаттар, үлестірмелер, сызбалар, арнайы әдебиеттер т.б.);

-         оқытудың техникалық құралдарының жабдықталуын тексеру;

-         мұғалімнің тақтада қолданылатын жазбалары мен суреттерін жоспарлау, оқушының осы тапсырманы тақтада және дәпте,рінде орындауы;

-         оқушының дамуына бағытталған сабақта өзіндік жұмыс түрлері мен олардың мөлшерін қарастыру;

-         оқушының сабақта және үйде меңгерген білімдері мен дағдыларының бекіту түрлері мен тәсілдерін анықтау;

-         оқушылардың біліктілігін тексеру жолдарын жоспарлау;

-         үй тапсырмасының мазмұнын, мөлшерін және түрін анықтау, үйге берілетін тапсырманың әдістемесін ойластыру;

-         берілген тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысын жоспарлау;

-         сабақ барысын және жоспарын талапқасай жазу.

Тақырыптық жоспардың үлгісі

Жоспардың жалпы сұрақтары: 1 – күні; 2 – сабақтың тақырып бойынша №; 3 – сабақ тақырыбы; 4 – сабақ түрі; 5 – сабақтың үш мақсаты; 6 – оқытудың әдістері; 7 – қайталау материалдары, оқушылар білімі мен біліктілігінің маңыздылығы; 8 – білімді тексерудің түрлері және кері байланыс; 9 – жоспарланған білім, білік, дағдыларын сабақта қалыптастыру.


САБАҚҚА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ


Мектепшілік бақылау қызметінің ерекшелігі

1.      Мұғалімнің іс – әрекетін зерттеу, оның жұмысы туралы ақпараттар жинақтау.

2.      Мұғалімге нақты және дер кезінде әдістемелік көмек беру бақылау мақсатына бағынады, оның педагогикалық біліктілігін өсіруде көмекң көрсету.

3.      Мектеп басшысы мен мұғалім арасында ынтымақтастық қарым – қатынас тудыру, әкімшілік тарапынан педагогтың жақсы жұмыс жасауына сенімділігін арттыру, қазіргі талапқа сай деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.

4.      Педагогикалық ұжымның келісуі мен әдістемелік бірлестіктер мен пән мұғалімдері және бастауышмектеп мұғалімдерінің қорытындысын ескере отырып, аттестациялық комиссияның ұсынысымен бақылау мақсатымен міндеттерін жоспарлау.

5.      Мұғалімнің жұмысында кездесетін қиыншылықтарына назар аудара отырып, бақылау мазмұны мен түрлерінің міндетті түрде мұғаліммен келісуін қамтамасыз ету.

6.      Мектепшілік тексеру – бақылаудың нәтижесімен, қорытындысымен педагогикалық ұжымды хабардар ету.

7.      Мұғалімнің өз пікірін айтуға, өзінің теориялық көзқарасын және әдістемелік ұстамын сақтауға мүмкіндік туғызу.

Сабақтың талдау ұстанымдары – оқытушы еңбегін бағалаудың сенімді негізі

Оқытудың міндеті мен мақсатының дұрыстығын, оқыту үрдісінің теңділігін арттыру және оны ғылыми негіздеу үшін сабақ барысын бақылау, оның мақсатқа жету дәрежесін анықтау қажет. Оның ең басты жолы – сабақты талдау. Сабақтың қалай өтетініне, барысына жай емес, дидактика ұстанымдарына негіздей, ғылыми талдау жасау. Сабақ оны өткізу үшін емес, оқушының тұлғасына әсер ету үшін өтеді.

Зерттеулер нәтижелерін қорытындылай келе былай деуге болады. Сабақты бақылау барысында төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.

І.Бейтараптылық қағидасы.

Сабақ – бұл білім үрдісінің педагогикалық – психологиялық заңдылықтарына негізделген әрбір оқытушының ғылыми шығармашылығы.Кез – келген тексеруші – оқытушы тарапынан сабақтың өту барысында өрескел қателерді көріп тұрғанның өзінде, сабақ өту кезеңіне араласуға не ескерту жасауына құқы жоқ. Ондай қателер жөнінде сабақтан соң айтылып, оны сабақ беруші мұғалімнің өзі, келесі сабақтарында жоюы керек.

ІІ.Тексерушінің мұғалім мен оқушыға деген қарым – қатынасының сыпайылық қағидасы.

Жалпыға белгілі кез – келген тексерідің мақсаты сабақ беруші ұстаздың қатесін тауып, кінә арту емес, оған педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеруге жол сілтеп бағыт беру және көмек көрсету.Тексеруші сабақ берушімен мейлінше жұмсақ, сыпайы болуы тиіс.Тексеруші тарапынан оқушыға да дәл осындай қарым – қатынас болғаны дұрыс. Тексеруші өзінің шебер қимылын, көзқарасын айқын бақатпауы қажет (Мысалы ризашылығын немесе келіспеушілігін). Себебі сабағында тексерушінің отырғанын әрқалай қабылдайтын оқытушылардың екі тобы болады. Бірі – тексерушінің бар – жоғын елемейтіндер, олардың сабақтарында қиыншылықтар болмайды. Екінші бір тобы – өз жоспары мен идеяларынан ауытқып, бар бағдарын тексерушінің көңіл – күйіне, қимылына қарай өзгертіп жібергісі келетіндер. Мұндай оқытушыларға сабақ өткізу қиынға түседі, ал тексерушінің бет – пішінінің өзгеруі, қимыл – қозғалысы мүлде сабаққа байланысты болмауы да мүмкін ғой.


ІІІ.БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ САБАҚ ТЫҢДАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ҚАҒИДАСЫ.


Сабақта тұрлаусыз детальдар жоқ және болуы мүмкін де емес, өйткені сабақ уақыты шектеулі.Тексеруші қатысудың мақсатына қарамастан сабақтың барлық барысын түгел дерлік қағазға түсіріп отырады. Яғни оқушы мен оқытушы қызметінің барлық түрін оларға жұмсалған уақыт мөлшерімен қоса. Тәжірибе көрсеткенде, тексерушілердің сабақ бойын қандай да бір сызба не кестелерге салып белгілеп отыруға тырысуы ешбір жетістікке жеткізбейді. Өзінің сызбасына қажет әрекеттің қашан орындалатынын күтіп отыруы, тексерушінің көзге ілгісіз боп көрінгенмен сабақтың мақсатын ашатын детальдарды көрмей, байқамай қалуына себеп болуы мүмкін.Сабаққа қатысушы сабаққа қатысу мақсатын жазбаша көрсетіп қоюы керек. Тексеруші сабақтағы іс – әрекеттердің уақытын көрсетеді дедік, мұны өткен минуттар саны емес, жұмсалған уақыт мөлшері деп түсінген жөн. Оқытушы мен оқушы әрекетінің мазмұны қысқаша жаылады, тексерушінің ескертулері, алып – қосарлары, маңыздысы көбірек жазылады. Сабақта не болғанын: сабақ құрылымы, формасы, әдіс – тәсілдері, қандай дидактикалық құралдардың тиімді пайдаланылғандығы талданады. Дегенмен есте сақтайтын жайт: не қолданылғаны емес, қалай қолданылғандығы, тиімділігі маңызды.

Енді сабақты талдау ұстанымдарын қарастырайық:

1.Ғылымилық ұстанымы – сабақтағы оқушы мен оқытушы қызметіне қойылатын педагогикалық, психологиялық, ғылыми негізделген талаптарды анықтайды. Бұл ұстанымды іске асыру кейбір тексеруші тарапынан айтылатын маған мына жері ұнады, мына жері ұнамады деген бір жақты пікірлерді жоққа шығару керек дейді, себебі бұл тексерушіге ұнаған, басқа тексерушіге ұнамауы мүмкін. Ғылымилық ұстанымы бойынша оқушы мен оқытушының сабақ үрдісіндегі қызметін тексеруде әрбір тексеруші қандай ғылыми негізделген іс-әрекет болды, ол қалай жүзеге асты толық па, жекелей ме әлде мүлде іске аспады ма, соған көңіл аударуы қажет. Ал ең маңыздысы, оқытушыға белгілі талаптардың не ғылыми негізделген талаптардың әлсіз болу себептерін талдап беру қажет.

2.Келесі маңызды ұстаным – белгілілік ұстанымы – көптеген тексерушілер тарапынан кездесетін жай сабаққа қойылатын жаңа шыққан талаптар және ғылыми жаңалықтар мен нұсқауларды оқып алып, соны сабақты талдағанда оқытушыдан талап етеді.

Бұл қате нәрсе, сондықтан белгілілік ұстанымы бойынша әрбір мұғалім тексеруші сабағына кірерге дейін оның сабағын талдау барысында одан қандай нұсқауға сүйенген талаптардың сұралатындығын, не талап етілетітіндігін білуі қажет. Оны білуге әрбір оқытушының құқығы бар. Әтпесе тексеру барысында тексерушінің талап етіп отырғаны туралы мұғалім бірінші рет естіп отырғандығы да кездеседі. Сондықтан тексеруші тексеріп талдайтын сабақты мұғалім жоспарламас бұрын не талап етілетіндігі жақсы белгілі болуы тиіс.

3.Барлық тексерушілердің талаптарының бірлігі ұстанымы да аса маңыздылардың бірі. Практикада кездесетіндей неше тексеруші болса сонша пікір деген бұл тексерушілердің қызметінің формальды нәтиже болып қалуына әкелуі мүмкін. Тексеруші тексеру, талдау барысында басшылыққа алатын ғылыми нұсқауды өзі терең меңгерместен, онымен оқытушыны таныстырмас бұрын, сол әдіспен тексеруге, бақылауға асықпағаны жөн. Сондықтан тексерушілер бірнешеу болған жағдайда өздері қоятын талаптардың біркелкі болуын, яғни тексеруші талаптардың бірлігін анықтап алуға міндетті.

4.Тұтас мақсаттылық ұстанымы. Әрбір нақты сабаққа қойылатын талап. Тексерушілер көбінесе сабақта не болатынын емес, көргісі келгенін көрсем дейді. ОТҚ пайдалануды, машиналы бағдарламалап, машинасыз бағдарламалап оқыту мен сұрау әдістерін көруді тексерудің нәтижесін ең аз дегенде тоқсан бойы, не жарты жыл, тіпті бір оқу жыл бойы көріп барып талдаған дұрыс болады.

Сонымен қорыта келгенде, сабаққа қатысу мақсаттарын төмендегідей деуге болады:

-         Сабақта оқытушы оқыту, тәрбиелеу, дамыту ұстанымдарының бірлігін қалай жүзеге асырды;

-         Тәрбиелей отырып оқыту ұстанымы қалай іске асады;

-         Дамыта отырып оқыту ұстанымы қалай жүзеге асады;

-         Оқытудың сәйкестілік пен түсіністілік ұстанымы қалай жүзеге асады;

-         Оқытудың түсініктілік, беріктілік, саналылы ұстанымдары қалай іске асады;

-         Сабақтың ұйымдастырылуы қаншалықты дәрежеде қазіргі ғылыми талаптарға жауап береді;

-         Сабақта тәрбиелеу мен оқыту міндеттері мен негізгі мақсаттарын іске асыруға ұстаздың тұлғалық сапасы қалай әсер етеді;

-         Сабақта мұғалімнің дидактикалық қызметі қаншалықты тиімді;

-         Оқушылардың сабақтағы қызметінің белсенділігі мен тиімділігінің дәрежесі;

Сабақты талдауда формализмнен аулақ болудың кепілі – сабаққа қойылатын талаптардың тиімділігі.

Тиімділік деп – бұл жерде қажеттілік пен жеткілікіліктілікті айтамыз. Бұл ұстаным жоғарыда айтылған барлық ұстанымдармен тығыз байланысты. Көптеген тексерулерде қойылатын талаптарды 8 – 16 – ға дейін, кейде тіпті 100 параметрге дейін жеткізіп жатады. Ал бұл мұғалімді өте қиын жағдайға қалдырады және уақытты көп шығындайды. Мысалы, сабақты талдауға қатысы жоқ мәселелерді де енгізеді: (көшеде шу естілмей ме?, сабақ қайда өтуде кабинетте ме, лабораторияда ма? Т.б.). Осындай нәрселердің сабақтың білімдік, тәрбиелік мақсаттарын талдауда, бағалаудың тиімділігін анықтауда ролі бар ма?

5.Сабақты талдаудың маңызды ұстанымы – талаптардың өзара шарттылығы мен бірлігі ұстанымы (кері байланыс: яғни сабаққа деген талап соның ішінде оқытушы мен оқушы қызметіне деген талап-талдаудың негізі: мұғалім мен тексерушінің қызметі ортақ іс-әрекет.            Мұғалім оны іске асырады, тексеруші сол нәрсені талдайды. Мұғалімнен бір нәрсе талап етіліп, басқа нәрсе тексеріліп бағаланбауы керек және ол мүмкін де емес.)

6.Әділеттілік пен мейірімділік ұстанымы да маңызды мәселелердің бірі. Бұл ұстаным педагогикалық басқаруды субъекті қызметінде ізгілендіру мен адамгершілікті көрсетеді.

Сабақты талдау – оның өту барысында оқытушы мен оқушының қызметінің жемісті болуын – ғылыми тексеруді жүзеге асыру әдісі, хабарды алудың негізгі көзі оқытудың жаңа мақсаттары мен жетістіктері туралы тексерушілердің жаңа білім алуы.

Сабақ – органикалық тұтас, сондықтан сабақтың бүкіл барысын түртіп отыру қажет. Ал кейде сабаққа қатысудың жекелеген мақсатына байланысты оқытушы мен оқушының қандай да бір іс-әрекетінің түрін ғана жіті бақылау – ол мүлде басқа мәселе.

7.Дербес ерекшеліктерді есепке алу ұстанымы. Оқу пәнінің не оқытушының өзіндік дербес ерекшеліктері сабақты тексерушіге бақылау кезінде аса маңызды талаптар қояды. Яғни барлық пәнді, не барлық оқытушының бір сабағына қарап барлық сабағы туралы қорытынды пікір жасамай, оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін де есепке алу қажет. Сабаққа қатысқаннан кейін тексеруші сабақты өткізген мұғалімнің өзіне сөз береді. Содан соң ғана жазып алған мәліметтерге сүйеніп, тексеруші өз пікірін білдіреді. Сабақты талдау ұстанымдарын пратикада қолдану және есепке алу оқытушы мен оқушы қызметін бағалаудағы формализмнен сақтайды, оның еңбегін әділ бағалаудың, жетістіктерге жетелеудің сенімді құралы.

Оқушының іс-әрекетін және оқыту сапасын бақылауды қамтамасыз ететін ақпарат:

-         Сабақты жүргізуге мұғалім жұмысының дайындығы (әр сабақтың және тақырыптық жоспарлар, оқу – әдістемелік  құралдарды жинақтау, дидактикалық материалдар т.б.)

-         Сабақтың білімді, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын анықтау, олардың маңыздылығы;

-         Сабақты ұйымдастыру, мақсат қою, оқушыларға жұмыстың ретін түсіндіру;

-         Сабақтың ғылыми маңыздылығы, оқушылардың қиын сұрақтарды меңгеруінің негізділігі;

-         Сабақта оқытудың дидатикалық ұстанымдарын ұстану;

-         Мұғалімнің сабақ беру әдісінің мақсатқа, тақырыптың мазмұнына, сол сыныптың оқушыларының дайындық деңгейіне сай келуі (суретке қарап түсіндіру, қайта жасау проблемалық – зерттеушілік және басқа да әдіс-тәсілдер);

-         Сабақта оқыту, тәрбиелеу және оқушының ақыл-ойын дамытудың үйлесімді байланысуы;

-         Оқушыларды оқыту іс-әрекетінің шығармашылық үрдісіне араластыру, оқушылардың оқу материалын саналы түрде меңгеруі;

-         Оқушылапр бойында танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру және білімге деген құштарлықтарын арттыру;

-         Мұғалім әр оқушының білім деңгейін біле отырып, оны оқушының танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілетінің дамуын қалыптастыруда пайдалануы;

-         Сабақтың практикалық бағыты, оқытудың өмірмен, өлкетану мазмұнымен байланысы;

-         Оқыту барысындағы пәнаралық байланыс;

-         Оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері (фронтальды, топтық, жеке);

-         Техникалық оқыту құралдарын және көрнекілік құралдарды пайдалану;

-         Білім және дағдыларын төселдіру үшін жаттығу мен есептердің дұрыс іріктелуі, таңдаулы;

-         Сабақ барысында кері байланыс орнату;

-         Оқушының өзіндік салыстыру, талдау, қортынды жасау жұмыстары ынталандыру;

-         Оқушының сөйлеу және және жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды орындау;

-         Сабақта мұғалім және оқушының ғылыми еңбегін ұйымдастыру;

-         Үй тапсырмасын ұйымдастырудың әдістемесі (көлемі, түрі, деңгейі, дер кезділігі);

-         өткенді қайталау, жаңа материалды бекіту;

-         оқытудың кабинеттік жүйесін артықшылығын және оның ұтымды мүмкіндіктерін пайдалану;

-         оқыту үрдісін саралау;

-         сабақта мектепшілік әдістемелік тақырыптың тәжірибелік шешімі;

-         оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;

-         сабақтың тығыздылығы, уақытты үнемдеу;

-         сабақ әсерлілігінің толықтылығы;

-         сабақта техникалық қауіпсіздік ережелерін және санитарлық –гигиеналық талаптарды сақтау;

Сабаққа қатысу жүйесі

1.       Мұғалім жұмысының жүйелілігімен танысу, оқыту әдіс – тәсілінің үйлесімділігінің байланысымен танысу мақсатында, белгіленген сыныпта тақырып ойынша өтілетін барлық сабақтарға қатысу.

2.       Оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігіне байланысты әдістемелік – тәсілдерді зерттеу мақсатында жұмыс күнінің барысында мұғалімнің әр сыныпта өтілетін сабақтарына қатысу.

3.       Оқушылардың бір күндік оқуында алған ақпараттың мөлшерін анықтау, бағалау мақсатында күні бойы бір сыныпта әртүрлі мұғалімдердің сабағына қатысу; үй тапсырмасының талапқа сай орындалуы, оның бір күндік жалпы көлемі, әр сабақта оқушылардың еңбек ету қарқындары.

4.       Үй тапсырмасының орындалу сапасы, оқушының белсенділігі, ынталылығы оның өз бетімен жұмыс істеуі, әр оқушының жүйелі жұмысын зерттеу мақсатында бір сыныптың сабақтарына апта бойы қатысу.

5.       Оқу – тәрбие үрдісінің жеке мәселелерін зерттеу мақсатында әртүрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу (өзіндік жұмысты ұймдастырудың тиімділігі, оқушылардың арнайы және жалпы оқуының білім және дағдылары дәрежесінің қалыптасуы, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру т.б.)

Сабаққа қатысу мақсатын жіктеу

1.      мерзімді (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, тұрақты, ауыспалы). Мектеп алдына қойылған негізгі және көмекші мақсаттардың мазмұнына, педагогикалық кеңесте және кәсіптік жиналыстарда талқыланатын сұрақтар ерекшелігіне, әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарына тәуелді.

2.      зерттелетін құбылыстың тереңдігі және пайдалану шегі.

-         жалпы дидактикалық бағытқа белгілейтін, қашық мақсаттық нұсқау (танымдық қызығушылықтың дамуы, жалпы оқу білік және дағдыларының қалыптасуы);

-         жеке дидактикалық бағытқа белгілейтін шағын мақсаттық нұсқау (ауызша сөйлеу дамуына бағытталған жұмыстың нәтижесі, оқушылардың сабақта шығармашылық жұмысын ұйымдастыру)

3.      мазмұнына қарай – оқу бағдарламасының нақты сұрақтарына бағытталған (мұғалімнің математика сабағында есептеу дағдыларын дамыту, тарих сабағында дерекнамалармен жұмыс істеу, т.б.)

Проблемалық-дамытушылық сабақты кешенді талдау үлгісі

-         Мұғалім және оқушының сабаққа дайындығы;

-         Оқушылардың сабаққа іштей психологиялық дайындықтары;

-         Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті (қажеттілік туғанда);

-         Мұғалімнің сабақтың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін жоспарлауы және оларды оқушыларға хабарлау;

-         Оқушылар білімінің маңыздылығы және іс-әрекеттерінің тәсілдері;

-         Мұғалім оқытуда проблемалық әдістердің қайсысын пайдаланады (ізденушілік, зерттеушілік);

-         Оқушыларды оқытуда проблемалық әдістерді пайдалану;

-         Мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің ынтымақтастығы;

-         Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемі мен мазмұны;

-         Оқушылардың дамуының жақын аймағын анықтау;

-         Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру;

-         Мұғалімнің проблемалық сұрақ, проблемалық жағдаяттар шешімін көрсете білуі;

-         Мұғалімнің проблемалық жағдаяттарды тудыру тәсілдерімен таныс болуы;

-         Оқу проблемасын айқындау ережесін сақтау;

-         Оқулықты қолдану, оқулық бойынша іздену жұмысын ұйымдастыру;

-         Көрнекілік құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сай болуы;

-         Оқушылардың арнаулы және жалпы оқу біліктілігін қалыптастыру;

-         Оқушылардың бойында таным біліктілігінің болуы, мәселені айқындай білуі, болжам жасап, оны дәлелдеу жолдарын табу, болжамды шешу жолының дұрыстығын тексеру;

-         Оқушылардың ойлау әрекеттерін жүзеге асыра білуі;

-         Оқушылардың әр сабақ кезеңінде танымдық қабілеттерін дамытуы;

-         Сабақ кезінде кездесетін қиыншылықтар, олардың себебі, олар қандай тәсілдер арқылы шешілді;

-         Оқушылардың үй тапсырмалары проблемалық – дамыта оқыту талаптарына сәйкестігі;

-         Оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, дайындығын есепке алу, сараптамалық тапсармалар беру;

-         Оқушылардың еріктілігін, интеллектін, сезімдерін, танымдық қызығушылығын, сөйлеуін, ойлау қабілетін дамытуға сабақтың қосатын үлесі;

-         Сабақтың жалпы нәтижелілігі.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңартылған білім беру сабағының құрылымы

Автор: Жусупбекова Разия Кайруллаевна

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 402990

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"
    ["seo_title"] => string(64) "zhanartylgan_bilim_mazmuny_boiynsha_okytudagy_zhana_dis_t_silder"
    ["file_id"] => string(6) "548425"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1588220981"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Білім беру ба?дарламаларын ?зірлеудегі ?азіргі заманда?ы т?сілдер "
    ["seo_title"] => string(73) "bilim-bieru-bag-darlamalaryn-zirlieudieghi-k-azirghi-zamandag-y-t-sildier"
    ["file_id"] => string(6) "194172"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427733435"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?лемні? а?паратты? бейнесі саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "liemnin-ak-parattyk-bieiniesi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "252529"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447405792"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_stan_riespublikasynyn_miemliekiettik_k_u_rylymy_k_aruly_kushtierdin_u_ltt"
    ["file_id"] => string(6) "365642"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480860447"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства