Жаңа инновациялық технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану тиімділігі
Жаңа инновациялық технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану тиімділігі
Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа инновациялық технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану тиімділігі»
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне,жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау.Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс.Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік,үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.
Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу. Өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, ел-дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын еркін жеткізе алуға баулудамын.Сабақта Эльконин-Довыдовтың дамыта оқыту технологиясын, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту және сонымен қатар «Шексіз оқу» технологиясын жиі пайдаланамын.Технологияларды қолдана отырып оны сыныпқа бейімдеу мақсатымен психологиялық жағдаяттарды ескереміз. Сондықтан үй тапсырмасын сұрамас бұрын жаңа тақырыпты меңгерту өте тиімді. Оқушы бойындағы танымдық қабілетті дамыту үшін оқыту үрдісінде пайдаланылатын инновациялық технологияларды тиімді қолданып, нәтижесін көру әр мұғалімнің шығармашылығына байланысты.Уақыт өткен сайын даму сатысының жоғарлауына байланысты,оқыту жүйесі де талай өзгерістерді талап етіп отыр. «Заманына қарай амалы» демекші әр кезеннің өзінің күн талабына сай оқыту үрдісі болады. Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.