kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл мүкістігі неден пайда болады" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дұрыс сөйлеуді қалыптастыру кейде ата-аналар "баламен жұмыстануды қашан бастау керек деп " сұрап жатады.Баламен ауызша сөйлесуді,жалпы жаттығуды кішкентай кезінен бастаған жөн.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл мүкістігі неден пайда болады" баяндама»

Тіл мүкістігі неден пайда болады?

Соңғы жылдары логопедке деген сұраныс жоғары. Тіпті арнайы балабақшалар мен оған кезекке тұрғандардың саны да көп. Бұдан келіп «тіл мүкістігі бар балалар неге көбейіп барады?» деген сұрақ туындайды. Қазақ балаларының арасында мұндай жайт неге белең алуда? Жалпы тіл мүкістігі неден пайда болады?

Дені сау  бала 1,5  жасқа толған кезде естіген дыбысына жауап ретінде қимыл-әрекет жасау керек. Тіпті, бұл жаста үлкендер секілді ойлап, сөйлеу қабілеті де дамиды.

Жалпы, баланың дамуы кезінде тісінің қисық шығуы, таңдайы мен тілінің жырық болуы, аузын еркін аша алмауы  – мұның бәрі тіл мүкістігіне әсер етеді. Сондай-ақ, туғаннан баланың есту қабілеті нашар болса, айтылған сөзді құлағында сақтап қала алмайды. Сол себепті де сөздерді анық айтпайды. Тағы бір әсер ететін фактор – жүйке жүйесінің зақымдалуы. Яғни, бала кішкене кезінен белгілі бір жағдайда қатты қорықса, шошынса да сөйлеу кезінде қиналады. Бұдан басқа да әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, анасының екіқабат кезінде жұқтырған түрлі вирустары немесе сәби кезінде дұрыс салынбаған екпелер, экологиялық проблемалар – бәрі де әсер етеді.

Қандай түрлері бар?

Тіл мүкістігінің бірнеше түрлері бар. Олар:

– сигматизм – с, ц, з, т, ж, г, щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;

– сақаулық – р әріпін айта алмау;

– лямбдацизм – л дыбысын басқа әріппен алмастыру;

– дизартрия – әріптерді дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы.

Балалардың «н» мен «ң» дыбыстарын дыбыстай алмауының бірнеше себебі бар. Егер балада сөйлеу мүшелері дұрыс қалыптаспаса, ол “ң” дыбысын нақты айта алмайды. Яғни, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ернінің қалың болуы бұл дыбысты дұрыс айтуға кедергі болады. Сондай-ақ, бала қазақ тілді ортада тәрбиеленіп, тілінен «ң» дыбысын айта алмаса, маманға көрсеткен дұрыс. Ал орыстілді ортада өскен бала онсызда солай қалыптасып кетеді. Себебі бала үшін қалыптасудың ең үлкен үлгісі – ата-ана. Логопед маманның жаттығуға арналған құралдары Жалпы фонетикалық өзгерістердің бала тілінде болуы заңды құбылыс. Балалардың кейбір дыбыстарды айта алмауы немесе ұқсас дыбыстармен айтуы бала тілінің артикуляциялық базасының әлі толық қалыптаспағандығынан деп түсінген жөн.

Дұрыс сөйлеуді қалыптастыру үшін…

Кейде ата-аналар: “баламен жұмыс істеуді қашан бастау керек?”, – деп сұрап жатады. Баламен ауызша сөйлесуді, жалпы жаттығуды кішкентай кезінен бастаған дұрыс. Ата-аналардың қателігі 3 жасқа дейін баласы сөйлемесе оны қалыпты жағдай деп қабылдайды. Ерте жастан баланы маманға қаратса, соғұрлым нәтижесі де жақсы болады.Балада дұрыс сөйлеу қалыптасу үшін ұсақ моториканы дамыту керек.  Ғалымдардың  дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні  алақан мен саусақтарда орналасқан. Сондықтан зерттеушілер алақанды “екінші тіл” деп те атаған. Яғни,  екі алақан мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың есте сақтау,  ойлау, пайымдау, зейін салу, сөйлеу сияқты т.б қабілеттерін жақсарта аламыз. Ал оны дамытуды баланың 8 айлығынан бастаған дұрыс.

Тіл мүкістігін жоюға бола ма?

Тіл мүкістігі – тек дұрыс сөйлеу ғана емес, ойлағанын жаза алмау. Яғни, бала естігенін сол күйінше жаза салады. Мәселен, бала мектеп жасында дұрыс жазуды, ойлауды үйренбесе, сол күйінше қала береді. Біз баланың дұрыс жаза алмайтынын қалай байқаймыз?

Логопедтің қабылдауына келген Әмина ©Айгүл Хожантаева

Мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамыған деп есептейік. Ал дұрыс жазып білмейтіндер қолындағы затқа немесе айналасындағы қоршаған орта туралы дұрыс айта алмайды. Демек, олар дұрыс ойлап білмейді деген сөз.  Мұның бәрі мидың тежелуінен болады.Барлық жастағы адамдардағы тіл мүкістігінен арылуға болады. Яғни, жоғарыдағы айтқан төрт түрін де әртүрлі жолмен жоя аламыз. Ол үшін арнайы логопед маманға көріну керек. Маман ауыз қуысына қарай аппарат арқылы бірнеше сабақтар өткізеді. Түрлі жаттығулар береді немесе деңгейіне қарай жеңіл операциялар болуы да мүмкін.

Ата-аналар үшін…

Қазіргі таңда ата-аналар баласымен ауызша сөйлесуді ұмытып қалған. Әңгіме-ертегі, өлең оқып бермейді, бұрынғы “қуырмаштарды” айтпайды. Бұның бәрі балаға қажет. Ол осылай тәрбиелуі керек. Бұрын қазақ бесік жыры, ертегілер, қуырмаш, тіпті асық ойындарының өзі осы балалардың дамуы үшін ойлап табылған. Ал қазір мұның бірі жоқ. Керісінше балаға телефон беріп, теледидардың алдына телміртіп қояды. Уақытын алып, жыламаса болды. Байқасаңыздар, қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлерден гөрі қазіргі балалар аюы бар Машаны, сап-сары Спанш Бобты жақсы таниды. Сол үшін де қоғамымызда бір-бірін түсіне алмайтындар көбейіп келеді. Ата-аналар логопедтің кабинетінен баласын алып шыққан соң үйде баламен белгілі бір уақытта ғана сөйлеседі. Олай дұрыс емес. Барлық уақытыңызды баламен қарым-қатынасқа бөліңіздер. Оларды тыңдаңыз, сөйлесіңіз.


Баламен бәрі еркін әрі ашық түрде өту керек. Оған ойын ойнатып, сол арқылы баламен қарым-қатынас жасау тиімді. Оны белгілі бір ережелерге салудың қажеті жоқ. Мысалы, балаға анасы күні бойы ертегі айтса бұл оған пайдалы болар еді. Ертегіні тыңдаған кезде баланың ой-өрісі дамиды, көз алдына елестетеді. Балаларыңыздың әрбір әрекетін қадағалаңыздар. Олармен бірге сөйлесіңіздер. Баланың тілін түсінуге тырысу керек. Көшеде баласын ерткен ата-аналарды жиі көремін. Баланың қолында гаджет, жанында анасы телефонмен сөйлесіп жүреді. Егер бала ата-әжесінің қолында болса, әжесі үнемі сөйлеп жүреді. Ертегі айтады, айналадағы нәрселерді көрсетеді, ән салады – баламен қарым-қатынас болады. Ал баламен сөйлесуде осындай әртүрлі тәсілді қолдану керек деп айтар едім. Тағы бір айтарым – баланың ой-өрісін кеңейткіңлеріңіз келсе, кішкентайынан классикалық әуендерді тыңдату керек. Сол кезде бала әсемдікке, әдемілікке, баппен сөйлеуге, дұрыс ойлай білуге үйренеді.











































«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ





«Жантану»әдістемелік бірлестігінің «Жүректен жүрекке» акциясында өткізілген

Баяндама «Тіл мүкістігі неден пайда болады?»





















Өткізген: логопед мұғалім А.Каймулдиева











2018-2019 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тіл мүкістігі неден пайда болады" баяндама

Автор: Каймулдиева Акмарал Амандыковна

Дата: 03.04.2019

Номер свидетельства: 505848

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Баяндама: «Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері»"
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_k_a_taldau_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhan_artu_zhag_daiynda_muzyka_sabag_yn_ok"
    ["file_id"] => string(6) "471688"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527741047"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Семинар "Мазасыздану,үрейлену" дегеніміз не?"
    ["seo_title"] => string(48) "sieminar_mazasyzdanu_urieilienu_dieghienimiz_nie"
    ["file_id"] => string(6) "391629"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1487062934"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""Темекіні? адам денсаулы?ына зияны" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(54) "tiemiekinin-adam-diensaulyg-yna-ziiany-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "257621"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448366696"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства