kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: «Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама Тақырыбы: «Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері»

Дайындаған: Ордабекова З.Н.

 Түркістан облысы Шымкент қаласы

 МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ӘН ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУ ӘДІСТЕРІ

Баяндамада қазіргі таңдағы мектепте музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулудың басты мақсаттары мен әдістері қарастырылады. Музыка сабағында оқушылар ән айту, аспаптық мәдениетті, эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгереді. Сонымен қатар, шешендік айтыс, жыр-терме, ән айту, суырып салма ақындық өнерімен етене танысады. Оқушылар музыка сабағында: эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл-күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Сабақта оқушылар ән және аспаптық мәдениетті меңгере отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен арттыра түсудің маңызы зор екені баяндалады. Кілт сөздер: музыка өнері, көркем шығарма, музыкалық тәрбие, эстетикалық талғам, мәдени деңгей, екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға тәрбиелеу. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Оқу тәрбие барысында мектепте негізгі оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайта табыстырумен қатар және меңгерту болып табылады. Музыка өнері әрбір оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ойшыл ақын жеке адамның эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырады. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады. Мектепте музыка сабағында: шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-терме, театр өнері өз бейнесін тапты. Сонымен қатар, ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптастыруына, мәдени дәстүріне деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізді, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырды. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілетін дамытады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі, әрі ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді. Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады: а) музыка сабағында ұғымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы); ә) өз бетінше қатысуы; б) музыканы кездейсоқ тыңдауы. Сондай-ақ, оқушылардың сабақ барысында шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда ынталандырудың маңызы зор. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Музыка мұғалімі сабақты талдауы үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, алдына басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын әр оқушылардың сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі. Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізуге жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау мен қатар тиісті айырмашылығы (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса, бірі жоғары, екіншісі төмен регистрге орындалуы) арқылы тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсенді қатысу барысында, оқушылардың жаңалыққа деген құмарлықтары пайда болады; өз бетімен жұмыс жасай алады; музыкаға қатысты ақпарат көздерін тани біледі. Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылу оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашумен берге, олардың өздік пікірін айта алатындай деңгейге жеткізеді. Тақырып шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл-күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйретіп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай ауысады. О.Апраксина: «Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт» - дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсіндірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы рөлін анықтауға күш салған жөн. Әрине, оның рөлін әр оқушы өзінің түсінігіне, тәжірибесіне сүйеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет. Тыңдауды неден бастау керек? Бұл – музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселесінің бірі. Жалпы, қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: «.кез келген қабылдау күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері»»

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыка сабағын оқытудың мазмұндық және технологиялық аспектілері



18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету басты орында тұр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген қасаң қағиданы ұстана отырып, оқу үрдісі жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастырылып оқушылардың өз бетінше өмір сүрулеріне қажетті білім алу дағдыларын қалыптастырып бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсат етілуде.

Ендеше, адамның рухани дүниесіне әсер ететін педагогиканың ең күрделі саласы болған музыка сабағында оқушыны жаңа қоғамға қалай дайындаймыз? Бұндағы басты факторлар:әлемдік стандартқа сай білім беру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру болып табылмақ.

Ұшқан құстай дамыған қоғамда өсіп келе жатқан қазіргі таңдағы бар ақпаратпен жан-жақтылы қаруланған оқушыларға білім беру мен оларды таңғалдыра алу оңай болмасы анық. Сондықтанда білім беруші педагог мамандары кәсіби шеберлігі ұшталған, заманға сай, байқағыш, дарынды, жасампаздықты меңгерген,этикалы, инновациялды,өн бойынан нәр беретін тұнып тұрған сарқылмас қазына болуы талап етіледі.

Балаға музыка сабағының басқа пәндерден ерекше екендігін сезіндіру, музыка сабағында ән салдыру, балаларды аспапта ойнауға үйрету, 
балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастырып әрі қарай дамыту, 
осылайша музыкаға деген қызығушылығы мен эмоциялық көзқарасын қалыптастыра алу, музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге
қызығушылықпен,әуестендіре алу арқылы әлемдік стандартқа сай, бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлай алу музыка пәнінің мұғалімдеріне байланысты шешім болып табылады. Сондықтанда оқушыларымның музыка пәнінің адам өміріндегі маңызын ұғынып, алған білімдерін шынай өмірде қолдана білуге үйрету үшін сабағымда 7 модульді ықпалдастыру арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Мысалы: «АКТ»-ны сабақта пайдалану арқылы интеративті тақтамен тиімді жұмыстар жүргізіп, интернет кеңістігінде еркін жүріп оқушыларға концерттен үзінділер,композиторлардың өмірі, сергіту жаттығулары, мультимедиалық көрініс т.б. ресурстармен тікелей байланыс жасау арқылы сабағымды түрлендіре отырып оқушылармен сынып ішінде қызғынды жұмыстар атқардық.

Мұнымен қатар, әлемнің түпкір-түпкірінен қосылған нәтижелі идеяның туындысы «Cын тұрғысынан ойлау страгетиясын» сабағымда жиы қолдандым. Бұл үшін ең әуелі сабақты «Көршінің суреті» атты зейінді шоғырландыру, «Өзім туралы кластер» тренингімен қызықты әрі көңілді бастап, үй жұмысын «Бағдаршам», «Айналмалы бекет» т.б. секілді әдістер арқылы сұрадым.



Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыларға өз ойын ашық айтуға рұхсат бердім, сабақты «Ой қозғау» әдісін қолдану арқылы композиторлардың өмірі, әннің шығу тарихы туралы әңгімелер т.б. бейне материалмен бастап түрлі сұрақтар қойып отырдым. Бұл кезеңде оқушыларға сын тұрғысынан ойлауды тудырып ойлануға уақыт беруге тура келді және оқушылардың сан түрлі ой-пікірлерін тыңдай отырып, дұрыс пікір айта алмаған ішін-ара оқушыларға ұрса жөнелмей, керісінше бағыт-бағдар беріп жетекшілік жасау арқылы көпшілік алдында өз ойын еркін,ашық айтуға барынша жетеледім. Оқулықпен жұмыс барысында «INSERT» әдісі, композиторлардың рөлін сомдап оқушылардан қызықты сұрақтар мен жауаптар алу үшін «Ыстық орындық» әдістерін қолдана отырып сабақты сан қырлы тәсілдермен, жүздеген ой-пікірлермен бөлістім! Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушыларға смайлик шаптап қолдау білдірдім және оқушылардың ішкі уәжіне құлақ түру үшін сабақ соңында «Кері байланыс» жасап отыруды дағдыға айландырып оқушы үніне барынша назар аудардым.



Нәтижесінде, ақпараттық коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануда оқушыларым еркін ойланып ақыл –ойларын дамыта түсті,шығармашылық белсенділіктері артып, ұжымдық іс-әрекетке көшті,алған білімдері кеңи түсумен бірге және сабақты меңгеру процесі жеңіл болды! СТО технологиясымен жұмыс нәтижесі тіпті керемет!

Оқушылардың өз-өздеріне деген сенімділіктері мен оқуға деген ынталары артып, тыңдай білу және өз пікірін еш ойланбастан ашық білдіру, проблемаларды бірлесе шешуге ат салысу дағдылары қалыптаса бастады.

Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» – деген еді. Сондықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол – жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында бәсекелестіктің және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.

Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Мұғалімнің оқушы алдына беделді болуы, оның жауапкершілігіне, қамқорлығына, талап етуіне байланысты. Қазіргі музыка сабағын арнайы жабдықталған музыкалық кабинетсіз елестету мүмкін емес. Әр мұғалімнің эстетикалық талғамына сай безендіріледі және онда міндетті түрде музыкалық аспаптар техникалық және көрнекті кұралдар болуы шарт. Сонда ғана музыка сабағы нәтижелі болып білім сапасы онан әріге арта түспек!!!

З.Ордабекова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама: «Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері»

Автор: Ордабекова Захира Назарбековна

Дата: 31.05.2018

Номер свидетельства: 471688

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Баяндама Музыка саба?ында о?ушыларды ?н ж?не аспапты? м?дениетке баулу ?дістері. "
    ["seo_title"] => string(87) "baiandama-muzyka-sabag-ynda-ok-ushylardy-n-zh-nie-aspaptyk-m-dieniietkie-baulu-distieri"
    ["file_id"] => string(6) "160088"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422002046"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства