kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қоғам қайраткері  Жамалбек Шәймерденовтің елге жасаған жақсылығы, атқарған қызметі туралы, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек».»

      Дайындаған:

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта

лицей-интернатының тәрбиешілері:

Оңғарова Құндызай

Керімқұлова Дәнегүл Керімбайқызы

Тақырыбы: « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек».


Түрі: Тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларға қоғам қайраткері Жамалбек Шәймерденовтің елге жасаған жақсылығы, атқарған қызметі туралы, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жамалбек Шәймерденовтің суреті, кітабы қоғам қайраткерлерінің естелік сөздері,видеоролик.


Дәйек сөз
: «Асыл аға, текті азамат» Қуныш Айтаханов.

Жоспары:

1. Кіріспе: Өмірбаяны.

2. Игі істері мен жетістіктері.

3. Отбасы туралы.

4. Жамалбек Шәймерденовке ұсынылған марапаттары.

5. Жамалбек Шәймерденовке арналған естеліктер.

6. Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген жерлер және ақындардың арнау өлеңдері.

7. Интерактивті тақтада слайд көрсету.

8. Қорытынды


І. Кіріспе:

1. Өмірбаяны

1-жүргізуші: Құрметті! қонақтар, оқушылар!

 Қай заманда, қандай қоғамда болсын ер-азаматтың халық алдында беделге, атақ-абыройға, құрметке бөленуі оның ел үшін атқарған адал еңбектеріне байланысты болып жатады. Сондай азаматтардың бірі - Жамалбек Шәймерденұлы. Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденов  1928 жылы 4 қаңтарда  Оңтүстік Қазақстан облысыОтырар ауданыШәуілдір ауылында дүниеге келіп, 1998 жылы 17 сәуірде дүниеден озған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері. Ол таршылық қиын кезеңде қарапайым отбасында туып, тәрбиеленіп, бар ғұмырын, күш-жігерін елге қызмет етуге арнаған асыл азаматтар қатарына жатады. Биыл Ж.Шаймерденовтің туғанына 95 жыл толып отыр. Асыл азаматтың елге жасаған жақсылығы, атқарған қызметі туралы дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек» кісілік келбетіне қош келдіңіздер!

Ж.Шаймерденов жаны жайсаң, қарапайым, кішіпейіл, ақыл-парасаты мен қайырымы мол, білімі терең, табиғаты таза, өресі биік, халықпен етене араласып жұмыс істейтін еңбексүйгіш, іскер, дарынды басшы болды.

Жақаңның ата-бабалары текті адамдар болған. Атасы Нарбек кезінде ел билігіне араласқан, өзі шешен, болыс болған адам. Ісі халыққа да билікке де жаққан. Ел аузында Нарбек айтқан екен деген сөздер осы кезге дейін айтылып келеді. 

Әкесі – Шәймерден ұжымдастыру кезінде белсенді қызмет еткен еңбекқор, еңбегімен көпшілік құрметіне бөленген адам болған. Ол 1930-1935 жылдары қазіргі Сайрам ауданының Тастақ деген жерінде Сталин ұжымшарының басқарма бастығы болып қызмет істеп жүріп, ауырып, көз жұмған. 

Жақаңның анасы Балкүл апа – ақылды, ұстамды, сөзге өткір, көпке басу айтатын, ел тыңдайтын беделді кісі болған. Балкүл апай – бес баланың анасы. Күйеуі ерте қайтыс болып, ауруханада, науқастарға киім тігіп, кеңсе сыпырушы болып, шиттей бала-шағаны асырап, оқытып, өткен ғасырдың 40-50-жылдары бәріне жоғары білім әперген. Балкүл апайды ел құрметтеп, «Пірәдәр» деп атапты. «Пірәдәр» деп ел, көпшілік ерекше құрметтейтін, халықтың ризашылық сезіміне, сүйіспеншілігіне бөленген адамдарды айтатын. Ол кісі 1970 жылы жетпіс жасында дүниеден озған. 

2-жүргізуші: Алғашқы қызмет жолын Жамбыл облысында бастаған. Сол жерде үлкен кең шардың директоры болғанда ол 26 жаста екен. Жастық жігерімен күн демей, түн демей бар күш-жігерін салып, қызмет атқарады. Өңір көрсеткіштері бойын­ша республикада алдыңғы қатарда тұр­ды. Астық, қызылша, жүгері өсіруде, ет, сүт өндіруде өндірістік-территориялық бас­қарма қарамағындағы шаруашылықтар респуб­ликадағы озат тәжірибе мектебіне айналды. 

Жамалбек Шаймерденұлы небары 33 жасында республикада ірі өндірістік-территориялық басқарманың бастығы болып тағайындалса,

36 жасында облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, ал 37 жасында облыстық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 37 жасында үлкен облысқа басшы болу үшін терең білім, ақыл мен парасат, іскерлік пен ұйымдастырушылық қабілет керек екені бәрімізге түсінікті. 

Келесі кезекті Жамалбек аға туралы жазылған өлең – жырлар мен ол туралы айтылған естеліктерге берейік..

2. Игі істері мен жетістіктері.

 1-оқушы Жамалбек Шәймерденов жұмыс істеген 20 жылда астық өндіру көлемі 20 еседен аса, мақта 1,35 есе, көкеніс пен жүзім 2,5 есе, жеміс-жидек 3 есе өсті.

 2-оқушы: Жамалбек Шәймерденов обылыс атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезде «Фосфор» бірлестігі, Шымкент – Састөбе цемент зауыттары, Кентау эксковатор және трансформатор зауыттары, Шымкент мақта-мата комбинаты, Шымкент шина және шина жөндеу зауыттары бой көтерді.

3. Отбасы туралы.

3-оқушы: Үлкен ұлы - Сержан Жамалбекұлы Шәймерденов, Алматы Архитектура және құрылыс институтын үздік бітірген, Қазақстан Республикасының белгілі сәулетшісі, «АлматыГипрострой» институтының бас сәулетшісі, Қазақстан Республикасы сәулетшілер қоғамының президенті, Шығыс елдері Архитектура қоғамының вице‑президенті болып ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарды. Оның қолынан шыққан сәулет өнерінің көркем туындылары - әсем көше, алаң, саяжол, ғимараттар - қазіргі уақытта Алматы қаласы мен барлық дерлік облыс орталықтарында, Түркістан, Кентау қалаларының әсем келбетін құрайттын көріністтен өз орнын тапқан.Кіші ұлы Серік Жамалбекұлы Шәймерденов - Алматы архитектура және құрылыс институтының студенті.

4-оқушы: Үлкен қызы Меңсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова - Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты ,"Кітап" қоғамының төрайымы болған. Екі қызы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында қызмет етеді. Меңдіғаным Жамалбекқызы Шәймерденова – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тарих пәні оқулықтарының, оқу құралдарының авторы. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ғылыми-сараптамалық топ мүшесі; Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшесі. Республикалық Достық үйінде жастар ісі бойынша сарапшы . Алматы қаласындағы Дін ісі жөніндегі «Үйрену және талдау орталығы» Басқармасы қарауындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша ақпараттық топ мүшесі.

Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова – филология ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың, монографиялар, сөздіктер мен балаларға арналған ертегілердің авторы.

4. Жамалбек Шәймерденовке ұсынылған марапаттары.

 5-оқушы: Елге, партияға cіңірген еңбектері үшін марапатталды:

  • 1978 жылы Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Советінің Құрмет грамотасы;

  • 1967,1971, 1974, 1976, 1978 жылдары бес рет «Еңбек Қызыл Ту» ордені

  • 1980 жылы "Халықтар достығы" ордені;

  • 1982 жылы В.И.Ленин ордені;

  • "Құрмет белгісі" ордені;

  • Одақтық дәрежедегі медальдар;

  • КСРО‑ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 15 алтын медалінің иегері.

5. Жамалбек Шәймерденовке арналған естеліктер.

 6-оқушы: Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1963-1975) хатшысы болған Бижамал Рамазанқызы "Қайраткер" деген естелік мақаласында:

"Ауа райы ауытқымалы, су тапшылығы басым, көп салалы өндіріс пен жол құрылыс жұмыстарын игеру, жеңіл өнеркәсіп саласын жолға қою, тұрғын үй, әлеуметтік мекемелердің мұқтаждарын шешу, ауылшаруашылығы (егін егу, өсіру, техникалық дақылдарды пәрменді игеру, мал шаруашылығын өркендету, жеміс‑жидек, бау‑бақша түрлерін қамту) қысы‑жазы іркіліс дегенді білмейтін қайнаған еңбек ортасында, шындығына келгенде ортасы емес, осының барлық басы‑қасында тұрып мұрындық болу, өскен жерде 35 жылға таяу еңбек етіп, артына жағымды істерімен із қалдырған қоғам қайраткері Жамалбек Шәймерденов бүгінгі де, келешектегі де ұрпақ таң қалатын феномен екенін атап өткенді жөн көрдік" - деп ерекше атап өтеді.

 7-оқушы: Есенғали Раушанов - ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты өзінің "Жайсаң қазақ" деген естелігінде:

"Ағамыз өнер, әдебиет адамдарымен аралас‑құралас болғанды ұнататын. Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шахановтардың шығармашылығын жоғары бағалаушы еді. «Жұлдыз» журналын, «Қазақ әдебиеті» газетін сүйіп оқыды. Ана бір жылы Шымкентке марқұм жазушымыз Қарауылбек Қазиевтің мерейтойына барғанымызда Жәкеңнің жергілікті ақын‑жазушыларға қамқорлығы туралы естіп, іштей марқайып қайттым. Жәкеңнің жиған дүние, балаларына қалдырған мұрасы дегенде менің көз алдымда тұратыны оның бай кітапханасы. Басқа байлығы барын мен білмеймін, естіген де жоқпын. Балаларының интеллектуалды азаматтар боп өскені де содан шығар", - деген ықыласын білдіреді.

6. Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген жерлер және ақындардың арнау өлеңдері.

 8-оқушы: Шымкент қаласындағы көшеге Жамалбек Шәймерденовтің есімі берілген;

1964-1983 жылдары тұрған үйінде Ж.Шәймерденовтің тұрғаны туралы мәрмәр тақта орнатылған;

Түркістан облысы Еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің шешімімен Жамалбек Шәймерденовтің есімімен аталған көшеде қайраткердің 80-жылдығына орай ескерткіш орнатылған;

Туған жері - Шәуілдір ауылындағы орталық саябақта ескерткіш орнатылған.

 9-оқушы: Әселхан Қалыбекова.

Қазақстанның халық ақыны.


Жамалбек ағамызға....

Кең иықты жазық өңі,

Деп тұрғандай ерен осы.

Нар жігіттің нағызы еді,

Нарбек бидің немересі.


Бәріне оның жетті ақылы,

Өз жолында табам деді.

Кісі болып кетті ақыры,

Отырардың Жамалбегі.

10-оқушы:Бегаман Сұлтаев, ақын.


Ел үшін туған ер.


Бірі еді елім деген саналы ердің,

Ағасы облыстың – тәмәм елдің.

Отырар халқы бүгін сағынады,

Өзінің мақтан тұтар Жамалбегін.


Халқының қамы болды басты арманы,

Бұл жолда қиындықтан жасқанбады.

Дәлелі іскерліктің, адалдықтың,

Жиырма жыл облысты басқарғаны.


7. Интерактивті тақтада слайд көрсету.


8. Қорытынды.

1-жүргізуші:

Қорытынды: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмей­тұғын артында із қалдырған» деп ойшыл Абай атамыз айтқандай, бүкіл ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған, артында өшпес із қалдырған, мемлекет және қоғам қайраткері Жамалбек Шәймерденұлы Шәймерденовтің Тәуелсіз Қазақстан тарихында өз орны бар. Оның өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге.


Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тақырыбы: « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек».

Автор: Сайлау Жұлдыз Бекболатқызы

Дата: 10.04.2023

Номер свидетельства: 629296

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Тақырыбы: « Кіндік қаны тамған жерге, маңдайыңның тері де таму керек»."
    ["seo_title"] => string(67) "takyryby_kindik_kany_tamgan_zherge_mandaiynnyn_teri_de_tamu_kerek_1"
    ["file_id"] => string(6) "629297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1681131705"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба?ты? та?ырыбы:              §43  Сарыар?а "
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-tyn-tak-yryby-ss43-saryark-a"
    ["file_id"] => string(6) "113839"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411067243"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Саба?ты? та?ырыбы:               Сарыар?а "
    ["seo_title"] => string(29) "sabak-tyn-tak-yryby-saryark-a"
    ["file_id"] => string(6) "113842"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411067886"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Саба?ты? та?ырыбы:     Кітап - ?мір ?стазы"
    ["seo_title"] => string(31) "sabaktyntakyrybykitapomirustazy"
    ["file_id"] => string(6) "298335"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456316488"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "та?ырыбы: ішкі тынышты?"
    ["seo_title"] => string(22) "takyrybyishkitynyshtyk"
    ["file_id"] => string(6) "327261"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463410034"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства