Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру. 1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мәтінді) мазмұндау. 1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу. 1.5.2.2 Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу. |
(МК,Ұ) «Балмұздақ» туралы бейнежазба көрсету. Оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісіне аудару. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді, тәтті, суық сөздерінің мағынасын түсіндіру. Берілген үлгі бойынша оқушыларды «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен таныстыру. (Ұ) 2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сабақтар бойынша өз қалауы бойынша (жеймін, жемеймін) жауап бере алады. Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе? (МК,Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті, суық сөздерін қайталайды. Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді. (МК, Ж) Жұптық жұмыс. 4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін/жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақты неге жейтін/жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады. Үлгі: – Сен балмұздақ жейсің бе? – Иә, мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті. -Сен балмұздақ жейсің бе? - Жоқ, мен балмұздақ жемеймін. - Балмұздақ суық. Сергіту. Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел есіп Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. (Т) Топтық жұмыс. Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ). Оқушыларға осы сөздердің суреті берілген карточкалар тарату. Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Оқушыларға сөздер жазылған парақты таратылады. Оқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады. Мысалы: ...р...к. алм...рт, ...ызана..., ...ияр, бот...а, с...т, бауырса..., балм...зда... (МК,Ұ) Жеке жұмыс. Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді. (Ө) Жеке жұмыс Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. | Оқушылар бейнежазбаны көреді. Оқушылар аудиодискіні тыңдайды. Балмұздақтың пайдасы мен зиянын біледі. Оқушылар сұраққа жауап береді. Оқушылар диалогқа түседі. Топтық жұмысты орындайды, І топ. «Қ» әріпі бар сөздерді қойып шығады. ІІ топ. Сурет пен сөзді сәйкестендіреді. ІІІ топ Тиісті әріптерді толықтырып жазады. Жұмыс дәптеріне берілген сөздерді көшіріп жазады. Аудиодискіден тапсырма орындау. |