Просмотр содержимого документа
«Табиғатты аялайық»
Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!» Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм, 1.Ұйымдастырукезеңі:
Әсел өлең оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне сол анам еді мені тапқан.
Әділет: Ойласаң табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,
Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі .
Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс,
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.
2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
Әділет: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз «Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Әсел: Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Хормен Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Әділет: Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оқушылар:Бізді қоршап тұрған ортамыз. Оларға нелер жатады? Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... І слайд Әсел: 3) ІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
Нұржайна: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Ақтау қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Ербол: Ия дұрыс айтасың Нұржайна,Қазақстанның барлық қалаларын алсаңда дәл сондай көрініс.Мен кеше ғана теледидардан Елордамыз Астананың да көк түтінге оранғанын көрдім.Немересін таза ауада серуендетуге шыққан әжей ауның осындай мекемелер мен көліктердің салдарынан ластанып жатқанын айтты. Нұршат: Ия Ербол сен Семей қаласының тағдырын айтсаңшы Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Әділет: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІІ слайд Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
Балауса: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
Ақбота: Ал Каспий теңізін айсаңшы Балауса мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! Деп менде сөзімді аяқтағым келіп отыр.
Әсел: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
IІІ слайд Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
Арай: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
Диас: Әрине Арай оларды қызыл кітапқа енгізбесе жойылып кетеді ғой.Сендер білесіңдер ме балалар Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы.
Аружан:Балалар сендер білесіңдер ме? Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Әділет: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
ІV слайд Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? Берік: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Назира:Балалар менің білуімше Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Даниал: Ия сонымен қатар,Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. • Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. • Қарға қарқылдаса -қар жауады. • Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. • Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. • Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. • Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Әсел: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
V слайд Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар»деп аталады.
Ердәулет: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды.
Ақылбек:Ия сол киіктің адамға тигізетін көп пайдасы бар екен мысалыға айтатын болсақ . Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек.
Елнұр: Бірақ Ақылбек осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы жылдардағы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуында болса керек.
Бекболат:Дұрыс айтасың Елнұр,бірақ бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.
Әділет: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.
Әсел енді оқушыларымыздың Табиғат Анаға деген өлең жолдарын тыңдап көрелік.
Лаура,Мөлдір,Ержігіт,Дидар Байбол,Ерасыл,Аяулым.
Әсел:Балалар мен сендермен қазір бір ойын ойнағым келіп тұр,бұл ойынымның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады .Ойын шарты өте оңай ,ол былай болады,мына шарларды көріп тұрсыңдар .Сол шарларғабізге келген қонақтарға арнап Табиғат Анадан үйренген мейірімді сөздерді шарларға жазып сыйлаймыз.
4. «Табиғатым» әні.Орындайтындар «Қыздар тобы»
Әділет: Балалар мен сендерге шығармашылық жұмыс бергім келіп тұр.
5. Ой-толғау . Шығармашылық жұмыс.
а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» ә) «Егер мен суретші болсам...» б) «Егер мен ақын болсам...»
Әсел: Балалар табиғат туралы мақал –мәтелдер білеміз бе? Айта қояйықшы кәнекей.
6. Мақал-мәтелдер сайысы.
1 ) Нөсер алдында найзағай - ойнайды.
2) Күркіреген бұлттың - жаңбыры аз.
3) Боранды күні - ит пен бала құтырады.
4) Алпыс күнде тасыған су, - Алты күнде қайтар.
5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.
6) Қыстың көзі - қырау.
7) Сәуір болмай, - тәуір болмас.
8) Жел дауылды шақырады,- Бұлт жауынды шақырады.
9) Таумен тасты су бұзар,- Ел арасын қу бұзар.
10 ) Ағаш тамырымен мықты, - Адам дос-жарымен мықты.
Әділет: Әсел сен мақал-мәтелдер сұрадың ғой ,ал мен балаларға осы табиғатқа байланысты жұмбақтар жасырғым келіп тұр.Кімнің ойы алғыр екен соны байқап көрсек қайтеді.
7) Жұмбақтар шешу:
Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Сырылдатады шәйнегін, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Қозғалып жүрер жортақ шам, Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды, Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Шымылдық ішінде қап-қара Ұйықтап жатқан дала мен қала. (Түн)
Көктен түседі, Жер ішеді. (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен Кім келіп таң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)
Әсел: Қанекей балалар Табиғат Анаға алғысымызды білдіріп, Табиғатқа тілек айтайық.Ол үшін тілектеріңді стикерге жазып, күн сәулесінің шуақтарына айтып жабыстырасыңдар.
10.Қорытынды
Әділет: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс.
Әсел: Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.
Тәрбие сағатымыздың соңында мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Изтилевова Галия апайымызға бергім келіп отыр.
Тақырыбы: «Мен және табиғат» Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. Көрнекі құралдар:табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм, 1.Ұйымдастырукезеңі:
2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Хормен Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Мұғалім:Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оқушылар:Бізді қоршап тұрған ортамыз. Оларға нелер жатады? Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... 3) ІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Ақтау қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Қазақстанның барлық қалаларын алсаңда дәл сондай көрініс.Мен кеше ғана теледидардан Елордамыз Астананың да көк түтінге оранғанын көрдім.Немересін таза ауада серуендетуге шыққан әжей ауның осындай мекемелер мен көліктердің салдарынан ластанып жатқанын айтты. Семей қаласының тағдырын айтсаңшы Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз.Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізіледі.Оларды қызыл кітапқа енгізбесе жойылып кетеді ғой.Сендер білесіңдер ме балалар Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы.
Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Балалар менің білуімше Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. • Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. • Қарға қарқылдаса -қар жауады. • Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. • Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. • Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. • Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Мұғалім: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар»деп аталады. Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды.Ия сол киіктің адамға тигізетін көп пайдасы бар екен мысалыға айтатын болсақ . Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек.Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы жылдардағы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуында болса керек.бірақ бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. Балалар табиғат туралы мақал –мәтелдер білеміз бе? Айта қояйықшы кәнекей. Мақал-мәтелдер сайысы.
1 ) Нөсер алдында найзағай - ойнайды.
2) Күркіреген бұлттың - жаңбыры аз.
3) Боранды күні - ит пен бала құтырады.
4) Алпыс күнде тасыған су, - Алты күнде қайтар.
5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.
6) Қыстың көзі - қырау.
7) Сәуір болмай, - тәуір болмас. Қорытынды:Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс.Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.
Тәрбие сағатымыздың соңында мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Изтилевова Галия апайымызға бергім келіп отыр.