Тәуелсіздік дәуірі - еліміздің тарихи шежіресі
Тәуелсіздік «тәу» сөзімен түбірлес. Төрт мың жылдық тарихы бар елдігіміз бен егемендігіміздің,ерлігіміз бен бірлігіміздің ең өрелі көрінісі.
Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы рухты оятып,сананы сілкіндірді.Алғы сөзінде «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының бірінде мен альпинистер тобымен Алатаудың мұзарт шыңын бағындыруға шықтым.Шың басына тігілген,тау желінің күшімен құлаш жая желбіреген байрақтың әсері әлі күнге менің есімде...»-деген жүректі тебірентер сөзі еліне, жасампаз халқына дем бергендей.
Бұл кітаптың әрбір жолы әрбір сөзі-өзіміздің осы күнге дейінгі жолымыз, тарихымыз,қиыншылығымыз,қуанышымыз.Кітапты парақтай отырып, күнделікті өміріміздің тарихын көргендей болдым.
Ең бастысы, «Тәуелсіздік дәуірі» ұлттық сананы оятады,жүрекке еліне деген сүйіспеншілікті ұялатады,әр адамзат баласына рух береді. «Мен бұл кітапты өзімнің осындай жеке тәжірибелерімнен түйген негізді ойларыма сүйене отырып жаздым» деп Елбасы Алғы сөзінде.Бұл кітап өзінің атына сай қазақтардың,қазақстандықтардың және еліміздің тарихы 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастапқазіргі заманға дейінгі тұтас дәуірді қамтып отыр.
Бұл кітапты бастамас бұрын Елбасы 1990-шы жылдардың басы-алғашқы жаңғыруын жолдады.
Екінші жаңғыруы тоқсаныншы жылдардың үшінші ширегіңде басталып, 2010 жылдың ортасын қамтыды.
Тәуелсіз Қазақстан екі әлемдік дағдарыстан да зардапсыз,айтарлықтай шығынсыз өте білді,мерзімінен бұрын орындап,әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру және даму деңгейі орташа елдер тобына енді, «Қазақста2050» стратегиясын жасап,әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу міндетін қойды.
2017 жылдың басында осы мақсатқа негізделіп,үшінші жаңғыру бағдарымен қамтамасыз етті.
Мемлекеттің алдағы даму бағытына негізделген 10 міндетті алға тарта отырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты кезекті Жолдауын жолдады. «Адами капитал-жаңғыру негізі» деп, Елбасы «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек, өзінің тарихын,тілін,мәдениетін білетін,сондай-ақ заманына лайық озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» - деді Елбасы.
Кітапта еліміздің егемендік алған 26 жыл ішіндегі қол жеткізген 33 үздік нәтижесі жазылған.Ол жетістіктің бәрі Елбасымыздың кемеңгерлігінің арқасы.Толағай табыстарымызға тереңірек үңілсек,тәуелсіз Қазақстанды әлемнің мойындауы,бас шаһарымыз Астананың бой көтеруі, Қазақстанның бірнеше ірі халықаралық ұйымдарының мүшесі болуы және де төрағалық етуі үлкен мәртебелік қасиетке ие болды.
Кітаптың сөз соңы «Адам тағдыры Отанымен тамырлас» деп Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – азат ойлы,
жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел
білімге ден қойып, қажырлы еңбек пен өзін-өзі толассыз жетілдіруді өмір
салтына айналдыруы қажет екендігін баса айтты. Шәкәрім бабамыздың: «Білім ап қазақ жастары,жайнатар қазақ даласын» деген сөзі осыған келіп саяды.
Жас ұрпақ бүгін Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатыр. Еркін елдің ұландары бейбіт, ынтымақты елде өмір сүріп жатыр. Елбасымыздың кітабы сарынымен кімге болса да түсінікті,жүрекке жұмсақ,көңілге қонымды баяндалған.Жас ұрпақ осы кітапты оқи отырып,кезең тарихын, дәуір тарихын терең түсіне алады. Әр азамат бұл кітапты оқи отырып,одан үйрену,саяси,экономикалық ой - өрістерін кеңейтуі керек. Тәуелсіздігіміздің тарихын әсте ұмытпауға,оның қадіріне жетіп, әрбір кезеңнен тағылым алып, оны құрметтеп, қастерлеп болашақ ұрпағымыздың санасына құюды міндеттенуіміз керек.