«Сыни тұрғыдан ойлау» модулін таңдапалып, сонымен жұмыс жасауды жөн көрдім. Бұл модульді таңдап алу мақсатым сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы, ойлауды дамытады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
Алихан Бокейханов атындағы 1 гимназия
Тараз қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі Диляра Қуанышқызы
Бастауыш сыныпта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулін таңдапалып, сонымен жұмыс жасауды жөн көрдім. Бұл модульді таңдап алу мақсатым сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы, ойлауды дамытады. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Оқыту стратегиялары оқушы алған білімінің құрылымын жасауға ықпал етеді. Бұл оқушыларға бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыруға, өзінің шама-шарқынша ойын жеткізуге, алған білімдерін қоршаған ортамен байланыста көруге, өзіндік ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру барысында тапсырмалардың қай түрін, неге бағыттап, қалай беру керек деген мәселелерді ескеріп отыру қажет. Әр тапсырманың оқушының сыни тұрғыдан ойлауы мен топпен жұмыс істеуде нәтижелі болуына баса назар аудардым. Жұмыстың негізгі мақсаты зерттеліп, талданып, жауабын табу үшін жеткілікті түрде материалдың болуы үлкен роль атқаратынына көзім жетті. Ал, жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оларға шешім қабылдай алатын мүмкіндік беріп отырдым. Соның нәтижесінде оқығандарын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсетіп, әрқайсысы сұрақ қойды және оған жауап таба білді,болжау жасауды үйренді, кез келген ситуациялық жағдайдан шығу үшін осы білімді қолданды.
Осыдан оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытатын сұрақтардың санын көбейту керек деген шешімге келдім. Мен оқытушы мен оқушы,оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытатындығын түсіндім. Осы тәжірибе кезінде аңғарғаным бұрын өздеріне сенімсіздік білдіріп, тартқыншақтап отыратын оқушыларда өз ойларын айтуға, пікір қосуға ұмтыла бастады. Мысылы, топтық жұмыс кезінде оқушылар өздерінің суретті жақсы салатынын көрсетті, тапсырмалар орындау кезінде бұрын сөйлемейтін оқушылар өз пікірін қосып, іс-әрекеттерінде бір құлшыныс бар екендігін көрсетті.
Мысалы, қазақ тілі бойынша «Дара және күрделі сан есімдер» атты сабағымда «Миға шабуыл» стратегиясын оқушыларды ойландыру мақсатында қолдандым. Бұл кезеңде бір оқушы өзге оқушылардан тезірек қимылдап, әрі дара және күрделі түрде айтылатын сан есімдерді көбірек атады, себебі оқушының ойы өте ұшқыр, терең екендігін жауабынан байқадым. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Өз постерлерін «Сан есімді» күнделікті өмірмен байланыстырып, «Астанада ЭКСПО көрмесі қашан өткенін, «Наурыз көженің» құрамы неше заттан тұратынын, санға байланысты сағаттың, сызғыштың суреттері арқылы дәлелдей түсті. Олар «Еркін жазу» стратегиясы арқылы сан есімдер туралы мақал-мәтелдердің мағынасын талдап білгендерін ортаға салады, басқа оқушылар олардың жауаптарын бағалайды.
1. Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.
2. Жеті рет өлше,бір рет кес.
3.Жүздің түсін білгенше,бірдің атын біл т.б. Оқулықтағы жаттығуларда берілген мақалдарды, тірек сөздерді негізге ала отырып, сан есімдер туралы шағын шығарма жазғызуға болады.
Кезекті сабақта Жигсо-ұжымдық оқыту әдісін пайдалану барысында, оқушылар жалпы мәселені алдымен жұп болып, сосын топта талқылады. Әр оқушы өзін лидер ретінде сезінді, оқуға деген жауапкершілігі артты.Ал, ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйрене бастады. Жигсо-стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді екенін аңғардым. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, топта жақсы қарым-қатынас қалыптасатынын түсіндім.
Менің түсінгенім сын тұрғысынан ойлауды дамытуда әсіресе сұрақтардың маңызы ерекше.Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өзіне деген сенімін және өз пікірлері мен идеяларын, құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсене қатысуға, басқалардың пікірін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.
Бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сабақтарда үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға көп уақыт жіберіп алсам, бағдарламаны оқып-үйрену барысында оқушы толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау аса қажетті, маңызды әрекет болып табылды. Тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғысынан ойлау» модулін енгізу мен үшін оқушының не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйрету болып табылды. Оқушы белсенді түрде өзі білім үйрену жолын қайта қарап, өзгерістер енгізе білді. Өзіне деген сенімділік, өзгенің пікірімен санасу, нағыз білім шыңына көтерілу мақсаты қалыптасты.
Ой соңында, «Сыни тұрғысынан ойлау» модулін сабақта қолдану оқушылардың басқалармен қарым-қатынас жасай білуін, өз пікірін ашық айтуын өз бетінше ізденуін, пікірін айқын дәлелдермен жеткізуге, өзгенің іс әрекеттерін әділ бағалап, өзгелердің пікірін тыңдап кез-келген жауапқа түсіністікпен қарауын, ең маңыздысы сабаққа қызығушылығы оянып, белсенділігінің артуын қамтамасыз етті.
Осы модуль сияқты бағдарламаның басқа да модулін жан-жақты оқып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтарда оқушылардың қызығушылығын оята алатындай етіп өткізуге мүмкіндік көп. Қосымша ақпараттармен танысып отыру да қажет. Оқушымен арада кері байланыс орнату мақсатында өзіме өзім сыни тұрғыдан қараймын.