kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын тұрғысынан оқыту арқылы тіл дамыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың тілдерін дамытуға бағытталған. Курстық жұмыс рефлекция тәжірибесінде жинақталған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан оқыту арқылы тіл дамыту.»

Бекмаханова М.С 5.06.2017ж «Тәжірбиедегі рефлекция курсы»

№6 ОМ

Щучинск қаласы

Сын тұрғысынан оқыту арқылы тіл дамыту.

Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын,бәсекеге қабілетті және құзіретті,білімді,жан-жақты болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек.Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады.Тіл дамыту жұмысы күрделі де творчестволық процесс.Тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті,өз сұранысын айтуға талпынуынан туады.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс,көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне,ал екінші жағынан,тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты.Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады. Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері: Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу; Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу; Байланыстырып бейнелі сөйлей білу; Мазмұндылығы,анықтығы,мәнерлігігі; Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі. Бастауыш сыныптарда білім алып жатқан әр жеке тұлғаның қабілетін ашу,дамыту негізінде мектептерде оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.Сол себепті мен,3-сыныпта сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отырып,оқушылармен бірнеше жұмыс түрлерін жүргіздім. Ондағы менің алдыма қойған өзекті мәселем-әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың тілін дамыту. Әдебиеттік оқу сабағын жүргізбес бұрын сабақтың басында «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясына байланысты мына ережелер еске түсіріледі. 1)Біреу сөйлегенде сөзін бөлме. 2)Басқаның пікірін тыңда. 3)Біз үшін барлық пікір дұрыс. 4)Барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орында. Сабақ барысында бұл ережелерді оқушыларға орындату,сабақтың жақсы өтуіне,оқушылардың білімді,сапалы,саналы меңгеруіне септігін тигізеді. Түрлі стратегияларды сабақтың үш кезеңінде тиімді қолдану оқушылардың білімін дәлелдеуге,талдау жасауға,өз ойларын еркін жеткізе білуге, тақырыпты ашуда көп септігін тигізеді.Сабақтың әр кезеңінде стратегияларды дұрыс пайдалану қажет. СТО не береді? 1.Жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушы өз қабілетін шыңдауға,өз дарындылығын тануға мүмкіншілік алады. 2.Оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды. 3.Оқушы өз материалын өзі меңгереді. 4.Өз ойын,пікірін толық,дәлелді жеткізуге машықтанады. 5.Әр нәрсеге сыни көзқараспен қарап,шешім қабылдауға дағдыланады. 6.Оқушылардың сөздік қорының аясы кеңейіп,тілі дамиды. Сыни ойлау деген не? Сыни ойлау-өзіндік ойлау.Сыни ойлау-сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып,шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау-әлеуметтік ойлау,бірлесе оқыту идеясы.Сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді,мұғалім тек бағыт беруші. Ең алдымен әдебиеттік оқу сабағында стратегияларды тиімді қолдану кестесін құрып алдым.(1-кесте)

Мәтінді оқытуда:

Өлеңді оқытуда:

Ертегілерді оқытуда:

Аңыздарды оқытуда:


INSERT,ББҮталқылау кестесі,Х:кестесі, ой қозғау,ой жинақтау,еркін жазу ойталдау,топтастырутүртіп алу, РАФТ,болжау,сұрақ қою,бағытталған оқу, т.б.








5 жолды өлең, эссе,негізгі идеяны суреттеу, галереяны шарлау,кубизм,кезекпен қайталау, т.б.


Автордың орындығы,жолаушының қойын дәптері,венн диаграммасы,сауаттылықты ашатын хаттар,оқырманның жауабы,біреу топта, қалғаны қонақта, т.б.


Академиялық дауласу,үш қадамды сұқбат,талқылау,

еркін суреттеу,

ББҮ, рубрика, т.б.








Өз іс-тәжірбиемде стратегияларды қолданудың тиімді жолдарын осы кесте арқылы жүзеге асырдым.Себебі,әр жұмысты орындатудың белгілі бір ережелері болады.Сондықтан, әрбір жұмысты жүзеге асыру барысында,ең алдымен стратегияларды дұрыс таңдап алу қажет.Таңдалынған стратегия оқушының тілінің дамуына өз әсерін тигізуі шарт.Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін.Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне,ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына,тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады.Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін сезінгенде ғана ашылады және нәтежиелі болады.Осы стратегияларды әдебиеттік оқу сабағында қолданудың бірнеше тәсілін көрсетейін.Мұнда, мен ең бастысы ,сабақта оқушы тілінің дамуы мен жазба тілді дамытуға көп көңіл бөлдім.Сондықтан көбінесе жаңа тақырыпты өтерде еркін жазу,эссе,автордың орындығы стратегияларын қолдандым.Себебі,оқушы сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді және өз-өзіне сенімсіз болады.Осындай кейбір қиындықтар заман талабынан туындайды және оқушыға қоршаған орта да қатты әсер етеді.Баланы жаңашылдыққа ұмтылуға бағыттайды,ой әсемділігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделеді.



Жазба тілін дамыту схемасы

Тақырып немесе үйренетін нәрселер.

Ойына шек келтірмей,тақырыпқа сай жауап жазуға үйрету.

Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс.

Білімін жүйелеуге үйрету.

Стратегиялары: еркін жазу, эссе,автордың орындығы, топтастыру, салыстыру, венн диаграммасы.

Өз көзқарасын дәлелдеу.

Ойын ашық жазу.



Әдебиеттік оқу сабақтарында « Тырна,тоты,тоқылдақ»тақырыбын өткен кезде оқушыларға бірнеше сұрақтар қойдым.Мысалы: 1.Мысал дегеніміз не? 2.Қ.Баянбай автордың өмірі,шығармаларын айт. 3.Тырна,тоты,тоқылдақ жайлы не білеміз? 4.Тырнаның қылығына қарап,білімін сипатта. 5.Тотының мінез-құлқына ұқсас балаға қандай ақыл-кеңес айтар едің? 6.Тоқылдақ мектеп мүлкіне қандай зиян келтірді деп ойлайсың? Осы сұрақ қойылғаннан кейін,балалар өз ойларын жеткізе алды.Біраз ойға батты.Ойларын нақты айта білді. Жоспарымыздың келесі сабағында «Төрт-түлік»тақырыбын өткен кезде,оқушыларға тағы да ойлануға байланысты сұрақ-тапсырмалар берілді.Тапсырмалар мынадай болды: 1.Төрт-түлікті төлімен,пірімен ата. 2.Әр түліктің адамға пайдасы туралы әңгімеле. 3. «Ел құты-төрт түлік мал»дегенді калай түсінесің? 4.Жаңа туган кезіндегі төрт түліктің атауларын және келесі жылы қалай аталатыны туралы айт. 5.Төрт түлік өнімдерін,адамға байланысты теңеу сөздерін ата. Бұл берілген сұрақ-тапсырмалар оқушыларды қатты ойландырды.Өмірге деген көзқарастарын өзгертті.Келешекте төрт-түлікке қамқор болуға үйренді.Әдебиеттік оқу сабағында мазмұндама,шығарма,өзіндік жұмыстар да жүргізіліп отырды.Мазмұндама кезінде алдын-ала жоспар құрылды.Оқушылар осы жоспарға сүйене отырып,едәуір сөздік қорлары байып,мазмұндаманы толық,әрі жүйелі түрде,әрі мазмұнды ете отырып жазып берді. Шығарма жазу кезінде оқушыларға «Туған жерге байланысты»тарау болғандықтан,шығарманы «Туған жер» тақырыбында жазды.Оқушылардың көбі «Астана» жайлы көп жаңалық білген екен.Білгендерін қағаз бетіне түсіріп берді.Бұл жерде де тілдерінің дамығанын көруге болады.Өзіндік жұмыстарды орындау барысында оқушылар бірнеше берілген тапсырмаларды дұрыс орындап,тиісті бағаларын алып отырды.Әдебиеттік оқу сабағында венн диаграммасын қолданудың маңызы зор.Себебі,оқушылар әр нәрсенің бір-бірінен айырмашылығын немесе ортақ қасиеттерін ажыратуға мүмкіндік туады.Синоним,антоним сөздерді осы стратегияда жүзеге асыру барысында,олардың тілдік қорларының аясына жаңа сөздер легі енеді.Мысалы: «Алтай»тақырыбын өткен кезде оқушылар аласа таулар мен биік таулардың айырмашылығын,және ұқсастықтарын біле отырды. Оқушы тілін дамытуда «Топтастыру,түртіп алу,маған таныс емес сөз»стратегияларының маңызы өте зор.Мысалы: «Көжек»ертегісін өткенде көжек туралы не білесіңдер?- деп топтастыру тапсырмасын бердім. «Көжек»ертегісімен танысқанда түртіп алу,маған таныс емес сөз стратегиясын пайдаландым.Яғни, осы әдісті қолдану арқылы оқушылар тілдерін дамытады. Мәселен,кез- келген нәрсені бір қасиетіне,ұқсастығына сәйкес немесе бір сөзге бірнеше синоним сөздер қолдану арқылы оқушы тілінің дамуына жағдай жасай аламыз.Оқушыны әр сабақ сайын үйренген жаңа сөзі, ол оқушының өз меншігіне айналады.Ол сөздерді күнделікті естеріне түсіріп отыру керек.Мәтіндегі,өлеңдегі оқушыға таныс емес,түсініксіз сөздермен жұмыс жасауда «Түртіп алу,маған таныс емес сөз» стратегияларын басшылыққа алу тиімді.Себебі,оқушы бұрын өзі білмейтін,өзінің сөздік қорында жоқ жаңа ұғыммен танысады.Оқушы бір,екі немесе бес сөз үйренсе де,оның сөздік қорының аясы кеңейе түседі. Ол сөздерді оқушы тек жаттап қана қоймай,оны күнделікті қарым-қатынас жасау барысында қолдану керек.Сонда ғана оқушы тілі өз деңгейінде сапалы нәтиже береді. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушы дұрыс,оқушыларды сауатты,көркем,байланыстыра сөйлетуге машықтандыруда негізгі рөлді «5 жолды өлең»әдісі алады.Себебі,оқушы өз бетімен шығармашылық жұмыс жасайды.Егер оқушы өз бетімен ізденіске түссе ғана,сабаққа деген қызығушылығы артады.Өлең жазудың ережесін беремін.Оқушылардың жауаптары тыңдалып, топтар арасында талқыға салынады.Кімдікі ұнады? Несімен ұнады? Неге? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар ойлары тыңдалады өз ойын айтқызу,өз пікірін ортаға салу, өз көзқарасын дәлелдеу, өз бетімен шешім қабылдау сияқты жұмыстар оқушы тілінің дамуында басты орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың көзі-мәтінмен жұмыс жасату,яғни мәтінді бағытталған оқу,бірлесе оқу стратегияларымен оқыту,мәтінге жоспар құрғызу,сұрақ құрату,ат қойғызу,бөлімдерге бөлгізу, мәтінді топтарға бөліп мазмұндату, өлеңді жаттату,рөлге бөліп ойнату,мәтінді жалғастыру,автордың ойына ой қосу т.бжұмыс түрлерін түрлендіріп беру арқылы оқушы тілінің дамуына жол сала аламыз.Мәселен, «Жаз»сөзіне ассоциация құр,күннің батуын,өзендегі дауылды сурет дәптеріңе салып көр, «қуарған қыр жасарды»деген жол туралы ойыңды айт деген тапсырмалар беру арқылы оқушы шығармашылығын шыңдап,сабаққа деген қызығушылығын арттырамыз.Егер оқушы сабаққа қатысу белсенділігі артса ғана,ізденіске түседі,көп оқиды,өз білмегенін білуге тырысады.Сонымен қатар, «галереяны шарлау,негізгі идеяны суреттеу» стратегияларын пайдалануда,оқушы тек сурет салып қана қоймайды,сол суреттеген құбылыстарын,оқиғасын не үшін неге не себептен салғандығын дәлелдеп беруі керек.Қорыта келе,сын тұрғысынан ойлау жобасының кез келген стратегиясын сабақта қолдануда тиімді нәтиже беретініне көзім жетті.Бұл стратегиялардың оқушы тілін дамытудағы, сөздік қорын молайтудағы, байланыстыра сөйлеуін қалыптастыруда алатын орны мен атқарар рөлін жұмыс нәтижесінен көруге болады.Әдебиеттік оқу сабағында «сын тұрғысынан ойлау»технологиясын қолдану барысында оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін,білімді тексеру мен бағалау тәсілдерінің моделін құрып алу қажеттілігі туындайды.Ондай моделді құру үшін оқушыларға берілуге тиісті білімнің мөлшерін,мәні мен мазмұнын айқындап,олардың берілген білімді қайталау,игеру,мүмкіндіктерін саралайтын әдіс-амалды ажыратып алған жөн.Себебі, «Оқушы білімінің сапасы-оқытушының білімділігі,шеберлігі мен іскерлігінің айнасы»,-деп текке айтпаған.Осы жұмыс жүргізудің нәтижесін талдау арқылы,мен оқушыға қаншалықты білім нәрін бергенімді және сол білімнің қаншалықты сапалы екендігін аңғардым. Оқушылардың білім деңгейін айқындау барысында мынадай үш деңгейді анықтадым;жоғары,орташа,төмен.

Жоғары

Орташа

Төмен

Оқушылар мәтін мазмұнын бір оқығаннан айтып береді.Қойылған сұраққа толық және дұрыс жауап береді.Өз көзқарасын,пікірін дәлелдей алады.Айтайын деген ойын еркін жеткізеді.Оқушылардың тілінің даму деңгейі бағдарлама талаптарына сай.Сөйлеу дағдысы және байланыстыра сөйлеуі қалыптасқан.Сөздік қоры мол және әңгімелесу барысында мақалдап,әдеби сөздерді қосып айтады.





Оқушылар мәтін мазмұнын бір оқығанда толығымен түсінбейді.Тақырыптағы негізгі ойды табуда қиналады.Өз ойын,пікірін,көзқарасын мұғалімнің көмегімен жеткізеді.Өздері оқыған мәтіндегі кейбір сөздердің мағынасын дұрыс түсінбейді.Өзінің сөздік қорында бар сөздерді дұрыс байланыстырып айта алмайды.

Оқушылар бірнеше оқыса да мәтіннің мазмұнын ұқпайдыжәне қойылған сұраққа жауап бере алмайды.Өз ойын еркін жеткізу қабілеті қалыптаспаған.Сабаққа деген белсенділігі төмен.Оқушылардың сөздік қоры шектеулі және қолданатын белсенді сөздік қорындағы сөздердің басым көпшілігі зат есімдер.

Оқушылардың білім деңгейі ( іс-тәжірибеге дейінгі). №2 кесте

Деңгейлер

Жоғары

Орташа

Төмен

Сынып.

Оқушы саны.

%

Оқушы саны.

%

Оқушы саны.

%

3 «А» сыныбы.

(15 оқушы).

3

19%

11

68%

1

13%









Оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу дағдысын анықтау (іс-тәжірибеге дейінгі) №3кессте

Тапсырма түрлері.

Тапсырманы толық және дұрыс орындағандар.

Тапсырмаы орындау барысында ішінара қате жібергендер.

Тапсырманы жартылай және қате орындағандар.


Оқушы саны.

%

Оқушы саны.

%

Оқушы саны.

%

1.Сурет бойынша әңгімелету.

4

25

7

44

4

31

2.Мазмұнын айтқызу.

10

63

3

25

2

12

3.Нақты затты суреттеу.

5

37

7

44

3

19

4.Кейіпкерге мінездеме беру.

6

37

7

50

2

12

5.Түсініксіз сөздермен жұмыс жазу.

7

44

6

37

2

19

6.Ассоциация құру.

6

37

6

44

3

19



Екінші кезеңінде (оқыту)әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстар тәжірибеден өткізілді.Жұмыс оқу жылына арналған оқу бағдарламасы,әдебиеттік оқу оқулығы және сын тұрғысынан ойлау жобасы негізінде жүргізілді.Әдебиеттік оқу сабағында мұғалім тарапынан айтылған түсіндірмелерді барынша азайтып,көбінесе оқушылардың өздерін сөйлетуге,оларды өз бетімен ізденуге,шешім қабылдауға,ойларын дұрыс және еркін жеткізуге,өз көзқарасын дәлелдеуге ,сонымен қатар сабақтағы жұмыстар түрін әрдайым өзгертіп отыруға ұмтылдым.Бұл кезеңде оқушылардың тілін дамыту үшін өз беттерімен көркем әдебиеттерді,ертегілерді,өлеңдерді оқу,мәтіннің мазмұнына сай әңгімелер жазғызу,мәтіннің тақырыбын ашатын сурет салғызу және суретте салған оқиғаны баяндап беру т.б түрлі жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңде мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерге,сөз тіркестеріне түсінік беріліп,оларды айтуға үйретіп,оларды қатыстырып сөйлем құрату сияқты жұмыс түрлері ұйымдастырылып,үнемі сөздік жұмысы алынып, «Мен тамаша гидпін», «Кім тапқыр?», «Кім алғыр?», «Мақалды жалғастыр»деген ойындар ойнатылып,оқушылардың сөйлеу дағдыларының қалыптасу барысын мұқият тексеріп отырдым.Ө.Қанахиннің «Туған жер»әңгімесімен оқушыларды таныстырғанда «Бинго»ойынын пайдаландым.Онда оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды табуға қағазда жазылған қалалар мен ауыл атауларын тез айыра білу болды.Сыныптың басым көпшілігі тапсырманы толық және дұрыс орындады,қала мен ауыл атауларының айырмашылықтарын айыра білді.Осы ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорының аясы кеңейіп,тілі дамиды.Оқушы тілін дамытуда «Кім тапқыр?», «Кім алғыр?» ойындарын жиі ойнату тиімді.Мен бұл ойындарды күнделікті сабақтарымда қолданып отырамын.Себебі,бұл ойынды ойнатуда түсініксіз сөздермен жұмыс жасалады.Сабақ соңында өткен тақырыптар бойынша әр топқа сөздер беріледі немесе топтар өздері бір-бірлеріне айтады.Әр топ өздеріне берілген сөзге,сөз тіркесіне анықтама беріп,ол сөзге мағыналас сөздерді айтып,мағынасын түсіндірулері керек. Қорыта келгенде,бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой-өрісін дамытып,ауызша сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге,байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға,тілін дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс-тәсілдерді іске асырудың ең тиімді құралы болып табылады. Тәжірибенің үшінші кезеңінде қорытынды оқу үрдісінің ,оқушы іс-әрекетінің және іс-тәжірибенің қорытындысы талқыланып,талдау жұмысы айқындалды.Бұл кезеңде оқушылардың сөздік қорының нәтижесін тексеру үшін сөздік жұмыстары жүргізіліп,шағын шығармалар,мазмұндамалар жазылды. «Мен өскенде кім боламын?»тақырыбында мазмұндама жазғызу арқылы оқушы тілінің қаншалықты деңгейде дамығандығын аңғардым.Шығарма жазу барысында теңеулер,мақалдар,бір сөзге бірнеше мағыналас сөздер,антонимдер,сөз тіркестері қолданылған. Iс-тәжірибенің соңында оқушылардың білім деңгейін тексеруде мынадай көрсеткішке қол жеткіздім. Оқушылардың білім деңгейі(іс-тәжірибеден кейінгі).

Деңгейлер

Жоғары

Орташа

Төмен

Сынып

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

3 «А»сыныбы

(14 оқушы)





8

54,25%

6

37,5%

1

6%

Оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші (іс-тәжірибеден кейінгі).Сынып оқушыларының білім сапасы тәжірибенің I-кезеңінде жоғары деңгейі 19% болса,III-кезеңінде 54,25%-ке көтерілгені,ал орта деңгейі 68% болса,жоғарғы деңгейге көтерілуіне байланысты 37,5% болып қалды және төмен деңгейі 13%-тен 6%-ға төмендегені байқалады.















Щучинск қаласы

№6 орта мектеп











Сын тұрғысынан ойлау арқылы тіл дамыту

«Тәжірибедегі рефлекция курсы»



























2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сын тұрғысынан оқыту арқылы тіл дамыту.

Автор: Бехмаханова Марияш Смағұлқызы

Дата: 13.10.2017

Номер свидетельства: 432218

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ?ЙРЕТУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ТАНЫМДЫ? ?АБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(74) "synturgysynanoilaudyuirietuarkylyokushylardyntanymdykkabiliettierinarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "299085"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456445409"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Сын т?р?ысынан ойлау технологиясы"
    ["seo_title"] => string(39) "syn-tu-rg-ysynan-oilau-tiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "308051"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1458492197"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«О?у процесінде сын т?р?ысынан ойлау ?дісін ?олдануды? тиімділігі»"
    ["seo_title"] => string(60) "okuprotsiesindiesynturgysynanoilaudisinkoldanudyntiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "298524"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456336743"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(210) "?АЗА? ТІЛІ  МЕН ?ДЕБИЕТІ САБА?ТАРЫНДА СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП О?УШЫ Т?Л?АСЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "kazaktilimiendiebiietisabaktaryndasynturgysynanoilautiekhnologiiasynpaidalanaotyrypokushytulgasynkalyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "328396"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463630983"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства