Просмотр содержимого документа
«От- адамның досы және қасы»
Қанай негізгі мектебі
АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ
“От –адамның ДОСЫ ЖӘНЕ ҚАСЫ”
Дайындаған: Г.Т. Бикбулатова
Қанай-2012 ж
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың оттың пайдасы және зияны туралы тусінік беру;от қауіптілігі туралы ұғымын меңгерту, өмір қауыпсізділігі дағдыларын қалыптастыру.
2.Көрнекі ойлау және салыстыру, жинақтау іскерлігін дамыту.
3.Өзінің және айналысындағы адамдардың денсаулығын қорғауға тәрбиелеу.Кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру.
Көрнекілігі:Плакатқа салынған суреттер, ребус.
Стратегиялары:Ой қозғау.
Түрі:жинақтау және жүйелеу
Әдісі:сөздік, сұрақ-жауап, іс-тәжірибе.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2.Жаңа сабақ.Оқушылардың психологиялық дайындығын жасау.
Ой қозғау стратегиясы.
Балалар,“от”деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Тамақ
ОТ
Жылу
Жары
Қолайлы жағдай туғызады
Енді аталған атаулардың отқа қатысы бар екенін дәлелдеп кім айтады?
От адамға керек.
От адамның көмекшісіОт үйді жылытады.
От үйге жарық береді.Жарықты май шамды жағу арқылы алуға болады.
Зауытта , фабрикада от пайдаланады.
Пешке от жағу арқылы адамдар тамақ жасайды, шайын қайнатады,нан пісіреді.
7
Табиғи газ жаққан кезде от бөлініп шығады. Бұл қабатты тұрғын үйлерде газ плиталары қолданылады
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балалар,алғашқы адамдар қауымдастығы екі ағашты бір-біріне үйкелеу , екі тасты бір-бірене қатты соғу арқылу от жағуды үйренген.От- адамның алғашкы көмекшісі. Егер қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамай, отқа еркіндік беретін болсақ, оттан адам өміріне көп қауіпті жағдай туындайды
7
Оттан болатын апаттың екі түрі бар:
Табиғи жағдайдан болатын апат
Оттан болатын апаттың екі түрі бар:
Табиғи жағдайдан болатын апат
Табиғи
жағдайдан болатын апат
Бұған жауынды күні найзағай ұшқынынан болатын өрт жатады
Жазда күннің қатты ыстық болуынан құрғаған шөп тұтанып өрт шығады. Бұл да табиғи жағдайдан болатын апат
2 -түріАдамның техникалық қауіпсіздікті сақтамауынан өрт
Енді адамдар техникалық қауіпсіздікті сақтамаса қандай өрт түрлері болатындығын атап көрсетіңдер.
1.Қазір адамдар қолайлы өмір сүру ұшін көптеген техникалық жабдықтар бар. Ток шәйнек, газ, пеш, шаңсорғыш, теледидар, магнитофон. Осы техникалық құралдары дұрыс қолданбаса өрт шығады. Бір ток желіге бірнеше электр жабдықтарын қосуға болмайды. Себебі электр тоғы тартылған сым қызып кетеді де, өрт шығады.
2.Үйден шығарда өте мұқият болу керек. Электр жүйесінде қосылып тұрған шәйнекті немесе үтікті өшіруді ұмытып кетсек, онда электр жабдығы қызып балқиды да өрт шығады.
3.Үй иелерінің ұмытшақтығынан өшірілмеген газ плитасы өте қауіпті. Плитадағы сүт тасып, жанып тұрған газды өшіреді, осыдан үйдің ішіне газ толып кетеді. Енді осы кезде сіріңке жағып немесе жарық қосқышты қоссақ, газ атылуы мүмкін.
4.Бір өкініштісі осындай өрт түрлері мереке күндері де кездесіп жатады. Мысалы: жаңа жыл мейрамында әр түрлі пиротехникалық құралдарды, яғни бенгал шырағын, тарсылдақты, фейерверкті дұрыс қолданбаса өрт шығады. Пиротехникалық құралдардың ұшқыны тез тұтанатын затқа тиюден сақ болу керек.
5.Өрттің шығу себептері отқа немқұрайлы қараудан шығады. Өшірілмеген темекі немесе сіріңке бүткіл бір үйді өртеп жіберуі мүмкін. Үйде, шатырда, балконда сіріңкеге өте сақ болу керек.
Енді өрттің шығуы туралы шағын көрініс көрсетіп, осы көріністі
талдайық.
Көрініс көрсету.
Үйде екі бала ойыншықтармен ойнап отырады. Үлкені сіріңке шиінен есеп көрсетемін дейді. Төрт шиді пайдаланып, қалақ бейнесін бейнелейді, оған қағаз қиқымдарын қиып, қоқыс етіп салады. Енді екі шиді қозғау арқылы қоқысты сыртқа шығару керек деп ойын түрін айтады.
Ал інісі есеп ойынды шешеді, сосын қағаз жағады. Осы кезде от болып киінген балалар өрт бейнесін бейнелейді. Екі бала өртті қатты материалмен жауып өшіруге тырысады. Бірақ өрт өршелене түседі. Екі бала енді екі орамалды сулап алып, сол арқылы тыныс алады. Телефон арқылы өрт сөндірушілерге одан кейін ата – анасына хабарлайды.
Бастарына сулы қатты матаны орап алып, ауыз, мұрындарын сулы орамалмен жауып түтін болған бөлмеден еңбектеп шығып кетеді. Өрт сөндірушілер келіп өртті сөндіреді.
Көрініс қорытындысын талқылау.
«Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?»
деген сұрақ қойып оқушылардан жауап алу.
1.Сабырлық сақтау керек.
2.Жылдам қимылдап, тез шешім қабылдау керек.
3.Негізгі және қосалқы есіктерден тез бөлмеден шығу керек.
4.Улы иістерден қорғану үшін дымқыл орамалмен немесе шүберекпен тыныс алу керек.
5.Телефонмен өрт сөндірушілер тобына хабарлап, аты – жөнін, мекен – жайын толық айту керек.
6.Жалындап жатқан бөлмеден адам өткенде басына сулы шүберек жауып өту керек.
7.Түтін болған бөлмеден тұншықпау үшін еңбектеп немесе еңкейіп шығу керек.
8.Өрт болып жатқан жерден желдің бағытына қарай шығу керек.
9.Өрттен шығарда лифтіні қолдануға,терезеден секіруге болмайды.
Өрттің шығу себептері жылыту электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуда.
Тек балалардың кінәсінен өрт шығады. Сондықтан балаларға отпен ойнауға болмайды.
Топпен жұмыс жасай отырып, сұрақтың тиісті жауабын анықтау.
Сіз үйде теледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.
Ажыратқыш тоқты суырып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз?
Берілген жауапты ретімен атап көрсету.
Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз
Ата – анаңызға хабарлайсыз
Тоқ желісін қиып тастайсыз
Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз
Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз