kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы»

Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы

(мақала)

Сындарлы оқыту теориясына негізделген үшінші деңгейлік курс бағдарламасын меңгеріп, мектептегі тәжірибеде орын алған сәтті де сәтсіз нәтижелерімізді ой елегінен өткізуді есептерді жазу өте күрделі үдеріс деп ойлаймын. Соның ішінде, өз тәжірибеміздің негізін қалайтын өзгерістерді бақылауымыздың, дәл уақытында жазбалар жүргізудің, бағдарлама талаптарын практика кезінде мұқият зерделеудің маңыздылығын енді түсінгендей болудамыз. Сондықтан да есеп жазу бізге қиындық әкелуде деп ойлаймын. Бірақ біздің тренеріміздің тарапынан тәжірибеге кетпей тұрып жоспарлаудың маңыздылығына қажетті деңгейде мән берілуі керектігі ескертілген болатын. Ең маңыздысы, есеп пен тұсаукесерге таңдайтын модульдеріңді алдын-ала жобалап жүруімізге кеңес берген болатын. Яғни, мен осы модульге есеп жазатынымды мектепте жүргенде есімнен шығарған емеспін, барынша идеяларын саналы меңгеруге тырыстым, кешке қарай нұсқаулық пен деректерді қайталауға мән беріп отырдым. Өзектілігі мен маңыздылығы жағынан және кіші жастағы оқушылардың оқу мен оқытудағы ынтасын арттыруда, табыстылықтың күшейту мақсатында «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулінің алатын орны ерекше деп ойлаймын. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылатынын түсінгеніме өзім өте қуаныштымын аталынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға , баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2001, 2008) Диалогтік оқуына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ,ол диалектикалық және диологтік педагогика тұрғысынаң оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды.Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады.Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәрсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай,бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастыру керек.Балаларды диолог пен дәйектеуге,тақылауға белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүрү үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар кунен-кунге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек(Александр 2008) Бұрынғы тәжірибе бойынша мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастыратындығы шындық нәрсе. Тіпті осы идеядан бас тарту курстағы әріптестерімізге өте жеңіл болды деп айта алмаймын. «Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болу мүмкін» деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерістерді талап етеді. Біріншіден, «Оқыту үшін бағалау»( формативті бағалау) –тек оқушылардың пәндік білімдерінің қорытындысын шығарып, оларды жақсы оқитындар мен үлгерімі төмендер деп бөлуден сақтандыратындығы маған қатты әсер етті. Оқу үдерісін жақсартуда табысты оқытуды ұйымдастыру үшін оқушыларымның тек өз пәнін жетік меңгеруіне ғана мән бермей, жеке тұлғалық қасиеттерін де білу маңызды екендігін ұғындым. Қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диогностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керектігін меңгердім деп айта аламын. Бұл үшін мен мақтана аламын, мен үшін үлкен жетістік болды және болашақта барлық оқушыларымды жаңа бастамаларға жетелей алады. Өйткені, бағалау арқылы эмоциялық, әлеуметтік және танымдық кедергілерді жоюға мүмкіндік болады деп пайымдадым. Сөйтіп, мен тәжірибе барысында, өтетін сабақтарымда оқушыларды бағалау кезінде және олардың білімдерін анықтау мақсатында формативті оқытудың он екі стратегиясын басшылыққа алуға бетбұрдым. Бірақ, оның барлығын бірдей қолдану үшін шеберлік қалыптастыруға уақыт керек екендігін білемін, 7-8 түрін қолдана алғанның өзі табыстылық талабындай деп ойладым.Пәннің оқыту ерекшелігіне сәйкес сабақтағы тапсырмалар оқуды, талдауды, ойлауды, баршаға да түсінікті деп білемін. Бірақ, оқушыларымның не істегенін емес, олардың қалай ойлағанын істегенін бақылауға, оны өздерінің бақылауына, назарда үшін бейімделуге, зейіндерімен аңғару машықтарын дамытуда осы мен таңдаған модульдің орны мен рөлі ерекше деп ойлаймын. Оқушыларды формативті бағалауға тарту бірден мүмкін еместігін ескере отырып, ең әуелі, сабақтан тыс іс-шара жүргізуді жөн көрдім.. әлеуметтік топтарға бөліну, бақылау жүргізу, зейіндерді шоғырландыру, топта талдау және бағалау жүргізілетіндей етіп тапсырмалар құрастырдым да «Наурыз-жыл басы» тақырыбында сыныптық шаралар ұйымдастырдым. Балалардың көңілдері көтеріліп, жұптық, топтық және жеке түсінгендей болды. Бастысы, әрбір шарадағы балалардың әрекеттеріне критерийлер қойылды. Тапсырманы беру кезінде оған қойылатын талаптарды қоса түсіндіріп отыру қажет екен. Оқу әрдайым ашық болу керек, адалдық мәдениетін күшейту деген бағалау сипаттамалар мәнін енді ғана жақсылап ұғынып жатырмын. Талаптарды, оқушылармен бірге талдаған кезде ғана, олар өздерінен не сұрағанды және оны қалай орындау керек екендігін түсінеді екен. Ал осы жолғы бағалауды жұппен өткіземін дегенмен, барлығы бірдей орындамағй келген соң, қиындау болды, орындамай келген балалардың көңілдері бірден түсіп кетті. Мен осыдан қорытынды шығаруым керек деп шештім. Осындай формативті және оқыту үшін бағалаудың басқада тиімді түрлерін өз сабақтарымда пайдаланудың маңызды екендігін түсіндім. Қорыта келгенде, баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайта түседі. Алдағы тәжірибемде мұғалім жалғыз бақылаушы тұлға болмайтындығына назар аудара отырып, оқушылардың өздерінің сыныптастарын және өздерін әділ бағалуға тарта отырып мүмкіндік беруге жағдай жасаймын. Сабақ үдерісін жақсарту мақсатында бағалудың формативті түрлерін өзім беретін сыныптарымда пайдалануым керек екенін түсініп отырмын. Сабақ үдерісінде бағаны мен ғана емес, оқушылардың да өз жұмыстарын бағалап отырса, білім алуға деген ынтасы, қызығушылығы артатынына көзім жетті. Осы сәтсіз шыққан тұстарымды жою мақсатында мен оқушыға берілген ұсыныстар бойынша, олар қандай жұмыстар атқарып жатқандығын үлкен мән беріп, топтық тапсырмалар берген кезде өздерін бағалағаннан кейін дұрыс жауапты беріп, оқушының өз жұмысына кері байланыс орнатуына ықпал жасауды басшылыққа аламын. Оқушылардың оқыту үдерісін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар: Сабақ үдерісін одан әрі жетілдіру үшін басқа пән мұғалімдерімен, әріптестеріммен тығыз байланыста болып, оқытудың басты құндылықтарын бірлесе сезініп, тұжырымды пікірлерді қабылдауда, бөлісуде ұтымды әрекеттер мен шынайы қарым-қатынастарды қалыптастыру керек деп ойлаймын. Үнемі ізденісте болып, оқуды жақсарту үшін өзіміздің құзыреттілігімізді арттырып отыруымыз керек




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы

Автор: Жабикенова Салтанат Ануарбекқызы

Дата: 01.05.2020

Номер свидетельства: 548543

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Оқыту үшін бағалау мен сыни ойлау модулінің сапалы білім алудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(72) "okytu_ushin_bagalau_men_syni_oilau_modulinin_sapaly_bilim_aludagy_manyzy"
    ["file_id"] => string(6) "548542"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1588355506"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "А?ылшын тілі саба?ында білім сапасын арттыру ма?сатында инновациялы? технологияларды енгізу"
    ["seo_title"] => string(91) "agylshyntilisabagyndabilimsapasynarttyrumaksatyndainnovatsiialyktiekhnologhiialardyienghizu"
    ["file_id"] => string(6) "300394"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456725952"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ба?дарламаны? бір модулі ?алай ж?не неге енгізілгені туралы"
    ["seo_title"] => string(70) "bag-darlamanyn-bir-moduli-k-alai-zh-nie-nieghie-ienghizilghieni-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "277045"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452837089"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Сапалы білім беру мен білім алуда?ы жа?а т?сілдер "
    ["seo_title"] => string(55) "sapaly-bilim-bieru-mien-bilim-aludag-y-zhan-a-t-sildier"
    ["file_id"] => string(6) "176371"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424410434"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Білім беру ?рдісіндегі заман?а сай жа?а технология"
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindieghi-zamang-a-sai-zhan-a-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "273330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452185833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства