Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты балаға хат таныту,яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалауға үйренеді және сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес,оның әрбір элементін дұрыс жазуға,оңға қарай біркелкі көлбеу, таза,анық жазуға машықтандыру.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфиясы) қалыптасады. Әдемі жазу-өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар.Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза ,әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп,жауапкершілікке,тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.Оқушыларды көркем жазуға үйретуде 3 нәрсені басшылыққа алу керек. 1.Әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді құрастыра білуге үйрету. 2. Әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру. 3. Жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрін,оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануы керек. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындау керек. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті-ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі.Әртүрлі зат бейнесін, геометриялық фигурларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын жетілдіреді.Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет дәптерге орындатқан дұрыс. Сурет дәптер бетіне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Әрбір әріпті жазып шығу көп қырлы талдау жұмысын атқару. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. 1.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену, ең алдымен оның неше элементтен тұратынын білу. 2. Ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу тағы басқа тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. « Несімен ажыратылады» жаттығуы // // // // бұл әріптерді бірдей биіктікте , бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. «Орнын белгіле» жаттығуы дәптерге алдын ала сөздер жазылады.Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. «Әріпті тап» жаттығуы Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып қызығушылығын арттырады. |