Просмотр содержимого документа
«Оқудағы кедергілерді анықтау»
Тақырыбы: Оқудағы кедергілерді анықтау
Жалпы мақсаты
Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды.
Оқу нәтижесі
Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттамаларын (зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық), оқытудың ынталандыру теорияларын,
«қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді.
Түйінді идеялар
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.
Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер
Бейне таспа, коучинг туралы мәтін, түрлі түсті қағаздар, бағалау парағы, флипчарт, қарындаштар.
Коучинг барысы
Психологиялық ахуал
«Сәлемдесу» жаттығуы Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру; Жаттығу барысы Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.
Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
Топқа бөлу
Әуен қосу. Тыңдаушыларды билету.
Тыңдаушылардың ұнатқан әуендеріне сай топқа бөлу.
Ой шақыру
«кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация) Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?
Топта талқылайды.
Әр топ мүшесі өз ойын ортаға тастайды
Негізгі бөлім
Постермен жұмыс 1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар тарапынан кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдарын постерге жазу. Әр кедергіге екі шығу жолын жазу керек. 2 топ. Ата - аналар тарапынан қандай кедергілер бар оларды қалай жоюға болады? Постерге жазу 3 топ. Мұғалім тарапынан кездесетін кедергілермен олардан шығу жолдарын постерге жазып көрсету.
Постермен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды.
Ой толғаныс
Топтық жұмыс
1-топ
«Күш өрісін» талдау дегеніміз не?
2-топ
Бланк ортасындағы өрісте өзгеріс бойынша өз жоспарыңызды немесе ұсынысыңызды жазыңыз.
3-топ
Əр бағанға өзгеріске ықпал ететін барлық күштердің тізімін жазыңыз.
«Жақтайтын» жəне «қарсы» əрбір күшті 1-ден (əлсіз) 5-ке дейін (күшті) бағалаңыз.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлексия
Жаттығу "Кездескенше" (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады) - Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады. Оны сіздер бір - біріңізге бере отырып, коучинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.