Коучингті? та?ырыбы ауданды? семинар?а ?атысушы м??алімдер ?шін ма?ызды болу себебі д?ст?рлі ?діспен саба? беретін м??аілмдерді замануи о?ыту ?дістері бойынша саба? беру ?лгісін к?рсете отырып, о?уда?ы кедергілерді жа?аша шешу жолдарымен танысады.
Б?л м?селеде ?тымды шешімін тап?ан ?р м??алімні? о?ушыларды о?у?а ынтасын оятып ?ана ?оймай, о?у сапасыны? артуына ы?палы болады деген пайымдауым бар.
Ауданды? семинар аясында ?ткен осы коучинг-сессиясынан м??алімдер е? алдымен о?уда?ы жа?а ?діс-т?сілдерді т?жірибеде к?рсе, о?уда?ы кедергілерді ?здері ?сынып оны шешуді? тиімді жолдарын ?арастыра алды.
Коучингке ?атысушылар ?зін-?зі ба?алау ар?ылы ?з ?ызметтеріні? ба?асын бере алды. «Блоб а?ашы» бойынша кей м??алімдерді? ?зін асыра ба?алады.
Коучинг жоспарыны? ма?сат?а жетудегі де?гейі ?те жо?ары болды. ?атсушылар о?уда?ы кедергілерді ?здері шеше ал?анда, ?з м?мкіндіктері мен к?шбасшылы? ?абілеттеріні? ай?ынды?ына к?здері жетті деуге болады.
Осы шеберлік сыныпты ?ткізгенде е? с?тті шы??аны «Шынды? детекторы» мен «Ж?рме?ке», «Саяба?та?ы орынды?» ?дістері. «Шынды? детекторы» мен «Ж?рме?ке» т?сілін осы коучинг арнап ?зім ?ос?ан жа?алы?ым еді. ?детте таныс ??ымдар бол?анымен ?олданылу аясын коучинг саба?ына ?ректтестіру ?зім ?шін жа?алы? болды. Сонды?тан осы ?діс-т?сілдер барысында м??алімдерді? ерекше ашылып ?з пікірлерін білдіруі ?нады. ?р мектептен келсе де орта? м?селені ай?ындап, пікір аламаса отырып бірлескен ж?мыс?а ?ол жеткізе алды. Кері баланыстан к?п жа?ымды а?параттар алдым, коучинг ?на?анын жазыпты.
М??алімдерді? ішкі м?мкіндіктерін ашу?а «А?ылды? алты ?алпа?ы» ?дісі ерекше к?мектесті. ?р т?ске байланысты тапсырма орында?ан м??алімдер, ?здерін жан-жа?ынан к?рсете білді.Кері байланысал?анда м??алімдерді? барлы?ы та?ырыпты? ма?ызды бол?анын ж?не ?здеріні? еркін ой б?ліскендерін жазыпты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Аудандық семинар тақырыбы «Оқу барысындағы жаңа технологиялардың нәтижесі»
Жалпы мақсаты:
Оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болатынын талдап, практикада қарастыру арқылы оң нәтижеге жетеді.
Күтілетін нәтиже:
Егер оқудағы кедергілерді әр педагог сәтті жеңсе, оқу үшін пәнге деген қызығушылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді
Түйінді ой:
Қызметтің танымдық саласы, қызметтің әлеуметтік саласы, қызметтің аффективтік саласы.
Уақыт
Мұғалімнің әрекеті
Қатысушылардың әрекеті
90 минут
Қолданылған әдіс-тәсілдер:
«Ақылдың алты қалпағы» тәсілі, «Жәрмеңке» стратегиясы, «Саябақтағы орындық» әдісі
3 минут
Топқа бөлу
«Коучинг кассасы» бойынша топқа бөлінеді. Мұғалімдерді коучинг кассасынан билеттер алуға шақырады.
Билеттердегі тілектер бойынша топқа бөлінеді. «Жұлдызың жансын!», «Бақыт тілейміз!», «Сыйластық тілейміз!», «Махаббат тілейміз!».
5 мин
Психологиялық ахуал туғызу
«Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі.
Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1,5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі «Жәрмеңке»
стратегиясы
Салмақты ойлар жәрмеңкесін ұйымдастыру.
«Үйрету мүмкін емес!
Үйрену ғана ықтимал!»,
«Адам басқаларды үйреткенді ұнатады, ал өзін үйреткенді жақтырмайды.», «Бүгін шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек!», ««Мен айтып берсем-шәкірт түсінеді!» -деген ұстанымды бүгінгі күні қолданбаған жөн», «Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды», «Ұстаздың басты мақсаты-шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу», «Біз мектепте тек «Мен кім болам?» тақырыбында шығармалар жазып келдік те, алайда «Мен қандай болам?» тақырыбында шығарма жазбаған шығармыз!...» , «Тұлға даму мәселесінде замануи педагогика білімділіктен шәкірттердің өзіндік ой-толғанысын (рефлексиясын) негіздеуге бет бұрған»
Мұғалімдер салмақты ойлармен танысады. Өздеріне ой салған ойларды таңдап себет-конвертке жинақтайды. Керексіз немесе келіспеген пікірлерді алмайды. Аудиторияны шарлап жүріп, бір-бірінен неге осы ойларды алғаны туралы сұрайды.
Бұл пікірлер қандай мақсатта жәрмеңкеге қойылды?
10 минут
«Шындық детекторы» блиц оқу ойыны
Дереккөзбен жұмыс.
Дайын видеороликті тамашалау. «Ұстаз нені білмейді?»
Қандай кедергілер болады?
Түйінді ой: ұстаз шәкіртінің ішкі жан-дүниесінің болмысы мен ахуалын білмейді, оқушының қандай ойы, пікірі, идеялары, дүниетанымы, көзқарасы, ұстанымы, түсінігі, пайымдауы, уәждері, дәлелдері, ұсыныстары бар екендігін білмейді.
Қызметтің танымдық саласы Қызметтің әлеуметтік саласы, Қызметтің аффективтік саласы
Ауызша: ой бөлісу
Таным және оқу
Қызметтің әлеуметтік саласы: қатынас және өзара әрекеттестік
Қызметтің аффективтік саласы: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму
20 минут
1. «Саябақтағы орындық» әдісі (суырып салып айту)
Жалпы рефлексия: Отырған адамның орнын ауыстыртуда қандай рөлдер мақсатқа жете алды? Кім нақты сендіре алды, неге?
Кедергіні жеңу қызметтің қай саласына жатады?
Бір адам бақтағы жалғыз орындыққа отырады. Өзгелері жартылай шеңбер жасап айнала отырады. Басқалардың міндеті: орындықта отырған адамды орнын босатып беруіне көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды.
«Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы; полиция немесе мүгедек адам, т.б. сияқты рөлдер.
«Отырған» адам рас жауап беруі керек.
5 минут
Бағалау
Бірін-бірі бағалайды
20 минут
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі Жағдаят.
Мектептегі 9 «А» сыныбында күрделі жағдай орын алды. Сыныптың оқу сапасы күн сайын артқа кетуде. 2012-2013 оқу жылында 85 пайызды көрсетсе, 2013-2014 оқу жылының І жартысында 40 пайыз, ІІІ тоқсанда небәрі 21 пайызға жетті. Ал, сыныптың қоғамдық іске араласуы тіпті мәз емес, оқушыларды мерекелік іс-шараларда сахнаға шығуды қойды бірақ спорттық сайыстарда жетістіктері жақсы. Негізгі пәндерде оқушылар енжарлық танытса да информатика сабағы болатын күні қатты қуанады. Сыныпта барлығы 2012-2013 оқу жылында 22 оқушы болса, 2013-2014 оқу жылында 16 оқушы қалды. Мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері
мұндай күрт өзгерске қандай жағдай әсер еткенін түсінбей, себебін іздестіру үстінде.
5 минут
Рефлексия :«Сәлем хат»
Сәлем хат
Көңілге шат
Гүлденген әлем
Әріптеске сәлем!
Коучинг қалай өтті?
Коучинг жөнінде ұсыныс:
Қолданған материалдар:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/Коучинг және тәлімгерлік, 80 бeт
Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері. 2013 жыл.
ШЕБЕРЛІК СЫНЫП БОЙЫНША КОУЧТІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫ:
(МАСТЕР-КЛАССА)
Почему тема коучинга актуальна для Вашей школы и как она отвечает на потребности Ваших коллег?
Коучингтің тақырыбы аудандық семинарға қатысушы мұғалімдер үшін маңызды болу себебі дәстүрлі әдіспен сабақ беретін мұғаілмдерді замануи оқыту әдістері бойынша сабақ беру үлгісін көрсете отырып, оқудағы кедергілерді жаңаша шешу жолдарымен танысады.
Почему вы решили сфокусироваться на данном аспекте обучения и преподавания? Почему это важно для вас? Почему это важно в контексте вашей школы?
Оқудағы кедергілер әр педаогтың басындағы бар ауктуальды мәседлесі болуынан мен үшін де, басқа мектептер үшін де маңызды. Бұл мәселеде ұтымды шешімін тапқан әр мұғалімнің оқушыларды оқуға ынтасын оятып қана қоймай, оқу сапасының артуына ықпалы болады деген пайымдауым бар.
Что, по вашему мнению, изучили ваши коллеги-учителя в результате коучинг-занятия?
Аудандық семинар аясында өткен осы коучинг-сессиясынан мұғалімдер ең алдымен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде көрсе, оқудағы кедергілерді өздері ұсынып оны шешудің тиімді жолдарын қарастыра алды.
На основании чего Вы сделали выводы об эффективности процесса обучения Ваших коллег?
Күнделікті іс-тәжірибе барысындағы мәселелерге негізделді. Басқа мектептерден жиналған әріптестеріммен өзгерісті бөлісу үшін барлығымызға ортақ тақырыптан бастау арқылы ортақ тіл табыса алатынымызға көзім жетті.
Удалось ли организовать работу коллег по оценке собственной деятельности на учебном занятии с позиции достижения целевой установки?
Коучингке қатысушылар өзін-өзі бағалау арқылы өз қызметтерінің бағасын бере алды. «Блоб ағашы» бойынша кей мұғалімдердің өзін асыра бағалады.
Какова степень достижения целей данного учебного занятия?
Коучинг жоспарының мақсатқа жетудегі деңгейі өте жоғары болды. Қатсушылар оқудағы кедергілерді өздері шеше алғанда, өз мүмкіндіктері мен көшбасшылық қабілеттерінің айқындығына көздері жетті деуге болады.
Какие моменты на занятии были самыми удачными? Почему?
Осы шеберлік сыныпты өткізгенде ең сәтті шыққаны «Шындық детекторы» мен «Жәрмеңке» , «Саябақтағы орындық» әдістері. «Шындық детекторы» мен «Жәрмеңке» тәсілін осы коучинг арнап өзім қосқан жаңалығым еді. Әдетте таныс ұғымдар болғанымен қолданылу аясын коучинг сабағына әректтестіру өзім үшін жаңалық болды. Сондықтан осы әдіс-тәсілдер барысында мұғалімдердің ерекше ашылып өз пікірлерін білдіруі ұнады. Әр мектептен келсе де ортақ мәселені айқындап, пікір аламаса отырып бірлескен жұмысқа қол жеткізе алды. Кері баланыстан көп жағымды ақпараттар алдым, коучинг ұнағанын жазыпты.
Удалось ли Вам создать условия для раскрытия потенциала учителей?
Мұғалімдердің ішкі мүмкіндіктерін ашуға «Ақылдың алты қалпағы» әдісі ерекше көмектесті. Әр түске байланысты тапсырма орындаған мұғалімдер, өздерін жан-жағынан көрсете білді.Кері байланысалғанда мұғалімдердің барлығы тақырыптың маңызды болғанын және өздерінің еркін ой бөліскендерін жазыпты.
Что было явно неудачным на занятии? Что необходимо исправить и как? Что можно было бы улучшить в организации занятия, в содержании и методах работы?
Сәл кедергі дереккөздермен жұмыс жасағанда кездесті. Материалдарды қабылдауда біраз қосымша сұрақтар қойды. Осы жағдайды түсініксіз қалдырмас үшін мен бірден жоспарда жоқ қосымша әрекет еттім. Кез-келген бір кедергіні өздері атады, осын осы кедергілерді түзетуде қызметтің қай саласы бойынша әрекет етсек тиімді екенін талдағанда ғана түсінікті болды. Келесі коучинг сессясында осындай дерекөздермен жұмыста әдіс-тәсілдердің ішінде әңгімелесу құралдарына тоқталмақпын. Сонда материал қатысушыларға толық жетеді деп ойлаймын.