Просмотр содержимого документа
«?ліппе білім бастауы»
«Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі
Тақырыбы: «Әліппе білім бастауы!»
Жүру барысы:
Ертегілер әнімен ашу. Орындайтын:
(Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді)
1-уәзір:Уа, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтаротыр.
2-уәзір: 1 – сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.
1–уәзір: Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!
Ханшайым: уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамызда келе жатыр.
Патша: Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
1–уәзір: Қымбатты патшамыз, бүгін 1-сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік
Патша: Не дейді? (Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты қатты ұрып) Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!
Патша: менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыңдар?-жүргізуші Фариза: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің кішкентай достарым сіздің елдің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып, оқи алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Оданда ашуыңызды басып, 1»А» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: - Жарайды, онда рұқсат берейін, өнерлерін көрейін.
Жүргізуші Фариза:
Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздыр, тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар!
Қазір бізде Әліппе тойы басталады.
Жүргізуші Фариза: Осы тойдың себепкерлері қайда екен?
Жүргізуші Фаиза: Ендеше бәріміз дуқол шапалақпен қарсы алайық
1-қыркүйек 2015 жылы 1-сыныпқа қадам басқан, сүйкімді әліппе оқулығын қолға алған 11 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Келесі кезекті сынып жетекшісіне берейік
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақта та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың – дей отыра, ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Шахизада:Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мирас З: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош, келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Мұғалім: - Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе
( әліппе ортаға келеді)
Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен
Ағаң мененен әпкеңде.
-Армысыздар жас достар! Армысыңдар ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер балғындар!
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық
Әліппе: - Балалар осы сендер қандайсыңдар?
Шахизада -Талабы биік таудаймыз.
Диляра -Мың бұралған бишіміз.
Мансур -Біз шеберміз.
Әділет -Ақылдымыз.
Даниал -Үлкенге ізеттіміз,
Мирас З -кішіге қамқормыз.
Мирас Ж -Көп оқимыз.
Әшім - Еңсесі биік
Әміржан - көк туы желбіреген
Инабат -Тәуелсіздігі тұғырлы
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Ән: Әліппем
Орындайтын: 1А сынып
Көрініс: «Бауырсақ ертегісі» Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! – депті. Кемпірі үйде ұн жоқ дейді. Қаптың түбін қырып ал!- дейді шал. Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: терезені ашып қоя тұр, ыстық екен, суысын дейді. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді. Атамнан да құтылдым Апамнан да құтылдым – деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі. — Ой мына жерде той болып жатыр екен гой? Бұл не той?- деп сұрайды. Балалар: әліппемен қоштасу тойы — деп жауап береді.
Сол кезде алдынан Қасқыр шығады. Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді. Балалар: Жемеші, жемеші, біз сізге тақпақ айтып, ән де шырқап береміз.- дейді.
Әміржан : Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар
Нұрсила: Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеңіндер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер
Игорь:
Әміржан: Әліппенің А тұрад басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадыңба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
Әділет: А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой көңілді
Біздің елде үшеуі де кәделі
Қасқыр: —
Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен бауырсақты жимеймін!!! кетіп қалады.
Әліппе: Олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар.
Кәне, соны шешіп көрейік. Қабат қабат қаптама Ақылын болса аттама (кітап)
Болған сайын тереңге
Шығасың биік белеске (Білім)
Үйреткен ілімді
Қырық екі білімді ( Әліпби)
Алты қырлы түсі бар
Суретпенен ісі бар (Қарындаш)
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Аю шығады: Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді. Балалар: Жемеші, жемеші, біз саған мақал — мәтел жалғастырып, ән айтып береміз — дейді. 1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 2. Оқу — білім бұлағы, Білім өмір шырағы 3. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 4. Ақыл тозбайтын тон Білім таусылмайтын кен.
Аю кетіп қалады. Би: Шығыс биі
Орындайтын: қыздар
Мұғалім: - Балалар, сендер әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар? Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
-Ия, балалар дұрыс айтасыңдар. Ендеше сендер м Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі, Қырда жүр бес ешкі, Болады сонда неше ешкі? Хормен: Болады сонда он ешкі.атематика пәнінен өз білімдріңді көрсетіңдерші?
Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі, Қырда жүр бес ешкі, Болады сонда неше ешкі? Хормен: Болады сонда он ешкі.
Әліппе: Дұрыс, балалар сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады. Ендеше балалар барлығымыз ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар. Сәлем, достар, аман ба? Аман болған әманда, Ана тілін ардақтар, Ата — бабам, анам да, Туған тілдің тілімін, Ақылы мен танымын Таныстырар бәріне Ан тілі пәнімін Ана тілі ұраным Ана тілім — құралым Ана тілім болмаса Мықты болмас тұрағым
Мұғалім:Балалар, ендігі сендердің жаңа достарың – Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілін де солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек. Сондықтан да сендер Ана тілімен жқсы достасуларың керек. Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан түлкі шығады: Бауырсақ, бауырсақ — мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді. Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған есептер шығарып, ән айтып береміз — дейді Түлкі: Өте жақсы, ендеше әріптер айтысын көрелік!!!!
Түлкі: Әріптер тізіліп тұрады
Әріптердің атаманы қай әріп?
Амиржан А дегенің Алина, Алина деген мен бала.
Әшім
Әлішер деген мен болам, Көңілге мені түйесіз. Ә әрпі де атымда Оқып – біліп жүресіз. Даниал
Дөңгелене доп келеді, Оны теуіп Дарын келеді. Мәз боламын шаттана Ойым мүлде басқада.
Мирас Ж
Мансур
Игорь:
Түлкі: — Балалар мен сендерден достықты, бірлікті үйрендім!! Ендеше мен бауырсақты жимеймін, бауырсақпен дос болып ертегілер әлімен қайта оралайық!!! (бауырсақпен қолұстасып кетіп қалады) Әліппе: -Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Ән:Әліппем
Мұғалім: - балалар Әліппе сендерді оқуға,жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: балаларға ақ тілек,
Ұлдар: болашаққа бақ тілеп
Хормен: Біздерге білім үйреткен
Әліппе саған рахмет Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар , -дей отыра келесі кезекте қонақтардың жылы лебізіне кезекті берейік.
Сөз кезегі Мектеп директоры: Марат Жамантайұлына беріледі.
Келесі сөз кезегін мектеп оқу ісінің меңгерушісі: Гүлсая Серікбайқызына береміз.
Жүргізуші: келесі кезекті биге береміз
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына, Мұнда біреу ақыл айтар ұлына. Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса, Мұнда біреу елтіп отыр жырыма. Ол кім десең, Қуаныштан езулерін жымиған, Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келе келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін. Ата – аналардың тілектері тыңдалады
Мұғалім: Ұстаздар, ата аналар, оқушылар бүгінгі кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, құрметті қонағы болып келгендеріңізге мың алғыс. Ал, балаларыма айтарым Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.