kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "?ліппе білім бастауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?ліппе білім бастауы

Ма?саты:
О?у тілін дамытып, с?здік ?орын молайту. О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау.
?р о?ушыны? іс- ?рекеттері ар?ылы икемділігін, ?абілеттерін к?рсету,шы?армашылы? м?мкіндіктерін ашу;
О?ушыларды? елін, Отанын с?юге,оны ?ор?ай білуге т?рбиелеу.
 

К?рнекілігі: ?аза? ?ліпбиі,суреттер, на?ыл с?здер, «?ліппе», «Ана тілі», «Матем» о?улы?тарыны? м??абасы, ауызша есепке к?рнекілік, шарлар.

Барысы:

М??алім:
Армысыздар ??рметті ?она?тар, о?ушылар! Ш?кірттерді? ?олдарына т???ыш рет ?стап, бетін аш?ан о?улы?ы «?ліппе». Барлы? ?ылымны? атасы, болаша?ымызды? негізі- ?ліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер! (Музыка ойнап т?рады, балаларды екі-екіден ша?ыру).
І-ж?ргізуші:
?айырлы к?н, уа, халайы?!
ІІ-ж?ргізуші:
Армысыздар, м??алімдер , ?з жандар,
Білім іздеп, инемен ??ды? ?аз?андар,
??ша? жая ?арсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,?нде б?гін шыр?алар.
І-ж?ргізуші:
К?з салып ?ара?ызшы бойымыз?а
Орта? боп б?гінгі ?скен ойымыз?а.
Хош келіпсіз, ?стаздар, ата-аналар, 
?ліппемен ?оштасу тойымыз?а.
М??алім:
?сті міне бойлары?,
?сті а?ыл- ойлары?.
?уаныш?а орта?пын,
??тты болсын тойларын!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "?ліппе білім бастауы" »

Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені.







Тақырыбы:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

















Өткізген: Балмағамбетова А.Т.





2014-2015 оқу жылы.

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Тақырыбы: Әліппе білім бастауы

Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы:

Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! (Музыка ойнап тұрады, балаларды екі-екіден шақыру).
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!

Мұғалім: 
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!


1-оқушы:  Бекарыс

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Аянат
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Дәулет
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы: Іңкәр
Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Ән: «Әліппе»

І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.

Қ (Дәулет)
 Астанам, ұлы, Астанам

                Ұлылыққа бастаған!
                Мақтан тұтар өзіңді,
              Кіп-кішкентай жас балаң

«А»(Алтын)

Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.

«З»  (Аянат)

Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                               Замандар бар, заңдар бар
                               З-да барлық заңдылық
                               Заңда з мен заң болар!
«А»:  (Оралхан

             Ана тілің арың бұл  
                                  Ұятың боп тұр бетте
                                       Өзге тілдің бәрін біл
                                       Өз тіліңді құрметте!


«Қ»:    (Іңкәр)                  Қарағанды көмірі
                                                          Қостанайдың егіні.
                                                          Даласындай жомарт қой
                                                          Қазағымның көңілі.


«С»:  (Бейбарыс)        Жағасында Ертістің
                                                           Семей деген қалам бар
                                                           Туған мұнда атақты
                                                           Абай, Мұхтар, бабалар


«Т»:    (Айгүлім)                            Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                                           Ең ежелгі астана
                                                           Қасиетті Түркістан!


«А»:   (Сүндет)                            Піскен алма топ-топ түсті,
                                                           Топ-топ түсті, көптен түсті


 «Н»:  (Бекарыс                       Ас біткеннің анасы
                                                          Қасиетті нан осы
Мұғалім: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге арнап би билейік.

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.


Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.


Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. 
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы: Айгүлім
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.
«Ұстазым» әні.
І- жүргізуші: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. 
« » биі.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім: 
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп) жұмбақ есептер


Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?
Дәулет : Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Аянат: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі: Рахмет саған достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.

Барлығы: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін, Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!

Іңкәр :«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!



Әліппе: Ал достар, енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Алда ұзақ жасым бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)


Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Би: « »
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Ант қабылдау
 
1.Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік р
әміздерді құрметтеуге, 
3. Отанымызды ма
қтаныш етуге;
4. Ата-ананы
қадірлеуге;
5. Білімге
ұмтылуға;
6. Салауатты
өмір салтын ұстануға;
7. Таби
ғатты аялауға;
8. Мекте
п ережесін сақтауға
9.
Үлкенді құрметтеуге
10. Кішіге
қамқор болуға
 
Барлы
ғы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз


Ι-жүргізуші: Қош, сау болыңыздар!

ΙΙ-жүргізуші:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "?ліппе білім бастауы"

Автор: Балмагамбетова Аягул Тельмановна

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163288


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства