kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппе-білім бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:   «?ліппе-білім бастауы»

Ма?саты: Білімні? бастауы бол?ан «?ліппеден» ?йренгендерін тияна?тау.?ліппе о?улы?ыны? адам ?міріндегі алар орнын ??ындыру.Білімдеріні? артып,с?з байлы?ыны? молайып,саналарыны? ?скендерін к?рсету. Отанын,мектебін,?стаздарын,ата-аналарын ??рметтеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, шарлар, ?ріптер макеті,к?рініске ?ажетті заттар, ?ліппе ж?не Ана тілі о?улы?тарыны? макеті.

1-: -Міне, ?ажап! Б?л не?ыл?ан мереке?

2-: И?, шынында б?л жерге адамдар неге к?п жинал?ан?

    3-: Сіздер не тамашалау?а келіп отырсыздар?

    4-: А-а, б?гін бізде ?ліппемен ?оштасу кеші болады екен  

     ?ой.1-: Ендеше, бізді? достарымыз неге жиналма?ан, ?ане оларды ша?ырайы

2- Той?а келген аяулы ?стаз, ата-ана

3-: Келді? б?рі? а? тілекпен тек ?ана

2 ?ыр г?ліндей жайнаймыз

?н сап билеп ойнаймыз

Б?гін бізде мереке

?ліппе тойын тойлаймыз  

 Тал шыбы?тай бойына

?демі к?йлек жарасар

Ортада бізді? с?йікті

Балдыр?ан бал?ын балалар  1Достар,

Іші толы ?ріпке

Білімдіге жары? не? Б?рі:    Ол - с?йікті ?ліппе

1- ?ліппе – білім б?ла?ы

2- ?ліппе – ?мір шыра?ы

3- ?ліппе білім кілті

     4- Арнаймыз о?ан ?н-жырды

     ?н: ?ліппе

  Достар, олай болса ?ліппені ша?ырайы?.

Б?рі: ?ліппе,

      Балалар, ?ліппе келмеймін дейді, мен туралы, мені? ?ріптерім туралы не біледі соны айтып берсін, сонда келемін дейді.

 ?ызы? екен, біз ол туралы о?ы?ан жо?пыз ?ой, ?айдан білемі

    Балаларым, ?ара?ым,

К?нім, н?рым, жанарым.

Ертегімен ашайын,

?ыры? ?ызы? пара?ын.

 Зерде атай, жа?сы келді?із,

?ліппе жайлы к?бірек

Келеді бізді? білгіміз.

Олай болса жа?сылап ты?да?дар:

Ерте, ерте, ертеде ?ріптер мен дыбыстар ?р?айсысы ?р жерде, білін-бірі сыйлауды білмей, біріні? орнына бірі таласып, ?р?айсысы ?рт?рлі ?н шы?арып, шашыра??ы ?мір с?ріпті. Оларды? осындай іс-?рекетінен мезі бол?ан ?ліппе «Тез жет» дер Тілге жеделхат жібереді. К?п ?замай С?зстаннан Тіл келеді.

   Тіл: Ал с?йле.

?ліппе: Мына ?ріптер бетімен кетті, м?лде ты?дамайды.

Тіл: Тынышталы?дар. Осы кезге дейін жеке-жеке ?з беттері?мен ?мір с?ргендері? жетер. Б?дан былай, бір же?нен ?ол, бір жа?адан бас шы?арып ?мір с?реміз.

 Жеке ж?ріп береке таппайсы?дар. Біріксек ?ана ??діретті к?шке айналатынымызды ??атын кез жетті. Оны ?азір д?лелдеп беремін.

     Тіл жымиып: Міне, к?рді?іздер ме, екі ?ріп ?осылып, ??діретті с?зге айналды, ?н бар жерде, б?рі бар. Біреуге білім беру ?шін алдымен ?зіміз білімді болуымыз керек.

Тілімізде неше ?ріп бар?

?: ?ыры? екіміз

    Ш: И?, са?ан, ?ыры?пыз

Тіл: Неге олай дейсі??

     С: себебі ь, ъ белгілері бізге ?осылмайды.

Тіл: себеп?

     О: олар мыл?ау

(Белгілер жылайды)

Тіл: Не болды?

     Ь,ъ: мыналар бізді ?немі кемсітеді.

Тіл: Не дейді сонда?

     Ь: Дыбыс?а жатпайсы?дар, бізді? арамызда не?ып ж?рсі?дер дейді.

Тіл: Олар ?ателеседі, сендерді? де ?з орындары? бар. Тілімізде орыс тілінен келген с?здер ?аншама. Сендер дауыссыз дыбыс?а ?ызмет етесі?дер.

Белгілер ?уанып: солай ма? ?мірде ?з орны? бол?ан ?андай жа?сы!

Тіл: ?ліппе, келешекте мына ?ріптер та?дырына жауап беретін сен. 42 ?ріпті шашау шы?армай елге, ?аза?стан?а, балалар ортасына жеткізу сені?  мойны?да.

?ліппе: Рахмет. Сенімі?ізді а?тау?а тырысамын.

Б?рі: Ала?ай !

Жасасын досты?!

Балалар?а м?лтіксіз ?ызмет етеміз!

( ?ліппе кіреді)

   Аманбысыз, жас достар,

Аманбысыз, ата-ана.

Болаша??а жол бастар,

?ліппе? т?р ортада.

Жа?сы білім к?рімдік,

Болсын са?ан халайы?,

Не ?йреніп не білдік

?ане орта?а салайы?.1-ж?ргізуші: И?, балалар, біз осы уа?ыт?а дейін ал?ан білімімізді к?рсетіп, ?нермен ?рнектеп, ?нерімізді орта?а салайы?.

 ?тті о?у сан саба?

Б?гін ?лкен салтанат

О?улы?пен достасса?

?ліппемен ?оштаспа?

Ой білімі жа??ырып

?ліппеден м??гілік

?ріптерді таны?ан

??кей білгіш балдыр?ан

??тты болсын тойлары?

  О?уды к?п ойлады?

?ызы?ына тоймады?

?ріптерді ?йреніп

Сауат ашып тойлады?

 Келгенде ал?аш мектепке

Білмеуші едік ?ріп те

О?имыз ?азір ертекті

?йреткен оны ?ліппе

  ?ліппе білім анасы

?ліппе кітап данасы

?ліппе бетін ашпа?ан

Адамны? бар ма баласы?

 Бар ?ріпті ?йреткен

Міне, мені? ?ліппем

Жа?сы о?имын саба?ты

?ріптерді танып мен

  Анам мені?, ?кем де

Атам менен апам да

Шопан,?ш?ыш,?алым да

Небір мы?ты дарын да

Тіл сындырып ?ріпке

Аш?ан ал?аш ?ліппе

 Ысты? ?рбір беттері?

Жазуы?ды ??амын

А?ыл берді? ?ліппе

А?ылшы ж?не ?ліппе

 ?ліппе сауаты?мен санамды аштым

Достарыммен те?десіп араластым

?йреніп ?ріптер мен ??гімені

К?н сайын ал?а ?арай ?адам бастым

 ?ліппені бітірдім

Жаза аламын атымды

?ліппені бітіріп

Бала болдым а?ылдыХор:Сы??ыр-сы??ыр ?о?ырау.

 ?ліппе жарты жылдай жолдас болдым

Ана тілге ?келіп жал?астырды?

?р ?ріпті ?остырып,с?зін ??рап

Хат танытып,ал?аш сен к?зімді ашты?

 Алфавитті? А т?рады басында

?р?ашанда ? т?рады ?асында

Бай?ады? ба Б т?рады ?шінші

Ал осыны? сыры неде т?сінші?! 

  А деген ол аналар ?ой арда?ты

? деген ол ?келер ?ой салма?ты

Б деген ол балалар ?ой ?демі

Бізді? елде ?шеуі де к?делі

?ке туралы ?нді Адинаны? орындауында тамашала?ыздар!?н.      

Ал енді сыныбымызды? ?лдарыны? орындауында биді тамашала?ыздар!

 Келгенімде алды?а

?ызыл арай г?л алып

Жа?ын тартты? жаны?а

Ш?кіртім деп ?уанып

 Сипады? да басымнан

?ліппені ?сынды?

Ба?ытымны? осыдан

Бастал?анын т?сіндім

Анамыздай аялап

А?ылшы бол?ан ?стазым

?зі?ні? ?ана е?бегі?

Биікке ?анат ?а??аным

Хор:Ал?аш?ы  ?стаз.

 Енді кезекті ма?ал-м?телге берейік.

Ол ?шін ?азір «?демі ж?п» ойынын ойнаймыз.

.ж?п орта?а шы?ады.

?л бала ма?алды бастап, ?з ж?бы жал?астырады. (Музыка ойнап т?рады).

Кезекті ?нге берейік.Данатты? орындауында «О?уда озат боламын».

 Балалар біз ?немі саба? о?и бермейміз ?ой. Олай болса біз ?зілісті пайдаланып («И?», «жо?» ойынын ойнайы?).

Досымды сатпаймын (и?)

?тірік айтпаймын (и?)

К?ршімнен к?шіремін (жо?)

Шимайлап ?шіремін (жо?)

Жа?сылы?ты ?мытпаймын (и?)

Саба?ты ??паймын (жо?)

Кітапты к?п о?имын (и?)

Саба?тан жиі ?аламын (жо?)

Мен еріншек баламын (жо?)

Анамны? тілін аламын (и?)

Дильназды? орындауында « Айналайын» ?нін ты?да?ыздар

2-

 

 

?ліппе: Сендерді ?рі ?арай жетейлейтін достары?. Ана тілі болма?. Ендігі кезекті Ана тіліне берейік.

Ана тілі: Сендерді? ?нерлері?ді к?ріп ?уанып т?рмын, енді сендерге біраз с?ра? ?ояйын.

Е? ал?аш?ы ?стаз кім? 

Е? ал?аш?ы ?ліппені кім жазды? 

Бізді? мектебіміз кімні? атымен аталады? 

 Ана  тілі ?раным,

Ана тілім ??ралым.

Ана тілім болмаса,

Мы?ты болмас т?ра?ым.

Ана тілі: Рахмет,балалар о?уда озат болы?дар.

М??алім: Осы біз ?андаймыз. 

-Талабы биік таудаймыз     

-Мы? б?рал?ан бишіміз     

-Біз шеберміз         

-Біз ?ншіміз      

-А?ылдымыз       

-?лкенге ізеттіміз,кішіге ?ам?ормыз 

-К?п о?имыз     

Б?рі:  «Біз ?аза? еліні? болаша?ымыз»

1-ж?ргізуші: ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз,

2-ж?ргізуші: Енді ?ол?а бас?а кітап аламыз.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппе-білім бастауы »

Әліппемен қоштасуға арналған тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Әліппе-білім бастауы»

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау.Әліппе оқулығының адам өміріндегі алар орнын ұғындыру.Білімдерінің артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету. Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.


1-жүргізуші: -Міне, ғажап! Бұл неғылған мереке?

2-жүргізуші: Иә, шынында бұл жерге адамдар неге көп жиналған?

3-жүргізуші: Сіздер не тамашалауға келіп отырсыздар?

4-жүргізуші: А-а, бүгін бізде Әліппемен қоштасу кеші болады екен

ғой.



1-жүргізуші: Ендеше, біздің достарымыз неге жиналмаған, қане оларды шақырайық.

Музыка ойналады.

2-жүргізуші: Тойға келген аяулы ұстаз, ата-ана

3-жүргізуші: Келдің бәрің ақ тілекпен тек қана

4-жүргізуші:

Қошеметтеп қол соғыңыз қаттырақ

Ел ертеңі - бүлдіргендер ортада

2-жүргізуші: Қыр гүліндей жайнаймыз

Ән сап билеп ойнаймыз

Бүгін бізде мереке

Әліппе тойын тойлаймыз



Қарлығаш: Тал шыбықтай бойына

Әдемі көйлек жарасар

Ортада біздің сүйікті

Балдырған балғын балалар



1-жүргізуші: Достар,

Іші толы әріпке

Білімдіге жарық не?



Бәрі: Ол - сүйікті әліппе

1-жүргізуші: Әліппе – білім бұлағы

2-жүргізуші: Әліппе – өмір шырағы

3-жүргізуші: Әліппе білім кілті

4-жүргізуші: Арнаймыз оған ән-жырды



Ән: Әліппе

Қарлығаш: Достар, олай болса Әліппені шақырайық.

Бәрі: Әліппе, Әліппе!

Данат: Балалар, әліппе келмеймін дейді, мен туралы, менің әріптерім туралы не біледі соны айтып берсін, сонда келемін дейді.

Ерқанат: Қызық екен, біз ол туралы оқыған жоқпыз ғой, қайдан білеміз?



( Зерде атай кіреді)

Айбар: Балаларым, қарағым,

Күнім, нұрым, жанарым.

Ертегімен ашайын,

Қырық қызық парағын.

Мағжан: Зерде атай, жақсы келдіңіз,

Әліппе жайлы көбірек

Келеді біздің білгіміз.

Зерде атай: Олай болса жақсылап тыңдаңдар:

Ерте, ерте, ертеде әріптер мен дыбыстар әрқайсысы әр жерде, білін-бірі сыйлауды білмей, бірінің орнына бірі таласып, әрқайсысы әртүрлі үн шығарып, шашыраңқы өмір сүріпті. Олардың осындай іс-әрекетінен мезі болған әліппе «Тез жет» дер Тілге жеделхат жібереді. Көп ұзамай Сөзстаннан Тіл келеді.

Тіл: Ал сөйле.

Әліппе: Мына әріптер бетімен кетті, мүлде тыңдамайды.

Тіл: Жарайды, бір лажы болар, жина бәрін.

Әріптер жиналады.

(Әуелі бәрі тыныш тұрады)

Сосын шулай бастайды.

А: а-а...а-а

Р: р

У: уһ,

Ұ: ұлиды

Қ: қырылдайды

Тіл: Тынышталыңдар. Осы кезге дейін жеке-жеке өз беттеріңмен өмір сүргендерің жетер. Бұдан былай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып өмір сүреміз.

А: алақай!

Қ: қалайша?

Тіл: Жеке жүріп береке таппайсыңдар. Біріксек қана құдіретті күшке айналатынымызды ұғатын кез жетті. Оны қазір дәлелдеп беремін.

Ә, бір адым алға шықшы

Н, Сен де шығып, сол жағына тұр

Ал оқыңдаршы.

Ә, Н, Ән, Ән

Тіл жымиып: Міне, көрдіңіздер ме, екі әріп қосылып, құдіретті сөзге айналды, ән бар жерде, бәрі бар. Біреуге білім беру үшін алдымен өзіміз білімді болуымыз керек.

Тілімізде неше әріп бар?

Қ: қырық екіміз

Ш: Иә, саған, қырықпыз

Тіл: Неге олай дейсің?

С: себебі ь, ъ белгілері бізге қосылмайды.

Тіл: себеп?

О: олар мылқау

(Белгілер жылайды)

Тіл: Не болды?

Ь,ъ: мыналар бізді үнемі кемсітеді.

Тіл: Не дейді сонда?

Ь: Дыбысқа жатпайсыңдар, біздің арамызда неғып жүрсіңдер дейді.

Тіл: Олар қателеседі, сендердің де өз орындарың бар. Тілімізде орыс тілінен келген сөздер қаншама. Сендер дауыссыз дыбысқа қызмет етесіңдер.

Белгілер қуанып: солай ма? Өмірде өз орның болған қандай жақсы!

Тіл: Әліппе, келешекте мына әріптер тағдырына жауап беретін сен. 42 әріпті шашау шығармай елге, Қазақстанға, балалар ортасына жеткізу сенің мойныңда.

Әліппе: Рахмет. Сеніміңізді ақтауға тырысамын.

Бәрі: Алақай !

Жасасын достық!

Балаларға мүлтіксіз қызмет етеміз!

( Әліппе кіреді)

Аманбысыз, жас достар,

Аманбысыз, ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең тұр ортада.



Жақсы білім көрімдік,

Болсын саған халайық,

Не үйреніп не білдік

Қане ортаға салайық.



1-жүргізуші: Иә, балалар, біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.

Әлихан: Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң

Әліппемен қоштаспақ

Ой білімі жаңғырып

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған

Құтты болсын тойларың

Адина : Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат ашып тойладық

Нұрсұлу: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

Ұлпан: Әліппе білім анасы

Әліппе кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?

Ердос : Бар әріпті үйреткен

Міне, менің әліппем

Жақсы оқимын сабақты

Әріптерді танып мен

Илияс: Анам менің, әкем де

Атам менен апам да

Шопан ,ұшқыш ,ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе



Данат : Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппе

Ақылшы және әліппе

Жандос: Әліппе сауатыңмен санамды аштым

Достарыммен теңдесіп араластым

Үйреніп әріптер мен әңгімені

Күн сайын алға қарай қадам бастым

Хабиба : Әліппені бітірдім

Жаза аламын атымды

Әліппені бітіріп

Бала болдым ақылды



Хор:Сыңғыр-сыңғыр қоңырау.



Диас: Әліппе жарты жылдай жолдас болдым

Ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып,сөзін құрап

Хат танытып,алғаш сен көзімді аштың

Дәурен: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?!

Адина: А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Адина: Әке туралы әнді Адинаның орындауында тамашалаңыздар!Ән.

Қарлығаш:Ал енді сыныбымыздың ұлдарының орындауында биді тамашалаңыздар!!!

Би: Джентельмены.

Амина: Мұғалім ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың сенің тойыңа

Арнайды саған бұл әнін

Гүлжан: Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып

Асылзат: Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім

С.Айбар:

Анамыздай аялап

Ақылшы болған ұстазым

Өзіңнің ғана еңбегің

Биікке қанат қаққаным

Хор:Алғашқы ұстаз.

Ерқанат: Енді кезекті мақал-мәтелге берейік.



Ол үшін қазір «Әдемі жұп» ойынын ойнаймыз.

...жұп ортаға шығады.

Ұл бала мақалды бастап, өз жұбы жалғастырады. (Музыка ойнап тұрады).

Жандос: Кезекті әнге берейік.Данаттың орындауында «Оқуда озат боламын».

Қарлығаш: Балалар біз үнемі сабақ оқи бермейміз ғой. Олай болса біз үзілісті пайдаланып («Иә», «жоқ» ойынын ойнайық).

Досымды сатпаймын (иә)

Өтірік айтпаймын (иә)



Көршімнен көшіремін (жоқ)

Шимайлап өшіремін (жоқ)

Жақсылықты ұмытпаймын (иә)

Сабақты ұқпаймын (жоқ)

Кітапты көп оқимын (иә)

Сабақтан жиі қаламын (жоқ)

Мен еріншек баламын (жоқ)

Анамның тілін аламын (иә)

Жандос: Дильназдың орындауында « Айналайын» әнін тыңдаңыздар

2- жүргізуші: Жиналған қауым таң қалсын

Ән биден шашу шашылсын

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын

Сыныбымыздың биші қыздарының биін тамашалаңыздар!

Би: Халықтар достығы биі

Адина: Әліппемен қоштасатын сәт келді.

Ерқанат: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Дильназ: Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреткен!

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеткен

Ясмин: Қош болып тұр,әліппе,анамдайсың

Жақсы бол деп,біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Мағжан: Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

Әліппе:

Сендерге де рахмет, балалар.

Оқуда зейінді болыңыздар,

Еңбекте бейімді болыңыздар,

Ақ жол болсын қарақтарым,

Айдай болсын қабақтарың.

Хормен: Хош, сүйікті әліппе!

Біз де саған ақ жол тілейміз

Әліппе: Сендерді әрі қарай жетейлейтін достарың. Ана тілі болмақ. Ендігі кезекті Ана тіліне берейік.

Ана тілі: Сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын, енді сендерге біраз сұрақ қояйын.

Ең алғашқы ұстаз кім? Ыбырай Алтынсарин

Ең алғашқы Әліппені кім жазды? Ахмет Байтұрсынұлы

Біздің мектебіміз кімнің атымен аталады? Ғабиден Мұстафиннің атымен аталады

Алишер: Ана тілі ұраным,

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Ана тілі: Рахмет ,балалар оқуда озат болыңдар.

Мұғалім: Осы біз қандаймыз. ( 12 оқушы шығады)

-Талабы биік таудаймыз (Мирас)

-Мың бұралған бишіміз ( Хабиба)

-Біз шеберміз ( Нұрсұлу)

-Біз әншіміз ( Диас)

-Ақылдымыз ( Дильназ К.)

-Үлкенге ізеттіміз,кішіге қамқормыз ( Гүлжан)

-Көп оқимыз ( Асылзат)

Бәрі: «Біз қазақ елінің болашағымыз»

1-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

2-жүргізуші: Енді қолға басқа кітап аламыз.

3-жүргізуші: Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

4-жүргізуші: Сауатты боп шықты міне, балаңыз

Мұғалімнің құттықтау сөзі
Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі Ата-аналарға сөз беріледі. (Балаларға сыйлыққа кітап тарату)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ліппе-білім бастауы

Автор: Джангулова Райкуль Альмагамбетовна

Дата: 04.06.2015

Номер свидетельства: 217572


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства