Критериальное оценивание на уроках казахского языка и литературы
Критериальное оценивание на уроках казахского языка и литературы
Статья о новом оценивании учащихся на уроках казахского языка и литературы. Статья адресована учителям, работающим в рамках обновленного содержания образования.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазіргі уақытта мемлекетіміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, еретеңімен мен болашағы жайында толғануына, жаңа идеялар мен жаңа бағдарламалармен жұмыс жасауына негіз болар анық.
Қазіргі білім берудің негізгі мәселесі білім алушының бағалауы болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламсының ерекшеліктердің бірі - критериалды бағалау.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалау оқушылардың бойында төрт дағдыларының қалыптасуына әсері зор. Осы мақсатта сабақта жүргізілген кері байланыс арқылы оқушының қаншалықты білім игергенін мұғалім көре алады. Сол себепті, жаңа форматтағы мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы оқушының дағдыларды игеруіне аса көп назар аударуы керек. Себебі, оқушы сабақта алған білімін өмірде қолдана білуіне, қандайда бір нәрсеге түйін жасауына көмегі зор. Қазақтың зияткер жазушысы Ж.Аймауытовтың «Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу тыңдаудан, сөйлеуден соң келеді, соңғылар тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген-білгені туралы әңгіме құрып, сонан кейін оқуға, жазуға үйретілсін» -демекші баланы қандайда бір нәрсеге машықтандырмас бұрын, сол жұмыстың жүйелі болуы маңызды. Сонда баланың жұмысының нәтижесін көріп, бағалаймыз. Яғни, жаңартылған білім мазмұнының бір ерекшелігі бағалауға жетелейтінін бізге сол кезден нұсқап айтып берген. Қалыптастырушы бағалау оқушылар дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қолданылады.
Критериалды бағалаудың екінші түрі – жиынтық бағалау. Жиынтық бағалаудың басты мақсаты бөлім және тоқсан бойынша оқушылардың білім, білік және дағдалардың қалыптасу деңгейін анықтау.
Қорытынды айтқанда, мұғлім сабақ сайын үнемі оқушылардың еңбегіне критерий жасап, баға қойса, оқушылар да бір-бірін және өзін-өзі бағалауға үйренеді және жақсы жетістікке жетуге тырысада.