kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сыныпқа арналған ХХІ ғассыр көшбасшысы сайысы. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой өрісін кеңейту, тіл мәдениетіне деген сүйіспенщілігін арттыру; оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жалаушалар, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:

Жоспар:

  1. Бәйге сайысы

  2. Тіл - өнер сайысы

  3. Көкпар

  4. Тапқырлық сайысы

  5. Жорға сайысы

  6. Палиглот

  7. Тамаша бестік

  8. Жеңімпаз

  9. Қазылар алқасының шешімі

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың саысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайыскерлерге әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. жүргізуші:

Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

(Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)

2- жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір ойын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын.



  1. жүргізуші: Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына

5 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып жалаушаны көтерген ойыншы

жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа жалаушаны екінші болып көтерген ойыншы жауап береді. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.

Сонымен, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастайық.

1 - жүргізуші: І тур «Бәйге»

  1. Қ.Р\ның Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  2. Алғаш президентке бата берген ақын? (Шәкір Абенов)

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

  4. Қазақтың діни мейрамы? (айт)

  5. Қ. Р\ның президенті соңғы рет қашан сайланды? (3 сәуір, 2011)

  6. Тәуліктің екінші жартысы қай сағаттан басталады? ( 13.00)

  7. 100 жыл неге тең? ( 1ғасыр)

  8. Қазақтың батырларын ата? ( Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай)

  9. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)

  10. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)

  11. Абай шаңырағы әңгімесінің авторы кім? (Кәмен Оразалин)

  12. 1 тәулікте неше сағат бар? ( 24 сағат)

  13. Қазақтың атақты күйшілерін ата? (Құрманғазы, Дина)

  14. Адам үндес музыкалық аспап ? (қобыз)

  15. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

2 - жүргізуші: ІІ тур « Тіл өнер сайысы».

Бұл сайыста берілген мақалдың жалғасын табасыздар.

  1. Білімдінің күні жарық ... (білімсіздің күні кәріп)

  2. Шебердің қолы ортақ ... (шешеннің тілі ортақ)

  3. Білекті бірді жығар ... (білімді мыңды жығар)

  4. Білгенің бір тоғыз ... (білмегенің тоқсан тоғыз)

  5. Досы көпті жау алмайды ... (Ақылы көпті дау алмайды)

  6. Дос жылатып айтады ... (дұшпан күлдіріп айтады)

  7. Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, ... (зиянын тигізбейді)

  8. Дос басыңа қарайды, ... (дұшпан аяғыңа қарайды)

  9. Оқу білім азығы, ... (білім ырыс қазығы)

  10. Ақыл жас ұланнан, ... ( жүйрік тай құнаннан)

1 - жүргізуші: 2 сайыс бойынша ұпай сандарын айтып өтейік. Ұпай саны төмен екі оқушы ойыннан шығады.

2 - жүргізуші: «ІІІ тур Көкпар» .Бұл сайыста әр пәннен сұрақтар болады. Ойын ережесі бойынша ұяшықты ұпайы аз ойыншы таңдайды. Егер ұяшықты таңдаған оқушының жауабы дұрыс болмаса, жалаушаны бірінші болып көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.

  1. Сол жақтағы 10 математика пәнінен: 81 қай санның квадраты? (9 –дың)

  2. Ортадағы 10 дүниетану пәнінен: Желбағар дегеніміз не? (желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал)

  3. Оң жақтағы 10 қазақ тілі пәнінен: Жұрнақ дегеніміз не?(сөздің мағынасын өзгертетін бөлікті жұрнақ дейміз)

  4. Сол жақтағы 20 әдебиеттік оқу пәнінен: Бір кесе меруерт мәтінінің авторы?

( Шәкәрім Құдайбердіұлы)

  1. Ортадағы 20 математика пәнінен: бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда алдынан үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (бір адам)

  2. Оң жақтағы 20 қазақ тілі пәнінен: түбір сөз дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір сөз дейміз)

  3. Сол жақтағы 30 әдебиеттік оқу пәнінен: Рәсім дегеніміз не? (әдет - ғұрып, салт -дәстүр)

  4. Ортадағы 30 дүниетану пәнінен: Пайдалы қазбалар дегеніміз не және олардың түрлерін ата? (жерден қазып алып адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар дейміз. Қолданылуына қарай үш топқа бөлінеді: жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)

  5. Оң жақтағы 30 математика пәнінен: 1000 шығу үшін 555 –ке қандай санды қосу керек. (445 – ті)

1 - жүргізуші: «ІV – тур: Тапқырлық сайысы"

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

1)

  • Достық нешеу? деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

  • Дұрыс ақ, енді оны қалай ажырата аламыз дегендерге:

  • Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық қысқы болады, деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

2) Атақты билер арқаға жиналыпты. Төле би айтқан мезгіден кешігіп келеді. Оған шамданған қарт билер:

- Төле би келсе орнымыздан тұрмайық, деп уәделеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек екі үш би ғана тұрмайды. Төле би кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін сынай сұрақ қояды:

- Бақ дегеніміз не?

- Байлық дегеніміз не?

- Бала дегеніміз не?

Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрған бойда:

  • Бақ ұзатылған қыз,

  • Байлық артта қалған із.

Өмірдің ең жақсы сыйы сыйласқан сіз бен біз, дегенде билердің бәрі орындарынан тұрып құрмет көрсетіпті.

3) Ертеде кіші жүздің әлім руынан шыққан Жетес деген тапқыр да шешен адам өтіпті. Көпшілік бас қосқанда Жетестің тапқырлығын сынамақ болған бір адам оған «Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде?» деген сауал қойыпты. Сонда Жетес іркілместен:

«Адамның сәні – өнер-білім, ақылы,

Жердің сәні - жеміс өнім, дақылы

Сөздің сәні - өнегелі, өткір нақылы,

Пікірдің сәні - ең пайдалы, мақұлы» деп жауап беріпті.

2 - жүргізуші: 2 сайыс бойынша ұпай сандарын айтып өтейік. Ұпай саны төмен екі оқушы ойыннан шығады.

1 - жүргізуші: V – тур: «Жорға сайысы»

  1. Жаңа әнұранның авторлары кім? (Ж. Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев)

  2. Желтоқсан құрбандарын ата? (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев)

  3. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота - аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

  4. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен?(күй)

  5. Құрманғазының шәкірті кім? (Дина)

  6. Ақан серінің тұлпарының аты?(Құлагер)

  7. Абайдың әжесі және шешесі кім? (Зере, Ұлжан)

  8. Ақжолтай аталып кеткен батыр? (Ағыбай)

  9. Текшенің көлемін қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін бір біріне көбейтеміз)

  10. Сәуле дегеніміз не? (бір жағы тұйықталған екінші жағы тұйықталмған сызық)

2 - жүргізуші: «VI – тур: Палиглот»

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр миыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка –pen)

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза - жаза арықтаған. (бор –мел- chalk)

  1. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. (кітап –книга-book)

  2. Кезікті бір жануар,

Үстінде бір тауы бар. (түйе – верблюд – camel)

  1. Өзі жап -жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп - шұбар. (мысық – кошка –cat)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қой - баран – sheep)

1 - жүргізуші: 2 сайыс бойынша ұпай сандарын айтып өтейік. Ұпай саны төмен екі оқушы ойыннан шығады.

2 - жүргізуші: «VIІ – тур: Тамаша бестік»

Оқушылар тақтадағы бірден беске дейінгі сандардың біреуін таңдайды. Сол сандардың артында бес пән боынша сұрақтар берілген.

  1. әдебиеттік оқу: Боран мәтінінің авторы кім?қашан, қай жерде дүниеге келген?

( Мұхтар Әуезов 1897 жылы Абай ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген)

  1. Қазақ тілі: Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Ережесін айт, мысал келтір.

(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.Айдын бормен жазды)

  1. Дүниетану: Топырақ дегеніміз не және оның түрлерін ата?

(Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Түрлері:бозғыл, сор, қара, тұзды)

  1. Математика: Ұзындығы 2см, ені 2см, биіктігі 2см текшенің көлемі қанша см³?(8см³)

  2. Мимика және пантомимика:

1 - жүргізуші: 2 сайыс бойынша ұпай саны төмен бір оқушы ойыннан шығады.

2 - жүргізуші: «VIІІ – тур: «Жеңімпаз»

Логикалық сұрақ қойылады. Ойлануға бір минут уақыт беріледі.

Ата, жасыңыз нешеде? - деп сұрағанда Қожекең:

  • Ең үлкен төрт таңбалы санды9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі, - депті.

  • Қожанасырдың жасы нешеде?

(9999 \9=1111 – 1000 = 111жаста)

Қорытынды: «Қазылар алқасының шешімі» Жеңімпаздар анықталып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» анықталды.

(ХХІ ғасыр көшбасшысына диплом, сыйлық; сайысқа қатысқан оқушыларға арнайы мақтау қағаздары, сыйлықтар беріледі)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
ХХІ ғасыр көшбасшысы

Автор: Төлеуғалиева Гүлмара Айдарқызы

Дата: 11.02.2018

Номер свидетельства: 456423

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "ХХІ ?асыр к?шбасшысы интеллектуалды? ойыны"
    ["seo_title"] => string(44) "khkhigasyrkoshbasshysyintielliektualdykoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "267233"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450339438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "ХХІ-?асыр к?шбасшысы атты химиялы? білім сайысы. "
    ["seo_title"] => string(54) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-atty-khimiialyk-bilim-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "172863"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423891843"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интелектуалды ойыны "
    ["seo_title"] => string(47) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-intieliektualdy-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "141618"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418143676"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Интеллектуалды марафон  «ХХІ ?асыр к?шбасшысы» "
    ["seo_title"] => string(50) "intielliektualdy-marafon-khkhi-g-asyr-koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "159172"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421855625"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "ХХІ - ?асыр к?шбасшысы. "
    ["seo_title"] => string(27) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-1"
    ["file_id"] => string(6) "183753"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425922522"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства