Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты пәнге қызығушылыққа,жауапкершілікке өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Безендірілген сынып бөлмесі,нақыл сөздер,карточкалық тапсырма,логикалық есеп,әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім,білім бе?
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!
Баршаңыз «Іздеген-табар,оқыған-озар» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Ендеше,әр командамызды ортаға шақырайық.
І – топ: «Алғырлар» ІІ – топ: «Тапқырлар»
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолыңда
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді дей отырып,сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ- қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Таныстыру
Математикалық эстафета(есептер)
Жұмбақтар
Жауабын тап(есептер)
Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
Ең бірінші сайысымызды топтарға сәттілік тілеп «Таныстыру» сайысынан бастаймыз.
Алғашқы боп өзін таныстыратын «Алғырлар» тобы
Топ аты: «Алғырлар»
Ұраны:
Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар-ау сендерде бір қолпаштаңдар,
Отырған дәл алдыда оң мен солда.
Келесі «Тапқырлар»тобына кезек береміз.
Топ аты: «Тапқырлар»
Ұраны: Нақты жауап,сапалы шешім таба біл.
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Әділ-қазы алқасынан бірінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт деп екінші сайысымыз «Математикалық эстафета» деп аталады. (Әр топ мүшелері шығарады)
«Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобы
(57-7)+40 60-(39-9)
(20+60)-10 35-(28-8)
(60+9)-40 (16-6)+70
20+(45-5) (30-10)+44
53-(35-5) 62-(10+5)
Екінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды
Айыра біл соқпағында өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз.
«Алғырлар» тобы
Аулада жүр 4 үйрек
Қорада жүр 1 үйрек
Ал,қанекей саналық
Барлығы неше үйрек? (5)
Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы,қос баласы
Әжесі мен немере
Айтшы қанша жан басы (Әжесі,анасы,немересі)
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане,кім тез шешеді? (30)
Қолымда 55 алма
5-еуін бердім апама
5-еуін бердім атама
Нешеуі қалды өзімде? (45)
«Тапқырлар» тобы
1 . 5 үйректің біреуін
Қамап қойдым қораға
Қалды сонда неше үйрек
Мына тұрған далада? (4)
6 алманың екеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4)
3.Жүз асықтың отызын
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалды? (70)
4. 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
таба алмасаң бол күлкі!
(барлығы 28)
Үшінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Төртінші кезең «Жауабын тап» деп аталады.Мұнда балаларға таратпа материалдар арқылы есептер беріледі.
Бесінші кезеңіміз «Тапқырлық сайыс» деп аталады.Яғни бұл ойында логикалық есептер берілген.Қане тыңдаймыз.
«Алғырлар» тобы
Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті.Әр ат неше километр шауып өтті? 40 км
Үстелдің бір бұрышы бөліп алынды.Үстелде неше бұрыш болды? 5
Алмұрт алмадан ауыр,ал алма өріктен ауыр.Алмұрт ауыр ма,әлде өрік ауыр ма? (Алмұрт)
Еменде 3 бұтақ бар.Ал әр бұтақта 3 алмадан бар.Барлығы неше алма?(Еменде алма өспейді)
Ауылда 4 түн,4 күн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4)
«Тапқырлар» тобы
1. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр.Олар 14 жерден кесті.Неше бөлік пайда болды? (15)
2.Үш түйе ұшып келе жатыр.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйе ұшпайды)
3.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек он құлағы ғана көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр? (5)
4.8 жұмыртқа 4 минут піседі.15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? (4 минут)
5.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? (Сейсенбі)
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа,ұшсын десең денелер
Жасау үшін бәрін де,математика ең маңызды ғылым-бұл
Сондықтан да,сондықтан да сол ғылымның тілін біл дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын. Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табарсың.
Мыңнан жүйрік кім болар?
Қазылар берер бағасын.
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі
«Іздеген – табар, оқыған – озар»
(сыныптан тыс жұмыс)
Өткізген: Қожанова Б.Қ.
2017 жыл.