Математикалық оқулар 1 топ «Тапқырлар» 2 топ «Алғырлар» Т + 10 = ? тон 3 + кір = ? үшкір 6 + н = ? алтын 5 + ік = ? бесік 7 + к = ? жетік с + 10 + а = сона 100 + ім = ? жүзім қ + 10 + ақ = ? қонақ К + 2 + л = ? кекіл 8 + көз = сегізкөз Заманның лебіменен жел есетін, Келді ғой кезек міне, кездесетін. Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп, Жаңылып қыран топан күлісетін. - деп сайысымыздың келесі бөлімі «Тез айт, бірақ қателеспе» кезегіне береміз, яғни сіздерге жаңылтпаш оқылады сіздер сол жаңылтпашты қателеспей тез айтуларыңыз керек VІ. «Тез айт, бірақ қателеспе» ойыны. «Тапқырлар » тобына « Алғырлар » тобына 1.Ұшып кетті үш құс, 1. Қырық қырықтық, Ұшып келді ұшқыш. Сырық қырықтық. 2.Қырық үш қызғыш құсқа 2. Төрт төртім бар, Қырық үш қызғыш құс қосса Төрт тортым бар. Қанша қызғыш құс болады Төртім-маған, Тортым-саған. VIІ. Математикалық жұмбақтар « Жылдам тап » ойыны Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Сөз кезегін жұмбақтарға берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, Солардың енді жауаптарын көрелік. деп сайысымыздың 7 бөлімі Математикалық жұмбақтарға кезек берейік. Жұмбақ екі топқа бірдей беріледі. 12 бұтағы бар алып емен 52 шыбық тарап өсіп өнген Шыбық сайын жетіден жапырағы Бар ма сондай ағашты көзің көрген? ( Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 тәулік) Бір – бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан. Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді. ( 8 ) Түйе бота маң басқан Төртеуі аяғын тең басқан Шұнақ құлақ бес ешкі Төрт қозылы екі қой. Бәрін бірге санап қой. ( 15 ) Көлден ұшты 40 қаз, Қайтып қонды 15 қаз. Қонбады оның нешеуі, Кәне, кім тез шешеді? 40 – 15 = 25 Табақта он бес алма, Қолымда бес алма. Барлығын қосқанда, Болады неше алма. ( 15 + 5 = 20 алма ) |