Ашық сабақ | Мектепшілік | Күні:13.12.2018 ж |
Сабақтың тақырыбы: | Ер еңбекте сыналады. |
Сабақтың мақсаты: | 2.1.1.1 шығарманың мазмұнын түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру 2.1.5.1Тыңдалған материалға сүйеніп, ойын, идеясын, сезімін өз сөзімен жеткізе білу 2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ тізбектеп/ мәнерлеп оқу |
Міндеттері: | Топта жұмысты белсене атқарту; Еңбек туралы мәлімет беру; Мәтінді і оқыту; Сыни сұрақтар қою. |
Күтілетін нәтижелер: | Кейбір оқушылар: шығарма бойынша фотосуретер қолданады. Оқиды,талдайды, салыстырады, ой бөліседі; Оқу сауаттылықтарын арттыра отырып, ақпаратты зерделеп, нақты дәлелдер келтіреді. |
Әдіс-тәсілдер: | «Шеңбердегі әңгіме» әдісі, «Тұжырымдамалық карта», «3 сұрақ әдісі», «Синквейн», стратегиясы, кері байланыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу; |
Көрнекілігі: | маркер, ламинатталған қағаз А4,АКТ құралы,стикер т.б. |
Сабақтың барысы |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
I. Ұйымдастыру Кезеңі 3 мин Мотивациялық қозғаушы | Психологиялық дайындық Әр сабақта жаңа білім игереміз, Зерттеуші болып сабақта үлгереміз. Қызық дерек жинақтап әр күн сайын, Білім қуған жас өркен біз боламыз. Достар, бүгінгі күнге сәттілік! «Шеңбердегі әңгіме» әдісі /Үй тапсырмасын тексеру/ Алтын мүйізді киік мәтіні не туралы? Бұлдырмерген қандай жігіт? Қай мемлекетті басқарып отыр? Әдебиеттік оқудан қандай тарауды оқып жатырмыз? Осы ертегіні оқи отырып қандай ой түйдің? | Әдемі музыка қосылады, оқушылар қимылмен келтіреді. -Бұлдырмерген және жер асты қаласыны туралы айтылған. - батыр, ержүрек, қарулы, ақылды,мерген жігіт. - Сәулет өнері - оқушы ойы.. |
Қолымыздағы қағазды оқиықшы... Сол бойынша топқа бөлініп отыра қалайық. Топқа бөліну «Тірек сөздер» І топ: «Бәйтерек» ІІ топ: «Ханшатыр» ІІІ топ: « Сфера ғимараты» ІV топ: «Бейбітшілік пен келісім сарайы» Бұлардың барлығы нелер? Ғимараттар несімен ерекше? / Сәулет өнері - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу, оған көркемдік бейне беру өнері./ - Бүгінгі біздің оқитын тақырыбымыз осы құрылыс саласымен байланысты. Ал, балалар, құрылыс саласында кімдер жұмыс істейді? Қандай техникалар жұмылдырылған? | Тірек сөздер арқылы топтарға бөлінеді Ғимараттар Құрылысымен, сәулеттілігімен ерекше Дескриптор бойынша сөйлейді - Оқушылар пікірі... - Құрылысшылар, бригадир, тас қалаушы, бетон құюшы. - Кран, жүк көлігі, т,б. |
Ізденуші Ұйымдастырушы 1 мин | Ендеше бүгінгі сабақтың мақсатын Әмина дауыстап оқып жіберсін. Сабақ мақсаты: «Ер еңбекте сыналады» мәтінімен танысу және шығарманың мазмұнын түсіну , ойын, идеясын, өз сөзімен жеткізе білу». | Әмина сабақ мақсатын оқиды. Бір оқушы нәтижені оқиды Слайд көрсету |
Мәтінмен жұмыс: 6 мин | Мәтін қызықты, мазмұнды мәтін. Осы мәтін авторымен таныс болайық. Қазир топтық жұмыс. ЖИГСО-1әдісімен оқитын боламыз. Әр топ өзара 1-6 дейін бөлініп алайық. Топ белсенділері бөліп жіберсін. Ортаға тастаймын. Іштен оқуға -3 минут Топта талдауға – 3 минут Мәтінді болған соң, топ белгісін көрсетеді, «Сұқ саусақ» әдісі арқылы бір оқушыны ұсынады. -Әр топтан бір оқушы шығады. Мәтін мазмұнын айтады. - Әр топтан шыққан спикерді бағалап отырғызамыз. | Алихан автор өмірбаянын айтады. 1-6 дейін бөлінеді. Мәтіндерін оқиды. Топта талдайды. Топтан бір оқушы шығады. Бір-бірін бағалау |
Мәтінді бекіту | | 3 сұраққа жауап айтады. |
Дәптермен жұмыс: 2 мин | «Бес жолды» өлең жазу «Құрылысшы» сөзіне 1. Құрылысшы 2. шебер, қарулы 3.салады, жинайды, илейді 4.Құрылысшы ағаларға көп рахмет! 5. адам | 5 жолды өлеңді жазады. |
С ергіту сәті | «Қара жолға» биі | |
Мәтінді талдау Топтық жұмыс | Топтарға тапсырма береді I топ:Тұжырымдамалық карта толтырады II топ: «Мультфильмді аяқта» әдісі III топ: «Актерлік шеберлік» IV топ: Еңбек туралы мақал- мәтелдер жазу Әр топта талдап береді. | Топтар жұмыс жасайды Талдайды Салыстырады Құрастырады Бір-бірін бағалайды. |
Рефлексия | «Бір сөйлем» стратегиясы Әр топқа аяқталмаған сөйлем таратады Мен үшін бүгінгі сабақ... Мен бүгінгі сабақтан мынадай жаңа ақпарат жинадым... Сабақ соңына таяды, менің айтарым... Сабақ қорытындысында бірінші атап кететінім.... | оқиды |
Бағалау | Кері байланыс: Оқушылар өздерінің белсенділіктерін бағалайды Белсенділігі жоғары болған оқушылар мен топтар аталады | Қатысу белсенділіктері бойынша өздерін бағалайды |
Үйге тапсырма | Жекен Жұмахановтың «Ер еңбекте сыналады» мазмұндау. | Күнделікке жазады |
Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен).
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.