Дидакти?ческие и?гры — это вид учебных занятий, организуемых в виде учебных игр, реализующих ряд принципов игрового, активного обучения и отличающихся наличием правил, фиксированной структуры игровой деятельности и системы оценивания, один из методов активного обучения (В. Н. Кругликов, 1988). Дидактическая игра — это такая коллективная, целенаправленная учебная деятельность, когда каждый участник и команда в целом объединены решением главной задачи и ориентируют своё поведение на выигрыш. Дидактическая игра — это активная и(или) интерактивная учебная деятельность по имитационному моделированию изучаемых систем, явлений, процессов.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дидактикалы? ойындар бастауыш сыныптар?а»
«Ненің баласы?»
Мақсаты:балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны: Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керсінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.
Қорытынды.
Біз бүгін қандай санмен және цифрмен таныстық?
Бұл цифр неге ұқсайды?
1 цифрында біздің ұқсайтын несі бар? (Тұмсығы)
Қане, 1 цифрын саусағымызбен ауада салып көрейікші.
Ал енді алдарыңдағы параққа салыңдар.
«Айырмашылығын тап»
Мақсаты: балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл –ойыларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тындай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді,кеңестік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған.
Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пйдаланылады: кең-тар, қалын-жұқа, ұзын-қысқа.
Қорытынды.
Заттар еңі, ұзындығы, қалындығы бойынша қандай болады?
«Сипап сезу арқылы санау»
Мақсаты:сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен үстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенің салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі (алдымен қайта санау арқылы, содан кейін әр кірпішті машинаға салып, сәйкестендіру тәсілі арқылы).
Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады. Басқа заттардың топтарымен де осылай жұмыс істеледі.