kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауыш сыныпта жа?а технологияларды ?олдануды? ерекшеліктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а педагогикалы? технологияларды? т?рлері ж?не оларды ?олдану ерекшеліктер жайлы жазыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауыш сыныпта жа?а технологияларды ?олдануды? ерекшеліктері"»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК












Зерттеу жұмысы


Тақырыбы:

Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі







Орындаған: «Бастауыш сынып мұғалімі»

мамандығының 401 «Ә» тобының

студенті Маман Айжан
















Семей, 2016 жыл

Жоспар


Кіріспе..................................................................................................................3

І. Бастауыш сыныпта қолданылатын жаңа технологиялар.................................6

1.1. Бастауыш сыныпта қолданылатын жаңа технологиялардың түрлері........6

1.2. Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі.....

ІІ. Іс тәжірибе жұмысы.......................................................................................24

Қорытынды............................................................................................................29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................32








































Кіріспе


Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялануымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.

Осыған сәйкес, отандық және шетел мемлекеттерінде жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеу педагогтің үстемдік тұрғыда оқытудан тұлғалық бағдарлы оқытуға көшудің жаңа парадигмалары(үлгі) қалыптасуда. Оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбиелеу үрдісі оқушы тұлғасы мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына, өз бетімен іс-әрекет құралдарын жүзеге асыруға айрықша көңіл аударылуда. Осы өзекті мәселені шешуге өткен ғасырда шетел мен Отандық ғылыми-педагогикалық қауымдастық педагогика ғылымы мен оның тәжірибесіне біршама үлес қосты. Оған кепіл болатын– оқытудың жаңа технологиялары.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.

Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.

Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда.

Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.

Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.

Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.

Оқу құралының мазмұнында «технология», «педагогикалықтехнология», «оқытудың  технологиясы» ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік негіздері қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары ұғымына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сипаттама бере отырып, бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының оқушылардың білім сапасына әсерін айқындау.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

1. Тақырыпқа байланысты жұмыстарды тіл білімдік, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиетермен танысу.

2. Жаңа технологиялар ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау.

3. Бастауыш сыныптың әрбір сабақтарында оқушылардың тілдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту жолын, әдісін іздестіріп, педагогикалық зерттеу арқылы талдау.

4. Бастауыш сыныптардың әрбір сабақтарында жаңа технологияға байланысты сабақтың ерекшеліктерін ашып көрсету.

5. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып әрбір тақырыптың бір-бірімен байланысын аша отырып, маңызын сипаттау.


І. Бастауыш сыныпта қолданылатын жаңа технологиялар


    1. Бастауыш сыныпта қолданылатын жаңа технологиялардың түрлері


Қазір оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталып мақсатты білім беру ісіне назар аударылуда. Білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы - жеке, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.

Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшелігі жеке тұлғаның, яғни, оқушының көзқарастары мен болмысына көңіл қою болып отыр. Бұл бағдарламаның негізінде оқушылардың білімді өз бетімен игеру идеясы жатыр. Оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу сияқты қарапайым іс-әрекеттер мұның астарында жатыр. Қазіргі кездегі оқыту технологияларының көптеген түрлері бар. Атап айтсақ:

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Жаңа дәуірдегі барлық қоғамдық жүйенің өзгеруі, оның дәл ортасында «адамның» тұруы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, жаңа ғасырда білім беру жүйесінде демократия мен ізгілік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етуде.            Осындай өзгерістерге орай ғалым И.П.Подласый қазіргі кезеңде білім берудің: үш тұжырымдамалық үлгісінің бар екендігіне тоқталады. Олар: пәнге бағытталған білім беру үлгісі; тұлғаға бағдарланған оқыту үлгісі; пәндік және тұлғаға бағдарланған оқыту үлгілерінің кіріктірілген түрі–ынтымақтасу үлгісі деген үш түрінің қалыптасуын айтады.

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді. Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар ізденісі баршылық. М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады[11;62].

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Негізін көрнекті орыс ғалымдары В.В.Давыдов, Д.Б.Элькониндер салған дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға қарама- қарсы, оның альтернативті түрі. Ол білімді жеке тұлғаға бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді. Дамыта оқыту туралы орыс ғалымы Г.Ю.Ксензова: «Под развивающим обучением мы будем понимат способ организации обучения, содержание, методы и формы организации которого прямо ориентированы на всестороннее развитие ребенка», - деп анықтама береді. Ғалым дамыта оқытудың басты ерекшелігі, ұстанымы туралы нақты анықтама береді. Оның тұлғаны жан-жақты  дамытуға  бағытталатынына түсінік береді. Дәстүрлі оқыту оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін қалыптастыруды бағыттаса дамыта оқыту оқушы-субъектінің теориялық ойлау қабілетін, танымын, дарынын,  дамытуды мақсат етеді. Ойлауды өнімді- өнімсіз; шығармашылық- шығармашылық емес деп жіктеуге болады. Дамыта оқыту балалардың шығармашылық ойлауларын дамытуға түрткі жасайды. Ал шығармашылық ойлау жеке тұлға дамуының биік сатысы болып табылады.

ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Жобалау технологиясы әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі.

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Оқытудағы негізгі мақсат  сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын ойындар сабақта үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар ойын оқушының сөйлеу қабілетінің даму әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен қабілетінің даму әрекетіне әсер ететіндей, оның мүмкіншіліктеріне сай болуы керек. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниесі, ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Ұжымдық  оқыту дәстүрлі оқыту кезеңінде де, қазіргі  технологиялық оқыту кезеңінде де тәжірибеде кеңінен қолданылып келеді.Әсіресе білімді жеке тұлғаға бағыттай беру үрдісінде ол өнімді нәтиже беріп келеді. Технология талаптары оқушы-субъектінің білімді өз ізденістері арқылы алуын мақсат етсе, ұжымдық оқыту оған мүмкіндік туғызады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті үнемі алмасып отырады. Оқушы өз бетімен ізденуші, өз бетімен мақсатқа жетуші, өз жұмыстарын өздері талдаушы, бағалаушы іс-әрекетінде болса, мұғалім жетелеуші, ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Ұжымдық оқыту 30-жылдары практик-мұғалім А.Г.Ривиннің іс-тәжірибесінен туындаған. Ары қарай оны зерттеп, тиімділігін дәлелдегендер қатарына В.К.Дьяченко, А.С.Соколов, В.В.Архипов сынды ғалымдарды айтуға болады[20;74].

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.

ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы мамандардың  жаңа  педагогикалық  технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік  және ақпараттық  сауаттылық  талап етілуде.

МОДУЛЬДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Модуль – латын сөзі өлшем, шама. Күрделі бір тақырыптың модулін жасау немесе болкпен оқыту. Бұл оқу жүйесі 1969 жылдары АҚШ-тың оқу жүйесінде пайдаланылған. Қазақстан М.Жанпейісованың докторлық диссертациясында біраз пікірлер болды, соған байланысты мектеп мұғалімдері көп еңбек етуде. Ұстаздардың модульдік оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Модульдік оқытуды басшылыққа ала отырып, пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізудің тиімділігін көрсетеді. Модель, жоба жасау, оны қорғау-модульдік оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Модульдік оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал, шығармашылық ойлау-шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей: 1) бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу; 2) нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу; 3) нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету; 4) ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау[5;41].

САРАЛАП-ДАРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Саралап - даралап оқыту – мұғалімнің жаттығу жұмысын жүргізудегі бір тәсілі, І деңгейдегі білімі бар оқушыларға, ІІ деңгейдегі білімі бар оқушыларға, ІІІ деңгейдегі білімі бар оқушыларға тапсырма немесе жаттығу жұмысын бергенде сыныбы, жас ерекшелігі, білім көлемі есепке алынатын жұмыс түрі. Ерінбейтін білімді, шебер мұғалім ІІ деңгейдегі оқушыларды І тоқсанда І деңгейлі білім бар оқушылар қатарына қосады. ІІІ деңгейлі білімі бар оқушылар жыл аяғында ІІ деңгейдегі білімі бар оқушылар қатарына қосылады. І деңгейде «өте жақсы» оқитын оқушылар білім деңгейімен санаса отырып, күрделі жаттығуды ұсыну; ІІ деңгей – жақсы оқитын оқушылар, оларға сәл төмендеу жаттығу ұсыну; ІІІ деңгейдегі білімі төмен оқушыларға жаттығудың жеңіл түрін, кітаппен не кеспе арқылы, т.б. жұмыстар беріледі. Былайша айтқанда, даралап-саралап оқыту әдісі мен тәсілі дегеніміз осылар.

ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (П.М.Эрдниев) математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау. Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі: бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру; тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру. жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.

ТҮСІНДІРЕ БАСҚАРЫП -ОЗА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (Лысенкова С.Н.) Педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдары: табыс- баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты; сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек) қателікті ескерту, жазғырмау; оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бірте-бірте толық дербестікке жету; нашар оқитын оқушыны білгір оқушы арқылы үйрету. Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады: қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды; сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; 1 сыныпта үйге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай(әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі.

ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (В.Ф.ШАТАЛОВ). Тұжырымының ерекшелігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас;ізгілік (барлық бала талантты);зорлықсыз, еркімен оқыту; әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. Мазмұнының ерекшелігі: материал ірі мөлшерде енгізіледі; материалды блокпен топтау,оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау[13;36].


1.2. Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі


Соңғы кездері мектептерде бастауыш сыныптарда білім берудің жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуға көңіл бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай бір оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық.

Қазіргі білім беру саласындағы жаңартпашылыққа оқытудың озық педагогикалық технологиялары жатады. Осы жаңартпашылықтарға жаңа педагогикалық технологиялар барынша қарқынмен тез қосылып, өзінің тиімділігін әр түрлі тәжірибеде көрсете білді.

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді[10;28].

Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.

Жаңашыл мұғалімдер практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді енгізіп отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияны біріншіден – оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде колданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.

Яғни, бұрынғы кезде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілеті жоғары; дарынды, өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Осындай қасиеттерді оқушының бойында қалыптастыратын қазіргі мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы тиіс: педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын; педагогикалық үрдісте жұмыс істей алатын; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Ал жүйелі білім беру мен оқушыны жан-жақты дамытуда инновациялық технологиялардың ролі өте жоғары.

Жаңа педагогикалық технологияны сабақта қолдану мынадан көрінеді:

  1. Оқу үрдісін түрлендіреді.

  2. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

  3. Оқушылар сол тақырып бойынша жан – жақты мазмұнды деректер

негізінде дайындалады.

  1. Логикалық ойлау қабілеттері дамиды, әр түрлі мәселелерді жан –

жақты философиялық, психологиялық, социологиялық тұрғыдан қарап, талдау жасайды.

  1. Ойлау қабілетін тереңдетеді.

  2. Өз пікірін нақты қысқа дәлелді түрде жетізуге дағдыланыды.

  3. Сын көзқарасын қалыптастырады.

  4. Оқушылардың шешендік қабілеттерін дамытады.

  5. Оқушылардың көпшілік алдында өзін - өзі ұстауы, байыпты сөйлеу,

басқаның пікірін тыңдау сияқты қасиеттері дамиды.

  1. Оқушының әдептілік нормаларын сақтауға баулиды.

  2. Топпен, жеке жұмыс істей білуге үйренеді.

Бұл технологиялардың сабақта қолдануда оқушының жан –жақты

дамуына әкеліп, өз ісіне шығармашылық тұрғысында қарауға үйретеді.

Дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңа педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі мынандай:

  • оқу қызметінің төрт түрін (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) жетіледі;

  • жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін (хабардары) дамиды;

  • өзінің ойын нақты да жинақы жеткізу шеберлігін дамытады;

  • пәнге қызығушылығы артады;

  • ойлау қызметінің белсенділігі артады;

  • шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мынаған дағдыланады:

  1. Сыни тұрғыдан ойлау.

  2. Зерттеу.

  3. Ұйымдастырушылық.

  4. Білім көздерімен – кітапханадағы картотекамен, оқу әдебиеттерімен,

тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қоғамдық саяси газет – журналдармен, энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істеу.

5. Тақырып бойынша қозғалған мәселеге өз тұжырымын жасауға, қоғамға, адамзатқа пайдалы, пайдасыз не деген өлшемдерге, адамгершілік өлшеміне өзіндік баға беруге үйренеді[15;37].

2.2 Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы

Білім негізі бастауышта қаланатыны баршаға мәлім. Бастауыш буында бүлдіршін оқуды, сауатты жазуды, сөйлей білуді, арифметикалық амалдарды пайдалагуды үйренеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары болатыны заңдылық.

Бастауыш сынып мұғалімі әр оқушының психологиялық ерекшелігін зерттейді. Осыған орай әрқайсысымен жекелей жұмыстар жүргізеді. Түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады. Мәселен, кейбір балалар есептуге жүйрік, ал сөйлеуге тұйық. Енді біреулері естігенін тез қабылдайды, бірақ есептеуге шорқақ немесе жазу каллиграфиясы наша болып келеді. Бастауыш класс мұғалімі әр баланың осындай әлсіз тұстарымен жұмыс жасап, және оны ерекше зерттеп білуі керек. Сонда ғана өтілгелі отырған сабақтың мазмұнына талдау жасай отырып, белгілі бір нақтылы жағдайға байланысты жүзеге асыруға тиісті деп белгіленген оқу-тәрбие мақсатын орындау үшін ең тиімді деген әдіс-тәсілдердің қатарларын үйлесімді түрде таңдап алуы да жетістікке жетуге бір табан жақындатады.

Бастауыш сыныптың мұғалімі бағдарлама көлемінде білім беріп қана қоймай, пәндер арқылы баланың дамуын қамтамасыз етуі керек. Дамыта оқыту, оқулық мазмұнымен оны оқыту әдістерімен жүзеге асады. Баланы оқуға қызықтыру мәселелері әрқашанда өзекті. Осы жерде қолданатын әдіс-тәсілдер туралы мәселе де туындайды. Оқыту әдістерінің қызметіне оқытушылық, оған қызығушылық тудыру, дамытушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық қызметтері жатады. Өйткені, әдістер тек оқыту құралы ғана емес, олар арқылы қызығушылық тудыру, тәрбиелеу, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға болады.

Оқыту мақсатына жету жолдары өте  көп. Оның тиімдісін табу мұғалім шеберлігіне байланысты. Оқытудың әдістері: 1. Білім алу көзіне қарай. 2. Қызметіне немесе дидактикалық мақсатына орай. 3. Танымдық әрекеттердің түріне қарай. 4. Оқушылардың белсенділігне қарай жіктеледі. Осындай оқыту әдістерін ескере отырып, сабаққа дайындалу барысында мұғалім әдіс-тәсілдерді өзі таңдайды[9;61].

Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.

П.Буга мен В.Карпов: «оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану,» - деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.

Жапон педагог ғалымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:

1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.

2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.

3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.

4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б. [2;28]

Осы негізде қазіргі кезде оқыту технологияларының көптеген түрлері пайда болып, арнайы құзырлы органдармен мақұлданып, білім беру бағдарламаларында кеңінен қолданылуда.  Атап айтсақ: оқытудың жаңа технологиясы, инновациялық технология, ақпараттық технология, жобалау технологиясы және т.б. Аталған технологиялардың әрқайсысы өзіндік қолданылу аясымен, мақсатымен, міндеттерімен, қойылатын талаптарымен ерекшеленеді.

Оқытудың жаңа технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, алайда оның мұғалімді толығымен алмастыратын қабілеті жоқ. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектептер шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, оқу бағдарламарына жоғары дәрежеде қолдана білетін, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдерді қажет етеді.

Компьютер, интерактивті оқыту құралдарды мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерінің дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді[6;36].

Бүгінгі күнгі республикалық оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалы оқыту технологиялары оқу процесіне енуде.  Бұл бағытта  білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. 

ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде  қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу  жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.  

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі [13;19].

Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған  ағылшын психологы, педагогы және философы Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін  көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе, бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі » - деген  екен  Килпатрик [4,11].   

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін – өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа, ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.  Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық жұмыстарды орындауы жатыр, ал бұл ерекшелік оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.  

Жоғарыда қарастырылып отырған оқыту технологиялары бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енгізудің негізі болып саналады. Мұғалімдер мен оқушылардың жан – жақтылығын дамытуға, оқу сапасын арттыруға, есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға әсерін тигізеді. Үнемі ізденіс істінде жұміс істейтін оқушының білім деңгейінің жоғарылауына, оқуға деген қызығушылығының артуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, ғылым мен білімді толық дәрежеде меңгеруіне септігін тигізеді.    

Ана тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын, дүниетану сабақтарында қолданатын тиімді тәсілдердің бірі- тірек сызбалар. Тірек сызбалар негізгі ойды жинақтауға, сабақты анық түсіну үшін, тақырыпты бекітуде тиімді тәсіл болып табылады. Ал қазақ тілі, математика сабақтарында Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясын қолдана отырып өткізу тиімді. Осы технологияның сабақтарда тиімді жақтары: Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Жеке-дара қабілеттері айқындалады. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады. Дамыту мониторингі айқын көрініп отырады. Сабаққа деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге мұғалімге қиындық келтіретін жақтары да жоқ емес. Біріншіден сабақтағы уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушы тапсырмаларын тексеріп үлгеру керек. Сонынмен қатемен жұмысты әр оқушыға түсіндіре отырып жүргізу керек. Себебі, ол келесі тапсырмаға көшпес бұрын алдыңғы тапсырманы дұрыс меңгергені дұрыс. Барлық оқушының жұмысын тексеріп шығу ауыртпашылық түсіреді. Осыған орай оқушылардың білімін тексеруде тест әдісі өте тиімді рөл атқарады. Тест арқылы оқушы жауапты жанама түрде емес нақты береді.

Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға, оқушылардың дайын өнімді қабылдайтыны ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жоғарыда аталған технологиялардың негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті алдын-ала нақтылы жоспарлануы керек. Конфуцийдің  «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» дегенін қай технологияның болмасын негізгі ұстанымы ретінде алсақ та, қателеспейміз деп түсінеміз[8;35].   





Зерттеу жұмысым бойынша іс тәжірибе жұмысым Үржар ауданы Айтбай ауылының «Тұрсабеков атындағы орта мектебінің» 2- сыныбында өттім. 2 сыныпта барлығы 18 оқушы бар, олардың 2-еуі озат, 7-еуі екпінді, қалғандары орташа оқитын оқушылар.

Іс тәжірибе жұмысының мақсаты – бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа педагогикалық технологиялардын пайдалана отырып оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеттерін ескердік. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз.

Эксперименттің басында бұл белгі бойынша:

  1. оқуға қабілеті жоғары,

  2. орташа,

  3. стандартты;

  4. төмен деп 4 топқа бөлдік.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделді, бұл өте пайдалы.

Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі.

Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін

толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде

меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.

Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу

материалдарын меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болды. Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастады да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырды. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызды және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік берді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасалды. Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ” технологияларын күнделікті сабақтарда қолдандым. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.




Қорыта келгенде, зерттеу жұмысының қорытындысы төмендегіше болып шықты.

Оқуға қабілетіне қарай деңгейлер








Тапсырмалардың түрлері

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Жеке тапсырмалар

Қорытынды тексеру тапсырмалары

Шығармашылық жұмыстар

Дамытушылық тапсырмалар

Жеке тапсырмалар

Қорытынды тексеру тапсырмалары

Шығармашылық жұмыстар

Дамытушылық тапсырмалар

Жоғары

45%

55%

63%

49%

85%

95%

93%

89%

орташа

35%

48%

59%

40%

77%

88%

89%

79%

Стандартты

28%

39%

43%

37%

68%

79%

73%

67%

Төмен

20%

30%

30%

25%

50%

57%

50%

45%



Қорыта келгенде, Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланыстыОсыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. [19;12].

“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді” деген еді неміс психологі

Н.Энкельманн. Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі секілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.

Оқушыларға сапалы білім беруде, оқу тәрбие жұмысының мазмұнын жаңартуда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің ұтымды жақтарын дұрыс енгіе отырып, жүйелі пайдалану нәтижесін береді.

       Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында сабақты қазіргі заман талабына сай түрлендіріп өткізудің маңызы зор. Білім жолы әр ұстаздан талмай, тынымсыз еңбектенуді, шығармашылық ізденісті талап ететін қиын да қастерлі жол.  



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


      1. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігінің арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы., -2005.-200б.

      2. Амиргалина Н.М. Білім берудегі инновациялық технологиялардың бірі- тірек конспектілері арқылы оқытуды колледж оқу үрдісіне ендіру //Білім,-2009.- №4.-18-20б.

      3. Алиева А.М. Жаңа оқыту технологиялары. //Қазақстан мектебі, 2008.- №2.-28-30б.

      4. Әбдіманапов С. Елдік өркендеу және инновациялық даму. // Егемен Қазақстан, 2007, 28 сәуір.

      5. Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. – М., -1970.-158с.

      6. Бейсенбаева А. Білім берудің жаңа технологиялары. Қазақстан мектебі, 2006.- № 2.-22-24б.

      7. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Алматы, 2004, 210б.

      8. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (Әдістемелік нұсқау) – Алматы, -2002.-200б.

      9. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-1982.-200с.

      10. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. -Алматы.,- 2002.-120б.

      11. Жүнисбаева А.А. Оқу-тәрбие ісінде педагогикалық технологияны ұтымды пайдалану.-Білім,2007.- №3 .-15-17б.

      12. Көкеева К. Қалықова А. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану.- Білім, -2006.- №3.-17-20б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бастауыш сыныпта жа?а технологияларды ?олдануды? ерекшеліктері"

Автор: Маман Айжан ?адырбек?ызы

Дата: 29.05.2016

Номер свидетельства: 331147

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Бастауыш сыныптарда  о?ытуды? иновациялы? технологияларын пайдалану ерекшеліктері."
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynyptardaokytudyninovatsiialyktiekhnologhiialarynpaidalanuieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "294206"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455619635"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?АЗІРГІ  ЗАМАН  САБА?ТАРЫ  Ж?НЕ  ОНЫ? ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"
    ["seo_title"] => string(48) "kazirgizamansabaktaryzhnieonynieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "290692"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455012739"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану "
    ["seo_title"] => string(53) "bastauysh-synyptarda-oiyn-tiekhnologhiiasyn-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "172281"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423802623"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства