kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауыш сынып дарабозы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ, бастауыш сыныптар арасында пәндер арасындағы апталық жарыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауыш сынып дарабозы"»

Бастауыш сынып дарабозы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: Пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, пысықтау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.

Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.

Сабақтың барысы:

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! XI ғасыр білім мен ғылым ғасыры екені аян. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін жастар білімді болуы керек. Бүгінгі біздің «Бастауыш сынып дарабозы» атты сайыста оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады, яғни болашаққа сенімімізді білдіреміз. Сайысқа үш сыныптың білімді оқушылары қатысып отыр. Әр оқушы білімдерін көрсетіп, өз сыныбының намысын қорғайды. 6 оқушының ішінен 1 оқушы жеңіп шығып, яғни өз сыныбының «Бастауыш сынып дарабозы» атанады. Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.

Екі айналымнан кейін ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз, үшінші айналымға бес оқушы барады, үшінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасамыз, төртінші айналымға төрт оқушы барады, одан кейін тағы ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз, бесінші айналымнан кейін бір оқушымен қоштасамыз, екі оқушымен соңғы айналымға барамыз, екі оқушының біреуі сайыстың жеңімпазы болады.

Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік ұландарға талапкер

Дос көңілден адал, аппақ ниетпен.

(Жарысқа қатысушы оқушылармен таныстыру.)

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл мықты

Білім мен тақпырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Қазылар алқасымен таныстыру.

1 – айналым. «Бәйге»

Әр оқушыға 4 сұрақтан беріледі. Ол үшін тақтада тұрған ұяшықты таңдайды. Сол ұяшық бойынша сұрақтар қойылады.

  1. ұяшық сұрақтары:

1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (Етістік)

2.тәуілікте неше сағат бар? (24)

3.Мектептегі ең жоғарғы баға (бес)

4.Үш биді ата? (Қазыбек, Төле, Әйтеке)

2- ұяшық сұрақтары:

1. «Кел, балалар оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

2.Күзде жапырақ қайтеді? (Сарғаяды)

3.Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?( Бағдаршам)

4.Екіні өз өзіне неше рет қосқанда 10 шығады? (5-рет)

3- ұяшық сұрақтары:

1.Мәтіннің неше түрі бар? (Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

2.1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)

3.Абай Құнанбаевтың шын аты? (Ибраһим)

4.Ең үлкен бір таңбалы сан? (9)

4- ұяшық сұрақтары:

1.Көктемде алғашқы шығатын гүл? (Бәйшешек)

2. Заттың санын білдіретін сөз табы? (Сан есім)

3. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (Жуан, жіңішке)

5-ұяшық сұрақтары:

1. «Орман емшісі» қай құс? (Тоқылдақ)

2. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)

3. 9 – дың 9 – ға көбейтіндісі.( 81)

4. Табиғатты жырлаған ұлы ақын кім? (Абай Құнанбаев)

6-ұяшық сұрақтары:

1.Заттың сынын білдіретін сөз табы. (Сын есім)

2. Бейбітшілік құсы? (Көгершін)

3. 5 – санының 8 – ге көбейтіндісі.( 40)

4. Жанғыш пайдалы қазба? (Тас көмір)

Оқушылардың ұайлары есептеледі.

Ұяшық таңдау сәтінен үзінді.

2– айналым. «Сен білесің бе?»

-Ақындар, батырлар, жазушылардың суреттері көрсетіледі. Сендер соның атын өз іштеріңізден ойланып, қағазға жазасыңдар, айтпайсыңдар.

1 – сурет. Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? Абай Құнанбаев

2-сурет. Халық қаһарманы емес деп, желтоқсан оқиғасына қатысты емес деп шығарды. Ол да ауыр соқыдан қаза болған батыр апамыз кім? Ләззат

3-сурет. «Тоқымқағар» өлеңінің авторы? Қадыр Мырза Әли

4-сурет. Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы? Бауыржан

5-сурет. Атақты күйші. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері бар. Құрманғазы

6- сурет. Қазақ халқының еңбек сіңірген әншісі. Роза Рымбаева

7- сурет. Торғайда тұңғыш мектеп ашқан ағартушы ұстаз? Ы.Алтынсарин

8- сурет. 75 жасында Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға жарқ етті. «Бұлбұл» күйін орындаушы күйші. Дина

9- сурет. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. Мұқағали Мақатаев

10- сурет. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апамыз, оның соғыстағы қаруы пулемет болған. Мәншүк Мәметова

Ұпайлары есептелінеді, ұпайы аз бір ойыншымызбен қоштасамыз.

3–айналым. «Ұшқыр ой».

Әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.

А – Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? Алматы

Ә – Үй құсы. Әтеш

Б – Суда өмір сүретін тіршілік иесі. Балық

Г – машина тұрағы. Гараж

Ғ – Тоқтар Әубәкіров кім? Ғарышкер

Д – Бізді ауырғанда емдейтін адам. Дәрігер

Ж – айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. Жұмыртқа

З –Қазақстандағы көл атауы. Зайсан

И – жеті қазынаның бірі. Ит

К – көру мүшесі. Көз

Қ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі

Л – қышқыл жеміс. Лимон

М – пән атауы. Математика

Н – қасиетті тағам. Нан

П – ең алып жануар. Піл

Р – гүлдің аты. Раушан

С – уақыт өлшем бірлігі. Сағат

Т – төрт түліктің бірі. Түйе

Ұ – құстың үйі. Ұя

Ү – үй құсы. Үйрек

Ы – кесе, қасық бұл не? Ыдыс

І – киім ілетін зат. Ілгіш

О – Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? Орал

Ш – Гиміннің авторы кім? Шәмші Қалдаяқов

Х – сөйлем соңында нүкте қойылатын қандай сөйлем? Хабарлы сөйлем

Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

4- айналым. «Іздеген жетер мұратқа».

Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.

Ана тілі.

10- Ұлыстың Ұлы күні жасалатын қасиетті ас? Наурыз көже.

20- Қожа, Жанар, Сұлтан қай әңгіменің кейіпкерлері? Менің атым Қожа

30- Көкек көктемнің нешінші айы? Көкек айын басқаша қалай атайды? 2-ай, сәуір

40- «Біз бүйтіп басымыз ауған жаққа жүре бермейік. Мекен тұтудың бір белгісі ұя салу. Сондықтан әркім өзіне лайықты ұя салсын». Бұл қай ертегіден алынған үзінді? Құстардың ұя салуы.

Қазақ тілі.

10- Сөйлем неден құралады? Сөзден

20- Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? Зат есім

30- дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң, ұяң, үнді.

40- жоғары – төмен, биік- аласа сөздері қандай сөздер? Қарама – қарсы сөздер

Математика.

10 – 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл

20- Аулада 4 тауық және олардан үш есе артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны неше? 12

30- 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? 30 ыдыс

40- Үшбұрыштың периметрі 17 см болса, екі қабырғасы 6 см болса, үшіншісі неше см?5см

Дүниетану.

10- Қазақстанда қандай өзендерді білесің?

20- адам немен тыныс алады? Өкпемен

30- әр адамның шағын отаны? Отбасы

40- өсімдіктің жер асты мүшесі? Тамыр

Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

5-айналым.«Сөзжұмбақ сыры».

Үш оқушыға сөзжұмбақтар беріледі.

Тәуелсіз.

1.Жылдан құр қалған жануар. ( түйе)

2.Сенің атаң әкеңе кім болады? (әке)

3. 22 наурыз қандай мейрам? (Наурыз)

4. Мектептегі ең жаман баға? Екі

5. Адамдар не арқылы хабар береді, сұрайды, сөйлеседі? Тіл

6. Аптаның бірінші күні? Дүйсенбі

7. Не қымбат, білу қиын? Білім

8. Қойдың төлі? Қозы

Егеменді.

1. Құстар жылы жақтан қай уақытта ұшып келеді? Көктем

2. Бейбітшілік құсы? Көгершін

3. Аптаның соңғы күні? Сенбі

4. Сөз мәйегі? Мақал

5. Үш бидің бірі? Төле

6. Ұлттық мереке? Наурыз

7. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Президент

8. Не қымбат, білу қиын? Білім

Мемлекет.

1.Пән атауы? Математика

2. Төрт түліктің бірі? Ешкі

3. Сезім мүшесі? Мұрын

4. Адамдар не арқылы хабар береді, сөйлеседі, сұрайды? Тіл

5. Қиял ғажайып не? Ертегі

6. Қазір қай мезгіл? Көктем

7. Рәміздердің бірі?Елтаңба

8. Жеті күн? Апта

Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

Сөзжұмбақ шешу сәтінен үзінді.


6 – айналым. «Жорға»

Екі оқушыға бірдей 10 сұрақ қойылады. Қайсысы көп жауап берсе, сол бүгінгі сайыстың жеңімпазы болады.

1.Күйді орындаушы адам? (Күйші)

2. Күндіз көрмейтін құс? (Жапалақ)

3. Биыл қандай жыл? (Жылқы)

4. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

5. Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (Күн, қалықтаған қыран)

6. Қазақтың ұлттық аспабы? (Домбыра)

7. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (Кесінді)

8. Желтоқсан құрбандарын ата? (Қайрат, Сабира, Ләззат, Ербол)

9. Біз қай облыста тұрамыз? (Ақмола облысы, С.Қ.О )

10. Білім күні?( 1 қыркүйек)

Қосымша сұрақтар:

11. Сабақ арасында болатын бос уақыт? (Үзіліс)

12. Әліппедегі ең бірінші әріп? (А)

13. Түнде аспанда не көрінеді? (Жұлдыз)

14. Дәптерге немен жазамыз? (Қаламмен)

15. Қыста не жауады? (Қар)

Қорытынды.

Әділқазы шешімдерін айтады. Жеңген оқушыны марапаттау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бастауыш сынып дарабозы"

Автор: Сапар Гүлім Берікқызы

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355140

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Бастауыш сынып дарабозы "
    ["seo_title"] => string(24) "bastauysh-synyp-darabozy"
    ["file_id"] => string(6) "203710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429534811"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?дебиеттік о?у п?ні 3-сынып "
    ["seo_title"] => string(29) "diebiiettik-ok-u-p-ni-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "194843"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427816577"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Зерде" танымды? ойыны 1-сынып"
    ["seo_title"] => string(26) "zierdietanymdykoiyny1synyp"
    ["file_id"] => string(6) "337311"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1468248630"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба? "А?к?л жа?асында""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakakkolzhagasynda"
    ["file_id"] => string(6) "319355"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460806963"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?дістемелік ж?мыс-шеберлік шы?дау мектебі! "
    ["seo_title"] => string(51) "distiemielik-zhu-mys-shiebierlik-shyn-dau-miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "137165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417277949"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства