Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балалардың тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балалардың тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай: ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. «Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» (Қазақстан Республикасының Конституциясы 27-бап). Қазақ халқы бірінші туған баласын «тұнғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туған перзентін «кенже» деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қара шаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. «Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған Құран Кәрімде. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген.(27-бап).
Жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтырын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясынын іргетасы болған Балалар психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Балалар психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейердің «бала жаны » атты кітабы (1882) – балалар психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек.
Балалар психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде екі үлкен бағытқа бөлінеді: 1. биогенетикалық, 2. социогенетикалық. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды алуымен ерекшеленеді.
Балалар психологиясында «балалық шақ» ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын «балалық шақ» ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Балалар психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент және тесттер, әнгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау тағы да басқа. Балалар психологиясының қалыптасу мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым – педалогия.
Балалар психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар күні бүгінге дйін маңызын жоймаған психологиялық консепцияларды өмірге әкелді. Балалар психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнектеу өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті. (П.П.Блонский, Л.С.Выгодский, Б.М.Бехтерев, А.П.Негаев, Г.И.РОссолимо, т.б.) 20 ғасырдың 30жылдарында педалогияның «жалған ғылым » ретінде қудалануы балалар психологиясының дамуында үлкен зиянын тигізді. Балалар психологиясының саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотцом, В.Штерм, К. Бюлер, Ст.Холл, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Е.Ериксон, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев,т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда балалар психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев,т.б.