Просмотр содержимого документа
«Астана елімнің жүрегі»
Тақырыбы: "Астана - мақтанышым"
Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру. 2) Астана туралы деректермен білімін дамыту. 3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.
1. Балалар, біз осы Астана туралы не білеміз? Астананы картадан кім көрсетіп береді? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар. Жайберген Кемелбек Астана сөзінің шығу тарихы яғни атауы туралы бізге айтып берсін
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол киелі орын, "босаға" деген мағыналарға ие.
2. Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?
- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды. - 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді. - 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.
3. Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?
- Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"
Астана шежіресі.
Астана туралы білетін, жинақтаған өлеңдері, жырлары болса айтып ортаға салсын.
Алатау бастағанда асқарала, Қосылды қуанышқа жас балада Алматы өзінің жан жалғасында, Арнайды ақ батасын астанаға
Ата баба салтымен, Абай, Жамбыл даңқымен. Құлагердей құлшынып, Орнап мәңгі біршілік. Әруақ қонған жас қала.
3. Күннен күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.
4. Ғажайып қала Астана.
- Балалар, сендер осы ел ордамыз Астанадағы қандай ғимараттарды білесіңдер? - Қалаға келген қонақтарды осы ғимараттармен қалай таныстырасыңдар?
Бәйтерек
Қазағым, қара орманым – байтақ елім, Жақсыны, жаманды да байқап едің. Асыраған мерейіңді асқақтатып, Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!
Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек, Алыптың халқы ғана нарқын білмек Қазағым шаттанатын кезің келді, Алашқа қорған болар ұл тудым деп
Танытып терезесі теңдігіңді, Әлемге әйгіледі елдігіңді! Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің, Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді
- Міне балалар, Нұртуған сендерге Астан қаласының жүрегі "Бәйтерек" монументі туралы осылайша жырлап берді. - Бәйтерек дегеніміз не? - Ол туралы не білеміз? - Осы бәйтерек ағашы туралы айтылған аңыз әңгімені бізге Меруерт айтып берсін. - Аңызды тыңдау.
6. "Нұр Астана" мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
7. Пирамида.
Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не ? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді екен.
8. Тәуелсіздік сарайы.
Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Шынар таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
9. Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?
- Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?
10. Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзегн атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.
11. "Есіл" атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын "жасыл" деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.
8.Викториналық сұрақтар.
"Сен білесің бе?"
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? 2. стана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты) 3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр) 4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа) 5. Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы) 6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр) 7. Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен) 8. "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум) 9. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов) 10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
9. Қорытындылау.
Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі – Қазақстанның дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан – жақтан туристер, қонақтар ағылып келіп жатыр.
Ортаға шаңырақ көтерген бала шығады. Шаңыраққа байланған түрлі-түсті таспаны әр ұлттың киімін киген балалар ұшынан ұстап айналып жүреді.
Ортақ мекен – жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы. Достығымыз жарасқан Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде тұрған соң. Бақытты өмір сүреміз. «Сарыарқа» күйі орындалып жатады.
Қорытындылау.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 «Б» Тақырыбы: Астана – еліміздің бас қаласы Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсінік беру, Қазақстан байлығы, жаңадан бой көтерген әсем ғимараттары туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін , оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдістері: сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, жаздыру, мәнерлеп оқу, түсіндіру, аудару. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қиындылар, таратпа парақшалар, қанатты сөздер. Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: -.Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! - Отырыңдар. - Бүгін кім кезекші? - Сабақта кім жоқ? ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. -Үйге қандай тапсырма берілді? Астана туралы өлең жаттау. ІІІ. Жаңа сабақ. - Балалар, қазір мен сендерге түрлі қиындылар таратамын. - Кім «Бәйтерек» тобы болса, сол І топ, ал кімде «Нұр Астана» олар екінші топ болады. Әрқайсысын топ болып, жылдам өз орындарына отырыңдар. Ой қозғау. Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнін тыңдату. - Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар? - Ия. Себебі, алдымызда еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік күні келе жатыр. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі. - Олай болса, біздің бүгінгі ашық сабағымыз Астана қаласының құрметіне арналмақ. - Балалар, Астана дегенде естеріңе алдымен не түседі? - Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.
Сөздікпен жұмыс: Тұрғын – житель Ғимарат – здание Қасиетті – священный (қадірлі) Орталық – центр (центральный) Ұлт өкілдері – представители нации
(Жаңа сөздерді түсіндіру, оларды пайдаланып сөйлемдер құрау ) Топтарға тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтінді оқу, аудару Астана. Астана- Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Бұрынғы атауы – Ақмола. Қазір Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада түрлі ғимараттар салынып жатыр. Астана – әдемі қала. Онда Үкімет үйі, Парламент үйі, мемлекеттік мұражай, «Конгресс холл» және «Салтанат» сарайлары, «Интерконтиненталь» қонақүйі, «Синема сити» кинотеатры, спорт кешендері, саябақтар, Қаржы үйі бар.
Тақтамен жұмыс. 2-тапсырма. Сөйлемді ретімен дұрыс құрап шығыңдар. 1. Ең, әдемі, Қазақстандағы, Астана, қала. 2. Ғимараттардың, елбасының, салынған, бәрі, қолдауымен. 3. Елден, басқа, қонақтар, көп келеді, Астанаға. 4. Астанасы, еліміздің, қала, өсіп, келе жатқан. 5. Университеті, білім, Евразия, береді, жақсы. Сергіту сәтін ұйымдастыру! (Оқушылардың назары тақтада, қимылдарды қайталату) Қызығушылығын ояту. Берілген әріптерден мақал құрастыр.
Жауабы: Мектеп кеме - білім теңіз.
«Ойлы болсаң – озып көр» айдары. Топтарға сұрақтар. «Бәйтерек» тобына: 1. Астанадағы өзенді атаңдар (Есіл ) 2. Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?(Евразия унивеситеті) 3. Астананың бұрынғы атауы қандай?(Ақмола) 4. Президент резиденциясын атаңдар(Ақ Орда) 5. Астана қалай аталады? (Солтүстік астана) 6. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
«Нұр Астана» тобына: 1. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) 2. Жағалауында Астана орналасқан өзен (Есіл) 3. Астананың бойтұмары (Бәйтерек) 4. «Здание» сөзінің қазақшасы (Ғимарат) 5. Мәдени ойын-сауық орталығы (Думан) 6. Астананың бұрынғы атауы (Ақмола) Дәптермен жұмыс. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сөздерге фонетикалық талдау жасау 1. «Бәйтерек» тобына «Ғимарат» сөзі 2. «Нұр Астана» тобына «Орталық» сөзі ІV. Бекіту. Тест тапсырмасы. Сұрақтары. «Бәйтерек» тобына: 1. Астананың бұрынғы атауы ... А.Ақтөбе В. Ақмола С. Ақтау 2. Қай жылы Астана аты берілді? А.1996 ж. В. 1997 ж. С. 1998 ж. 3. Президент резиденциясы ... . А.Ақ Орда В. Көк Орда С. Қызылорда.
«Нұр Астана» тобына 1. Долларға ұқсас үй... . А. Теңге үйі В. Ақша үйі С. Қаржы үйі 2. Астана қалай аталады? А. Оңтүстік Астана В. Солтүстік Астана С. Орталық астана 3. Астанадағы өзен... . А. Нұра В. Есіл С. Сарысу
V. Қорытындылау. - Сонымен балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік? - Қазір сендер алдарындағы қиындыларға бүгінгі тақырып бойынша түйгендеріңді жазасыңдар. (Оқушылар жауабын тыңдау) - - Иә, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала. Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар. Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар. VI. Үйге тапсырма. Астана т VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау VIII. Сабақты аяқтау. - Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқталды! - Сау болыңдар !