kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана- елімізді? ж?регі, т?уелсіздігімізді? тірегі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Астана- елімізді? ж?регі, т?уелсіздігімізді? тірегі.

Т?рбиелік ма?саты:  азатты?, бостанды? жолында к?рескен батырларды, хал?ымызды  ?лемге танытып ж?рген ?айраткерлерді,Егемен елімізді? ?лем таны?ан Елордасы- Астананы ма?тан т?ту сезімдерін ?алыптастырып, отаншылды??а, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке т?рбиелеу.

К?рнекілік:

  1. «Астана- елімні? бас ?аласы»- бейнефильм;

  2. < >

Саба?ты? барысы:

О?ушылар екі топ?а б?лінеді: « Білімпаздар» ж?не « Тап?ырлар» тобы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана- елімізді? ж?регі, т?уелсіздігімізді? тірегі. »

Сабақтың тақырыбы: Астана- еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Тәрбиелік мақсаты: азаттық, бостандық жолында күрескен батырларды, халқымызды әлемге танытып жүрген қайраткерлерді,Егемен еліміздің әлем таныған Елордасы- Астананы мақтан тұту сезімдерін қалыптастырып, отаншылдыққа, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:

  1. «Астана- елімнің бас қаласы»- бейнефильм;

  2. Көрме

Сабақтың барысы:

Оқушылар екі топқа бөлінеді: « Білімпаздар» және « Тапқырлар» тобы.

Кітапханашы сөзі:

Астана ғасырларына әуелі бүгінгі күннің көзімен қарағымыз келді. Алыс тарих-шежіре, шежіре соңы – ұлағат. Көне Қараөткел, Ақмола ғұмырбаянының ақиқатын Арқадағы ардақты Астана баян етсе дегенбіз.

Сол ақиқаттың сыры тым терең-ді. Қария қала , бағзы шаһарды төсіне қондврған ұлы дала сөйлеп бір кетсе, ұзақ та ұзақ жылдардың баянын ағыл да тегіл ақтарар еді.

Еркін де айбынды астана жайлы армандаған, сол жүрек жарды арманына жете алмай кеткен елдер қанша дер еді.

Астаналарға замандар да, заманына жарасқан тұлғалар да ғұмыр бергенін айтар еді.

Астана тәлімі – елінен,елінің тәлімі –ерінен екенін сездіруге асығар еді.

Ғасырлар құпиясына қаңғың келсе, Астананың бүгінгі тағылымынан сусында дер еді.

Ұлы дала ұлағатымен тарихқа ұзақ сапарды Елорда баянынан бастадық.

Елбасы сөзі:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты- толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге барамын.

Ары үшін жанын садаға ететін қазақтай қасиетті халықтың, осы елдегі сан түрлі ұлттың баласының басын қосып басшылығына жүру тұрмақ, қосын тігіп, қосшылығында жүрудің өзі жаныңды тербейтін бақыт емес пе,

Артымда асқар Алатаудай , алып Арқадай, айдынды Атыраудай айналайын Алашым тұрғанда.... қандай қиындықтан қайтармын» ,- деді Елбасы .

І . «Астана- Егеменді еліміздің Елордасы»

Алаштың Ақордалары туралы не білеміз?

Білімпаздар тобына: Орынбор қаласы

Тапқырлар тобына: Қызылорда қаласы

( сұрақ- жауап түрінде жүргізіледі)

ІІ . Астана үшінші мыңжылдықтың қаласы.

Бейнефильм : « Астана- еліміздің жүрегі».

Әдеби монтаж:

1-оқушы:

Босанып бұғауынан бодандықтың,

Лақтырдық көне қосын батпан жүктің.

Көтеріп тәуелсіздік туын биік,

Қол жеткен бақытымды мақтан тұттым.


Басталып тәуелсіздік тоқсан бірден,

Арманға жетті қолым аңсап жүрген.

Ел болып егеменді бекіп іргем,

Есігін бостандықтың ашып кіргем.


Арманын Есім хан мен Қасым ханның,

Нұрсұлтан бірі болды асырғанның.

Басына тәуелсіздік таңы атып,

Қабағы қалың елдің ашылған күн

2- оқушы:

Еңбегі Елбасының халқыма аян,

Қалайша шындықты айтпай жолдан таям.

Көркіне Астанамның көңіл толып,

Шаттықтың шеңберінде қанат жаям.


Елбасы Азат елдің тірегісің,

Соғады ел –жұртына жүрегі шын.

Ел үшін елеңдеуін біледі ішім,

Дамуын алға қарай тілеп ісін.


Арманға қолы жеткен алты алашым,

Сауық кеш шаңырағыңнан тарқамасын.

Ақтаған аманатты Елбасындай,

Нар жүгін азаматтар арқаласын.

3- оқушы:

Астана ескі Ақмола қорған болған,

Шаңырқап шөлдеп шаршап қалған жолдан.

Бұрыңғы Қараөткел деп атаған жер,

Бүгінгі «Астанамыз» алтын ордам.


Арқаның аты әйгілі Ақмоласы,

Ежелгі алты алаштық бақ қаласы.

Бүгін сол Ақмоланың аты өзгеріп,

Атанды Қазақстан – Астанасы.


Алаулап жүрек оты кеудемізде,

Әсерін сездіреді кейде бізге.

Астанам- абат қалам ару сынды,

Көтеріп қуат берді еңсемізге.

ІІІ. Жүргізуші: екі топқа тапсырма: « Кітап- білім бұлағы, білім- өнер шырағы» дегендей Астана қаласында неше кітапхана бар екенін білесіңдер ме?

Оқушы : Астанада кітапхана қорында 1 млн 200 мың кітап, қолжазбасы бар «Отырар», 1 млн 700мың кітап сақтауға мүмкіндігі бар Ұлттық академиялық кітапханалары және 19 орталықтандырылған кітапхана бар.

Жүргізуші: « Дені саудың – тәні де сау», дейді дана халқымыз. Астана- спорт қаласы деп те айтамыз. Осыған қандай дәлел келтірер едіңіздер?

Оқушы : Астанада «Қазақстан», «Алатау» спорт сарайлары, «Достық» спорт комбинаты, «Каспий», «Астана» спорт кешендері, «Тұлпар», «Құлагер» ат спорты кешендері, «Астана» гольф клубы, Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион сынды көптеген спорттық шаралар өткізуге арналған орындар бар.

Несіпбек Айтұлының « Бәйтерек» поэмасынан үзінді оқылады:

Бәйтерек- Астананың төріндегі,

Өресі биіктіктің өмірдегі.

Аялы алақаны Елбасының,

Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.

Самсаған қара орманым – байтақ елім,

Сынға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің.


« Есіл – нұра тел емген, қос өзеннің еркесі,

Сарыарқада сан қала, бағы жанған серкесі.

Бөгенбайдай ұл туып, батыр да болған

Ақмола!

Үмбетейдей жыр туып, ақын да болған

Ақмола!

Саққұлақтай би туып, ақын да болған

Ақмола!

Алыс- жақын бас қосып, ақыл да болған

Ақмола!»


Жүргізуші: Қазір еліміздің жүрегі – Астанада халықаралық дәрежеде өткізілетін кездесулер жиі өткізілді. Арнайы іссапармен Елбасшылары, мәдени және мемлекет қайраткерлері, спорт, өнер саңлақтары жиі келеді. Бізді Елордамызды қазір бүкіл әлем таниды, біледі деп айтуға болады.

Сайыстың қорытындысы шығарылып, топтар марапатталады.


№ 47 мектеп кітапханашысы Оспанова Ғалия Оразбайқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Астана- елімізді? ж?регі, т?уелсіздігімізді? тірегі.

Автор: Оспанова ?алия Оразбай?ызы

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 176065


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства