Просмотр содержимого документа
«Адыраспаннның күнделікті тұрмыста пайдасы»
“М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектебі” МКМ
«Адыраспанның пайдасы»
4 сынып оқушысы Қадамбай Данияр
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Адыраспанның адам өміріндегі маңызын зерттеу.
Адыраспанның халық медицинасындағы емдік қасиеттері туралы мағлұматтар жинау. Адыраспанның пайдасын дәлелдеу.
Гипотезасы:
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Зерттеу бөлімдері:
Адыраспанның тарихы
Адыраспанның түрлері
Адыраспанның қолданылу аясы және адам ағзасына пайдасы
Жұмыстың нәтижесі:
Адыраспан халық медицинасында және
адам өміріне маңызының зор екенін білдім. Адыраспанның
ерекшеліктерін зерттеп, оның емдік қасиеттері туралы
мағлұматтар жинадым.
Адыраспан — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді.
Қызыл адыраспан
Адыраспан көп жылдық өсімдік. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары,бозғылт – сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.
Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде – тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады.
Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.
Адраспанның емдік қасиеті
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді.
Қорытынды
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.