КІРІСПЕ
Кең байтақ Қазақстанның ең тамаша жерұйық өңірі – Жетісу. Табиғат Жер Ана, туған жер атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялаттатын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті болғанына қуанамын. Әсем, сұлу табиғатымыздың аясы өсімдіктер дүниесіне бай. Халық медицинасында емдік мақсатқа қолданылатын, формацевтика өндірісіне дәрі жасауда пайдаланылатын шипалы өсімдікке бай [1].
Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілі ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр. Әбу-Насыр әл- Фараби, Әбу -Әли, Ибн –Сина, Перуни, Әл –Джуржани, т.б. орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Қазақстанда өсетін 600- ге жуық өсімдік түрінін 500-і дәрілік өсімдікке жатады. Соның ішіндегі 40- тан астам түрі Алакөл өңірінде өседі. Мысалы: Адыраспан, Шенгел, Итмұрын, Жолжекен, Сарымсақ, Қырмызыгүл, Өгейшөп, Қалақай, Жалбыз [2].
«Дәрігерде үш қару бар олар: жылы сөз, өсімдік және пышақ» [4].
Бұл қағида осы күнге дейін күшінде. Қытай дәрігері Шин-Жон «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында» деп өте орынды айтқан [5]. Дәрілік өсімдіктерді «Өмір шөбі» деп атайды. Итмұрын раушангүлділер тұқымдасының ішіндегі түрге өте бай туыс, Қазақстанда 21 түрі бар. Итмұрынның бір ерекшелігі - бағалы дәрумендерге бай, жемісі және адам дайындаған дәрі – дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға, күлтелерден дайындалған эфир майы - парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Жұмыстың мақсаты: Көкентау өңірінде өсетін итмұрын өсімдігі түрлерінің өсіп дамуының морфологиялық ерекшеліктерін, таралуын және медицинада пайдалануын зерттеу.
Міндеттері:
1. Итмұрынның алынған түрлерінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
2. Итмұрынның алынған түрлерінің өсу және даму фазаларын зерттеу;
3. Итмұрынның алынған түрлерінің емдік қасиеттерін анықтап, қолдану жолының тиімділігі.
Өзектілігі : «Қазақстан -2050» стратегиясы анықтап берген және Республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі мемлекет үшін Қазақстанның өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар білімді мәдениетті жастар тәрбиелеу негізінде табиғаттың, қоршаған ортаның пайдасы туралы білімдерін тереңдету.
Тәжірибелік маңызы: Алакөл ауданында өсетін итмұрынның түрлерін пайдалану және жинау ұсыныстарын енгізу.
Зерттеу әдістері: Өсімдік объектілерін сипаттау, салыстыру, анықтау және талдау әдістері қолданылды.