Теміртау ?аласыны? № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып м??алімі болып ж?мыс істеудемін. Ма?ан бастауыш сынып о?ушыларымен ж?мыс істеген ?те ?ызы?ты, себебі мені? к??ілімді к?теріп, жанымды жайдары ?ылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Зерттеу жұмыста сүліктің жалпы емдік қасиеті жайлы сипатталады. Оның қалай қолданылуы жайлы мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде, осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Клиника орталығындағы зерттеу жұмысы барысында сүліктің қандай ауруларға ем екендігі анықталды.
Мақсаты
Сүліктің емдік қасиетіне тоқталу. Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы зерттеу. Сүлікпен емдеудің медицина саласында қолданылуы .
Міндеттері
Сүлік сілекейінің адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы дерек көздерін ашу. Сүліктің дене құрылысына, емдеу әдісінің ерекшелігіне тоқталу. Дәрі–дәрмекпен емделмей, табиғи жолмен емделудің маңыздылығы туралы ұғым қалыптастыру.
Өзектілігі
Сүлік салудың адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Халықтық медицинасында сүлік салу, яғни адамның иммундық жүйесіне пайдалы. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттермен тұратын сілекейінде .
Болжамы
Егер адамның сырқаты асқынып кеткен жағдайда жиі сүлік салса, онда адам денсаулығына тигізетін пайдасын білуге болады.
Күтілетін нәтижесі және қорытындысы
Бұл жұмыстың нәтижесінде сүліктің адам денсаулығына пайдасы көп екендігіне көз жеткіздім. Бір қарағанда бұл қатыгездік екені даусыз.
Мазмұны
I. КІРІСПЕ: Сүлік туралы қысқаша мағлұмат.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1. Сүліктің құрылысы мен тіршілігі.
2.2. Сүліктің емдік қасиеті.
2.3. Сүлікпен емдеу тәсілдері.
2.4. Сүлік туралы аңыз.
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
I. Кіріспе
Латын тілінен аударғанда "gerudis" сөзі сүлік дегенді білдіреді. Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Әдетте арнайы дәрігерлер сүлік салудың алғашқы сеансында сүлікті адам денесінің қарын аумағынан бастайды. Герудотерапия кардиологияда, дермотологияда, хирургияда, неврологияда тамаша нәтижелер береді. Сүлік салу күре тамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасына, басқа да ауруларға тиімді ем болып жүр. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекетіне ерекше назар аударады.
II. Негізгі бөлім
2.1.Сүліктің құрылысы мен тіршілігі.
Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтандары да жоқ. Сүліктер – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.
Сүліктер – паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі - әр түрлі су жәндіктері: былқылдақденелілер, бунақденелілердің, дернәсілдері. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышында үш тісті аузы бар. Суда кездескен адамға немесе омыртқалы жануарларға дененің алдыңғы жағындағы сорғышымен жабысады. Қан соратын сүліктің жұтқыншағынан арнаулы бездерден «гирудин» деп аталатын ерекеше зат бөлініп шығады. Көпқылтанды буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде маңызды рөл атқарады.
2.2.Сүліктің емдік қасиеті.
Бұл зат қанды сұйылтады, сондықтан жара аузындағы қан ұйымайды. Халықтық медицинада гирудиннің осы қасиеті пайдаланылады. Сүлікке тамыр бітелгенде, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады. Бар қасиет сүліктің сілекейінде. Сондықтан белгілі бір сырқат түрі асқынған болса, ауру адамның 8 – 10 процедура қабылдағаны дұрыс.
2.3. Сүлікпен емдеу тәсілдері.
Әдетте арнай дәрігерлер сүлік салудың алғашқы сеанысында сүлікті адам денесінің қарын аумағынан бастайды. Өйткені қарын аумағы дәрігердің де, емделуші адамның да көзбен көріп бақылауына өте қолайлы.Сүлік өте кінәмшіл, кірпияз. Сондықтан оның жыландай суық денесінен шошымай, мейлінше еркіне жіберіп, емделуші адам қимылсыз жатуы керек. Қадалатын тұсты, яғни, дененің ауыратын жерін сүлік өзі – ақ іздеп табады.Сүлік қадалған жеріндегі нашар қанды немесе қан аралас керексіз сұйық затты сорып тойғаннан кейін 3 минут пен 30 минуттың аралығында өзі түседі. Сүлікті уақытынан бұрын тартып алып тастауға болмайды. Себебі тістері қалып қоюы мүмкін.
Ағзаға микроп түспес үшін сүлік қадалған жерді арнайы дайындалған залалсыздандырылған дәкемен жауып, байлап қоюы керек. Жара орнынан 2 сағатан 24 сағат аралығында қан ағып тұруы мүмкін. Кей кезде жараның орнында тек көгерген таңба ғана қалады. Бірақ бұл адам үшін қауіпті емес, керісінше бұл сүлік салудың оң әсер ете бастағанының белгісі, яғни, адамның иммундық жүйесі бірден қалпына келе бастайды деген сөз.
Сүлікті адамның кез келген дене бөлігіне сала беруге болады. Сүлікті бас ауруына, тіс, қан қысымы көтерілгенде, денеде ісік пайда болғанда, зат алмасу бұзылғанда, сары су жиналғанда қорықпай – ақ пайдалана беруге болады. Қалай болған күнде де адамға оның ешқандай зияны жоқ.
Әдетте мұндай жағдайда ауыратын дене мүшесіне 2 – 3 немесе 10 сүлікке дейін салады. Егер сырқат асқынып кеткен жағдайда процедураларды, яғни, сүлік салуды жиі жүргізген жөн.
Сүлік салу емін тұрақты қабылдаған адам жылына бір рет осы емдеу тәсілінің білгірі – гирудотерапевтке қаралып, тексерістен өтіп отыруы қажет. Емдеу тәсілінің оң нәтижесін беруі үшін 3 – 4 процестен тұратын қайталау курстарын қабылдап отырған өте пайдалы. Емдеу тәсілін әлденеше рет қабылдағаннан кейін қайталап салғанда сүлік бұрын қадалып жүрген адам денесінен қашқақтап жоламай қойса, жыйырылып тітіркенгендей белгі берсе, ағзаның аурудан құлан таза айыққаны деген белгісі.
Сүлік салудың адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Шығыс медицинасында емшілер сүлікті саналылықпен пайдаланып, ерінбей, қиналмай ем қабылдағаннан кейін тазартып отырады.
2.4.Сүлік туралы аңыз.
Медициналық сүлік ретінде қолданылатын арқасында өрнегі бар сүлік туралы аңыз да бар екен. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап – шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқаннан көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген аңыз бүгінге жеткен екен. Қызық дерек «гирудотерапия» деп аталады.
100%-ға шаққанда .
III. Қорытынды
Қорытындылай келе зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша сүліктің емдік қасиеттерінің мол екендігін және олардың адам ағзасына еш зияны жоқ екенін анықталды . Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде екен.