kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зат есім" (ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сыныпқа арналған қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зат есім" (ашық сабақ)»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

-Оқушылардың зат есім туралы түсініктерін еске түсіре отырып білімдерін тиянақтау;

-Оқушылардың білім-білік дағдыларын арттыру, өз пікірін сенімді айтуға дағдыландыру, ойлауын, сөздік қорларын дамыту;

-Сауатты, ұқыпты жазуға төселдіру,табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер: теңіз жануарларының суреттері, плакат, сызба-кестелер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу, іздену;Сто технологиялары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:5 - жаттығу

ІІІ.Өткенді пысықтап өту:

-Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

-Түбір дегеніміз не?

-Қосымша нешеге бөлінеді?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегеніміз не?

-Туынды сөз дегеніміз не?

-Сөз таптарына нелер жатады?


ІV.Қызығушылығын ояту: «Білгенің артық болмас»

- Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ еліндегі ЗАТ ЕСІМ аралына барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылгөй дана болыпты. Аралдағы адамдары оны – ЗАТ ЕСІМНІҢ данасы деп атапты. Арал адамдарының бәрі сол данадан ақыл – кеңес сұрапты.
Бір күні теңізші теңізде жүзіп келе жатып су бетінде қалықтаған шөлмекті көреді Теңізші бұл не екен деп судан шөлмекті сүзіп алады. Жаңағы шөлмектің ішінен қағазды көреді. Ол әрі қарап, бері қарап не екенін таба алмайды. Сөйтіп, ол бір аралға кез болады. Ол жерде Зат есім деген ақылгөй данаға келіп: -Мен бір нәрсе тауып алдым. Оның жартысы көрінбей тұр. Бұл не болды екен? Маған осыны табуға көмектесіңіз? – дейді. Сонда ақылгөй дана оны былай деп жұмбақтапты: Ойжұмбақ. – Ол ... аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерде де жүреді, ... ата-әжелеріңнің қолында да болуы мүмкін, ол – партаның үстінде де жатуы мүмкін, оны жеуге де болады, ол – барлық адамда болады.
- Кәне, балалар, біз де ойланып көрейік. Мүмкін, сендер тез табарсындар. Бұл не болды екен?


- Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты. Кәне, ойланайық ... не жасауға
болады?
- Пайда болған заттардың атын жазайық: бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек, т.б.?
- Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – не?
- Парталар, орындықтар, дәптерлер, кітаптар деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – нелер?
- Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?
- Кім, кімдер?
- Олай болса кім, кімдер?, не, нелер? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз? – зат есім.
- Сонымен, Зат есім туралы ойымызды жинақтайық.
Ассоциация құру: (сызбаға түсіру).

-Мына суреттер қандай сұрақтарға жауап береді?


Зат есім дегеніміз-заттың құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

-Балалар, бүгін біз Білім теңізіне саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шықпас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен » танысамыз.
- өз пікірін ашық айту;
- жолдасын зейін қойып тыңдау;
- бірін-бірі бағалау;
- топ мүддесін жоғары санау;
- топта тыныштық сақтау;
- белсенді қатысу.

-Саяхаттауға дайынбыз ба?

-Ендеше барлығымыз белсенділік танытып Білім аралына жетейік.

-Барлығымыз кемеге орналасып, алдағы кездескен тапсырмаларды бірлесіп орындайық.

-Алдымыздан үлкен кедергі тап болды.

-Бұл не балалар? (Сегізаяқ)

-Дұрыс айтасыңдар, бұл сегіз аяқ.

Сегіз аяқ - теңіздің жауынгер тұрғыны. Дене пішіні зымыранға ұқсайтын олар ең жүйрік жүзгіштер, олардың кейбіреулері жылдамдығын сағатына 55 км дейін арттыра алады. Олар Әлемдік теңіз, мұхиттардың барлық қойнауларын мекендейді, терең су астындағы түрлері де аз емес. Олардың бадырайған көздері түнекте де көре алады, біренше оңдаған көздері жүзбеқанаттарында орналасқан. Олар балықты және тіпті дельфиндерді де қорек етеді екен.

1-тапсырма: Сегіз аяқтың тапсырмасын орындайық!

Сөзжұмбақ шешу:

1.Жылқының ішек-майы? (Қазы)

2.Үскiнiң көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзедi,

Теп-тегiс түз ендi (Тарақ)

3. Гүлдерi бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркiм ұмтылған,

Киiм киер оңтайлы.   (Мата)


4. Кішкене ұлым бар,

Кірген-шыққан сүйеді. Кесе
5. Сәбиге сәндi үй,
Әжеге ән-күй.   (Бесiк)

6.Кереуеттің тұсына ілген,
Айнымайды түсі гүлден.
Үйдің ішін жайнатады.
Қадірін тек кісі білген. – (кілем

7.

Жүреді мұхиттарда,
Балық деме.
Жаны бар,
Сияқты бір алып ( кеме.)

-Қандай сөз пайда болды?

-Зат есім деген сөз пайда болады.

-Бұл не балалар? (Кит)

-Дұрыс айтасыңдар, бұл кит.

Киттер – әлемдегі ең ірі сүтқоректілер. Денесінің ұзындығы 1,1-33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді. Киттердің есту мүшесі жақсы дамыған. Қорегін тұтастай жұтады. Оның 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде, кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған. Киттің тыныс алатын танау тесігі төбесінде орналасқан. Ол тек тыныс алу-шығару кезінде ғана ашылады. Табиғатта 30 – 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.

2-тапсырма: Киттің тапсырмасы:

Мәтінді оқы.

Қарғаның су ішкісі келді. Қорада су құйылған құмыра тұр еді. Құмырадағы су орта болатын. Қарғаның суға тұмсығы жетпеді.

Ол енді тұмсығымен құмыраға ұсақ тастар тастай бастады. Бір кезде су көтеріліп, ішуге жарады.

Л.Толстой

Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой.Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр. Мәтінді зат есімдерсіз түсінуге бола ма? Зат есімдерді теріп жаз.

Зат есім: қарға,құмыра, тастар, су.


V.Сергіту сәті:

-Айнаш балапандарға жем берді. Дулат балтамен отын жарды.Атам қансонарда аңға шықты. Ағам шелекпен су әкелді.


-Балалар біз тағы да бір кедергіге тап болдық!

-Бұл не болды екен?

Су мысығы-нағыз су жануары. Себебі ол суда демалып, суда қоректеніп, суда ұйықтайды.Оның денесі сүйірлеу және жұмыр, терісі қылшық жүнді болып келеді. Артқы аяқтары балықтың аяқтары тәрізді.Оның еті, майы , терісі үшін көп ауланып, азайып кетті. Қазір аулауға тыйым салынған.

3-тапсырма: Су мысығының тапсырмасы:

Сөздер тобына тағы үш сөзден қосып жазыңдар.

Адамдар: Кім? нағашы, ақын, ата, әке, бала.

Өсімдіктер: Не? түймедағы, итмұрын, мия, лалагүл, раушан.

Құстар: Не? бүркіт, қарға, торғай, аққу, қарлығаш.

Балықтар: Не?жайын,көксерке, алабұға, шортан, шабақ.

Аңдар: Не? жолбарыс, қасқыр, аю, түлкі, сілеусін.

Еңбек құралдары: Не? егеу, балға, балта, күрек, шеге.

Көлік:Не? трамвай, автобус, тралейбус, поезд.

-Балалар адамға тез үйреніп кететін пішіні акулаға ұқсас бұл қандай теңіз жануары? (Дельфин)

Ең әдемі, ең ақылды балық – дельфиндер.Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді.  Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар. Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады.  Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді. Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады.  Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады. Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин даусын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады. 
4-тапсырма: Дельфиннің тапсырмасы:

Өлеңді оқы. Зат есімдерді теріп жаз. Оларды қандай белгісі бойынша екі топқа бөліп жазар едің?

Балабақта

Бағында бұл балалардың

Іні,

Әпке,

Аға бар.

Ойыншықтар бар онда:

Машина,

Арба,

Шана бар.

Жазатұғын тақта бар,

Кісінейтін ат та бар,

Үйретеді тақпақ та,

Жаңылыспай жаттап ал.

С.Оспанов

Туыстар: іні, әпке, аға;

Ойыншықтар: машина, арба, шана;

-Ең жыртқыш су жануары бұл не балалар?(Акула)

Ең алғашқы акулалар осыдан 400 миллион жыл бұрын пайда болған. Ол кезде динозаврлар да болмаған деген дерек бар.
Олардың 40-45 тісі бар. Жанында алмастыру үшін тағы бірнешеуі тұрады екен. Тістері түсіп, немесе сынып қалған жағдайда қайтадан қалыпқа келтіру үшін акулаға небары бір күн жеткілікті. Олар өз өмірінде отыз тіске дейін алмастыра алады. Бірақ жаңа тістері ескісінен үлкендеу болады. Сондықтан бұл жыртқыштар қорқынышты көрінеді.
«Акула» деген сөзді ағылшын тілінде ең алғаш рет 1569 жылы қолданған. Ал оған дейін ағылшын балықшылары мен теңізшілері оны «теңіз қасқыры» деп атаған.
Олар шабуыл жасамастан бұрын міндетті түрде ескертпе белгілерін береді. Мысалы: су бетіне арқасын шығарады және басын көтереді.
Жылына 100 миллионнан астам акула өлтіріледі. Оның тістерін түрлі зергерлік бұйымдарға, бауырын бетке жағатын иіс май жасауға, ал жүзбеқанаттарын жоғарыда айтқанымыздай сорпа әзірлеуге қолданады екен.

-Келесі кедергі үстінде мәңгі тас арқалап жүретін теңіз жануары? (Тасбақа)

-Дұрыс айтасыңдар бұл тасбақа.

Тасбақаның қазіргі кезде 250 түрі бар. Олар өсімдікпен қоректенеді. Тасбақалар өмір бойы өсуін тоқтатпайды. Олар ұзақ өмір сүреді 100 жылға дейін я болмаса одан да көп өмір сүреді. Сауытын айырбастау дегенді білмейді.

5-тапсырма: Тасбақаның тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр және зат есімнің астын сыз:

Айжан кеше дүкеннен ... сатып алды. Апай оқушыларға ... сабағынан берді. Менің ... - әлемдегі ең жақсы адам! Мен кеше әкеммен ... бардым.

Керекті сөздер: сағыз, киноға, анам, музыка.

-Міне балалар, Білім аралына да келіп жеттік! Барлығымыз белсенділік танытып, тапсырмаларды жақсы орындадық.

ІV. Бекіту: Семантикалық карта

Атауы

Жапырақтар

Балық

ҒарышкерОқушылар Күн

Дәрігер Жұлдыздар

Кім?





Не?





Кімдер?





Нелер?





VII.Қортынды:

-Балалар, бүгінгі саяхат сабағымыз ұнады ма?

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Зат есім дегеніміз не?

-Сұрақтары қандай?

-Бүгін біз әр түрлі тапсырмалар орындау барысында  зат есім туралы білетін білімімізді  толық ашып, дәлелдедік. Келесі сабақта осы тақырыппен әрі қарай тағы да жұмыс жасаймыз.

-Ал енді сабақты жетік меңгерген болсаңдар бас бармақ смайлингі арқылы, ал егер дұрыс меңгермесеңдер бармақтың төмен қарап тұрғаны арқылы бүгінгі сабақты бағалаңдар!

VIII.Бағалау: «Теңіз жұлдызы» теңіз жұлдызын беру арқылы қызыл жұлдыз -өте жақсы қатысқан оқушыға, сары жұлдыз- сыпайы, тыныш қатысқан оқушыға бірін-бірі бағалату.

Үй тапсырмасы:5-жаттығу.

-Ертегі құрастыру “Зат есім елі”


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Зат есім" (ашық сабақ)

Автор: Мухаева Зауре Мендихановна

Дата: 08.04.2017

Номер свидетельства: 407715

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Зат есім (Аша? саба?)"
    ["seo_title"] => string(18) "zatiesimashaksabak"
    ["file_id"] => string(6) "296130"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455910217"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Зат есім ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(21) "zat_iesim_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "362338"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480011160"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Зат есім  ашы? саба?  2-сынып"
    ["seo_title"] => string(29) "zat-iesim-ashyk-sabak-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "299585"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456561538"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Зат есім \ашық сабақ жоспары\"
    ["seo_title"] => string(30) "zat_iesim_ashyk_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "428233"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505441947"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Сын есім (ашы? саба?) "
    ["seo_title"] => string(21) "syn-iesim-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "156955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421510273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства